Главная » Файлы » Мои файлы

Кесірткелер отряды
[ Скачать с сервера (1.04 Mb) · Скачать удаленно () ] 02.12.2014, 23:21
КІРІСПЕ
Кесірткелер, олардын, көпшілігінің, денесі сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесінен айқын бөлінген. Аяқтары бар, ал кейбір түрлерінде аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар.
Аяқсыз кесірткелер (Anniellidae) – қабыршақтылар отряды, кесірткелер отряд тармағының тұқымдасы. Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Денесімен салыстырғанда аяқсыз кесiрткенiң құйрығы пропорционалды ұзынырақ болады, жыланға қарағанда шамамен олардың ортақ ұзындығынан үштен екi бөлігін алып жатыр. Аяқсыз кесіртке - әр түрлi климаттық белдеулердегі әлем елдерiн көпшiлiгiнде мекендейдi. Ол өмiр сүрмейтiн жалғыз континентпен- бұл Антарктида.
Тұқымдасқа 2 түр кіреді. Мексика мен АҚШ-та кездеседі. Олар – Калифорния аяқсыз кесірткесі, Джероним аяқсыз кесірткесі. Ал Қазақстанда таралған аяқсыз кесірткенің екі түрі белгілі: сарыбауыр және ұршықсап. Сары бауыр кесiртке - iрi кесіртке, тек қана кеселден кішірек. Дене ұзындығы метрге жете алады және де дене құйрық едәуiр ұзындау - елу бес сантиметрлерге дейiн. Ұршықсап кесірткелер - кесірткелер тұқымдасы. Дене ұзындығы 1,2 м дейін. Қозғалмалы қабақтары жақсы дамыған. 7 туысы - 60-тай түрі белгілі. Көпшілігі Орталық Америкада таралған.
Жыландардан аяқсыз кесірткелердің екі түрлі өзгешелігі бар. Біріншіден, оларда көкірек қуысы болады, екіншіден, аяқ белдеуі сақталған. Жоғарғы жақ сүйектері ми сауытына қозғалмайтындай болып бекіген. Сонымен қатар олардың қозғалмалы қабақтары және дабыл жарғақтары болады. Аяқсыз кесiрткелер және жыландардың арасындағы басты айырмашылық жылан жағын қолақпандай олжаны жұту үшін аша алады. Ал кесiрткелердiң жақтары бекiтілген.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Аяқсыз кесірткелердің биологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Аяқсыз кесірткелерің мекен ету ортасын анықтау.
2. Аяқсыз кесірткелердің классификациясын талдау.
3. Жыландар мен аяқсыз кесірткелердің айырмашылықтарын зерттеу.
Зерттеу обьектісі: аяқсыз кесіртке және жылан.
Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру, болжамдау.

Систематикалық орны:

• Патшалық: Жануарлар
• Тип: Хоралылар – Chordata
• Тип тармағы: Бассүйектілер – Craniata
• Класс: Бауырымен жорғалаушылар Reptilia
• Отряд: Қабыршақтар – Squamata
• Отряд асты: Кесірткелер – Saurіa
• Тұқымдас: Аяқсыз кесіртке Anniellidae
• Түр: Калифорния аяқсыз кесiртке Anniella pulchra
• Түрасты: Anniella pulchra pulchr
Anniella pulchra nigra
• Түр: Джеронимдық аяқсыз кесірткесі
Anniella geronimensis
• Түр: Ұршықсап кесірткесі – Anguidae
• Түрасты: Anguis fragilis colchicus
Anguis fragilis fragilis
• Түр: Сарыбауыр кесiрткесi
Pseudopus apodus

I Аяқсыз кесірткелердің биологиялық ерекшеліктері
1.1 Қабыршақтылар отряды
Қабыршақтылар (Squamata) – бауырымен жорғалаушылар класының бір отряды. Бұлар жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді). Қабыршақтылардың 6600-дей түрі белгілі, олар 3 отряд тармағына (кесіртке, жылан және амфисбендер) бірігеді.
Амфисбендер (Amphisbeania) – кесірткелерге жақын жануарлар. Бұлардың 23 туысқа бірігетін 140 түрі бар, негізінен, Оңтүстік және Орта Америкада, Батыс Азияда тіршілік етеді. Қабыршақтылардың дене пішіні әр түрлі мүйізді қабыршақтармен және қалқандармен жабылған. Олардың астында сүйек қатпарлары орналасады. Басының самай сүйегі дамымай қалған (редукцияланған). Үстіңгі жақтың шаршы сүйегі бас сүйек қабымен қозғалмалы түрде байланысқан [3].
Қозғалмалы қабақ кесірткелерге тән, ал жыландардың қабақтары мөлдір, олар бір-бірімен бірігіп кеткен. Аталықтарында көбею мүшелері жұп болады. Қабыршақтылардың жұмыртқаларының жұмсақ жарғақ тәрізді қабығы болады. Қабыршақтылардың биоценоздағы рөлі зор, ал жыланнан зиянды жәндіктер мен ұсақ жануарларды жеп пайда келтіреді, уынан дәрілік препараттар алынады.
Оның өкілдері - құбылғылар (хамелеондар), жыландар, кесірткелер. Құбылғылардың денесі екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа, құйрығы ұзын. Құйрығы ағаш бұтақтарын орап ұстауға бейімделген. Аяқтарында ұзын бес саусақтары болады. Қорегін ұшы жалпақ ұзын тілін аузынан лақтырып жіберіп үстайды. Үлкен екі көзі біріне-бірі байланыссыз қозғала алады. Денесінің түсі тез өзгеретіндіктен, бұлар құбылғылар деп аталған. Африка мен Мадагаскар аралында кеңінен таралған. Ағаш басында тіршілік етеді. Бунақденелілермен, солардың дернәсілдерімен қоректенеді. Көпшілігі жұмыртқа салып, көбейеді Жорғалаушылардың 6 000-нан астам түрі тікелей осы отрядқа жатады. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Қазақстанда жылан мен кесірткелердің түрлері көбірек таралған.
Жылан - мүшелдік жыл санауға кірген 6-жыл. Жылан қабырғаларының төменгі ұшы бүлшықеттердің арасында бос жатады. Сондықтан денесін ирелеңдетіп, тез қозғала алады. Жыланның бас бөлігіндегі көптеген сүйектер бірімен-бірі қозғалмалы байланысқандықтан, ірі қоректерді оңай жұтады.
Қазақстанда кездесетін жыландардың 19 түрінің төрт түрі улы жыландар. Оған кәдімгі және дала сұржыландары, қалқантұмсық және қара-жылан жатады. Улы жыландар қорегін улы тістері арқылы бөлінетін удың көмегімен үстайды. Жыланның улы бездері үстіңгі жақсүйекте, көздің артқы жағында орналасады. Жылан ұшы екі айыр тілі арқылы айналасын сипап сезеді. Жыланның уы мөлдір, сарғыш түсті, иісі болмайды. Сұржыланның уы көбіне қанға әсер етеді де, қан жасушалары, қан тамырлары зақымданады. Кейбір улы жыландардың (кеңалқым - кобра) уы адамның жүйке жүйесіне әсер етеді. Сондықтан адам есінен танып, сандырақтайды, қорқыныш, үрей туындайды. Сұржыланның жонын бойлай орналасқан ирелеңдеген қара жолағы болады. Қалқантүмсықтың басындағы қалқандары ірі. Көзі мен танау тесігінің ортасында ойыс шұңқыры болады. Қалқантұмсық ойыс шұңқыры арқылы айналадағы температураның өзгерісін сезеді. Қазақстанның оңтүстік аумағында кеңінен таралған. Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі - оқжылан. Оның денесі жіңішке, басы шағын, көзі үлкен. Өте жылдам қозғалуына байланысты оқжылан деп аталған. Оның ұсақ улы тістері аузының түбіне таман орналасқан. Оқжылан қорегін аңдып аулайды және көлденеңінен тістеп ұстайды.
Кесіртке (Saurіa) – қабыршақтылардың бір отряд тармағы. Қазба қалдықтары триас кезеңінен сақталған, жыландардың арғы тегі болып саналады. Кесіртке Жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде 20 тұқымдасқа, 350 туысқа бірігетін 4000-нан астам түрі бар.
Қазақстанда 6 тұқымдасы (жармасқы, ешкіемер, кесел, ұршықсап, жабысқақ, кәдімгі кесіртке), 13 туысы, 30 түрі кең таралған. Кәдімгі кесіртке тұқымдасының республикамызда 2 туысы бар:
• кесіртке (Lacerta), оған тән белгі – құрсағындағы қабыршақтар ұзынынан қатарласа орналасқан. Танау тесігінің қалқаны жоғары көтерілмеген. Маңдай қалқанында ұзын, терең ойысы болмайды;
• кесірт (Eremіas), олардың құрсақ қабыршағы қиғаш қатпарласып орналасқан. Танау тесігі жоғары көтеріңкі келеді, маңдай қалқанында ұзынша ойысы болады.
Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.
Бұлардың Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Мысалы, секіргіш кесіртке (Lacerta agіlіs, тұрқы 12 см-дей) республиканың солтүстік бөлігінде, Алтай, Сауыр, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатай, Күнгей Алатауында; тірі туатын кесіртке (Lacerta vіvіpara, тұрқы 7,5 см-дей) Батыс Қазақстан, Ақмола облысында, Алтайда; жүгіргіш кесірт (Eremіas velox, тұрқы 8,5 см-дей) мен орташа кесірт (Eremіas іntermedіa, тұрқы 7 см-дей) республиканың оңтүстік аймақтарында; жолақты кесірт (Eremіas scrіpta, тұрқы 6 см-дей) Каспий маңындағы құмнан бастап, Алакөлге дейін; торлы кесірт (Eremіas grammіca, тұрқы 10 см-дей) Арал теңізінен Алакөлге дейін таралған [4].
Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа, бұтаға өрмелей алады, құмға батып кететін түрлері де бар (бат-бат кесіртке). Галапагос игуанасы мұхит жиегіне жақын жердегі суда кездеседі. Денесі жалпақ, қысқа не ұзынша келеді. Денесінің тұрқы 3,5 см-ден 4 м-ге (қ. Кесел) жетеді. Тері қабыршағының пішіні, құрылысы, үлкендігі әркелкі, оның түрлік жіктелімге бөлгенде үлкен мәні бар. Аяғы кейбір түрінде өте жақсы жетілген, кейбіреуінде редукцияға ұшыраған (тек қалдығы қалған). Тісі бірқырлы кейде көпқырлы болады. Тілінің құрылысы да әр түрлі. Мысалы, жармасқы мен ешкіемерде – жалпақ, қалың етті; кеселде – ұзын, ұшы екіге айрылған; хамелеонда – өте ұзын, түп жағына қарай жуандайды. Көздерінің қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып бұрынғы қалпына келеді. Жұп копулятивті органдар (жыныстық мүшелер) болады. Кесірткелердің көпшілігі жұмыртқалайды. Ұсақ түрлері 1 – 2, орташалары 8 – 20, ірілері оннан астам жұмыртқа салады. Кесірткелердің арасында жемін күндіз де, түнде де аулайтын түрлері бар. Түрлі жәндіктер мен олардың дернәсілдерімен, өрмекшілер, моллюскілер, құрттармен, ұсақ кемірушілермен, құстар және олардың жұмыртқасымен, бақа, жыландармен, аздаған түрі өсімдіктің жұмсақ бөліктерімен, жемісімен және тұқымымен қоректенеді. Кесірткелер – ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктерді жеп, негізінен, пайда келтіретін жануарлар, бірақ Кесірткелердің арасында денелерінде жәндіктердің, кененің қансорғыш түрлері тіршілік етіп, адамға, жануарларға, малға қауіпті ауру қоздырғыштарын тарататын түрлері де бар. Кесірткелердің терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Кейбір түрлері улы келеді. Кесірткелер көп ауланған, олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, 36 түрі мен түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына», ал республикадағы 3 түрі (жұмырбас шұбар кесіртке, Зайсан жұмырбас кесірткесі және кесел) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген [16].

1.2 Аяқсыз кесірткелердің биологиялық ерекшеліктері
Кесірткелер, олардың көпшілігінің денесі сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесінен айқын бөлінген. Алдыңғы және артқы аяқтары бір қалыпты дамыған, бірақ формасы түрліше болады.
Аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар. Аяқсыз кесірткелер жыландарға ұқсайды. Жыландардан аяқсыз кесірткелердің екі түрлі өзгешелігі бар. Біріншіден, оларда көкірек қуысы болады, екіншіден, аяқ белдеуі сақталған. Жоғарғы жақ сүйектері ми сауытына қозғалмайтындай болып бекіген. Сонымен қатар олардың қозғалмалы қабақтары және дабыл жарғақтары болады. Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Құйрықтың үзілген бөлімі аз уақыт өткесін қайтадан қалыптасады, бірақ оның скелеті сүйектенбейді. Кесірткелердің көптеген түрлері тропик жақтарды мекендейді. Кейбір түрлері полярлық шеңберге дейін таралған.
Аяқсыз кесірткелер (Anniellidae) – қабыршақтылар отряды, кесірткелер отряд тармағының тұқымдасы. Anniella – тұқымдас кесірткелердің екі түрі белгілі. Мексикада және АҚШ мекендейді. Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан [1].
Аяқсыз кесірткелердің омыртқа жотасын екі бөлімге – кеуде және құйрыққа бөлуге болады.Омыртқалары процельды типті. Омыртқаның көлденең және бүйір өсінділерінің беті тегіс, оған қабырғаның басы қозғалмалы болып бекиді. Аяқсыз кесірткенің алдыңғы және артқы аяқтары, сол сияқты олардың белдеулері толықтай жойылған.
Көру мүшесі ауа ортасымен қатар, топырақтың астына да бейімделген. Көзі аз қозғалмалы үстіңгі қабақпен және біршама қозғалмалы астыңғы қабақпен қорғалған. Бұдан басқа көздің алдыңғы қиылысында жылпылдақ жарғақша, немесе үшінші қабақ орналасқан. Аяяқсыз кесірткелердің екі қабағы бірігіп мөлдір қабақ түзейді.
Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, жұтқыншаққа - өңешке – қалың бұлшықетті қарынға – аш ішекке – тоқ ішекке – тік ішекке жалғасады. Ащы ішектің сілемей қабығының бүрлері аяқсыз кесірткелерді көпқатарлы эпителиймен жабылған.
Барлық аяқсыз кесірткелердің тістері бiрдей бос, үлкен конустәрізді және шамалы артқа қарай иілген, жақтарының iшкi өлкесiне бекiнген. Сонымен бiрге таңдайда тiстер, таға түрiнде орналасқан, кейбір бауырмен жорғалаушылар сияқты. Тiлі ауыздың терiсiне төменгi бетiмен бекінген, сондықтан тілін сыртқа қарай шығара алмайды. Сыртқы мұрын саңылаулары ол бас немесе алдыңғы аяқтың орнында жан-жағында орналасқан, iшкi мұрын саңылаулары таңдайларда болады.
Веретеницев аяқсыз кесiрткелер әлпеттес, дегенмен онда сыртқы акустикалық саңылаулары болмайды, қабыршақпен сүйек пластиналары нашар дамыған. Аяқтары толық болмайды. Көздер кiшкентай жылжымалы қабақтары болады. Самай доғаларды болмайды.
Аяқсыз кесiрткелердiң уақыты көбiнесе топырақтарда өткiзедi және топырақ бетіне сирек шығады. Олар күрек тәрiздi ұлғаймалы басы және толқын тәрiздi дене қозғалыстарының көмегiмен құмның астында жүретін жол салады және топырақты қазады. Көктемде наурыздың ортасы және сәуірдің басында, ал солтүстікте мамыр айының бірінші жартысында көбейеді. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Ұрықтың дамуына 3 ай кетеді, жас ұршықсаптар шілде-тамыз айларында пайда болады. Аналық ұршықсап 5 тен 26 дейін (көбіне 12) ұрпақ алып келеді, олардың ұзындықтары 38-50 мм құйрықтарын қоспағанда. Ұршықсаптың жыныстық жетілуі 3 жыл шамасында өтеді. 30-35 жыл Өмір сүрген ұршықсап кесірткесі белгілі [10].
Аяқсыз кесiрткелер жұмыртқалай туатын және аналық аяқсыз кесіртке бiр туғанда бiрден төртке дейін төлдер шығара алады. Жыныстық есею үш жыл шамасында жүреді. Олар жұмыртқа басатындар қатарына жатады, бұл демек, жұмыртқаларын басып шығару мақсатында бөлiп қояды, сонымен бiрге олардың өлшемi ересек түрінде 10 дюйм, ал ең iрi кесiрткелердің жұмыртқалары 50 сантиметрге жетуі мүмкін.
Аяқсыз кесiрткелердiң өмірінің сүруі ұзақтау. Данияда еркіндікте жүрген сынғақ ұршықсап 54 жылдан артық өмiр сүргені белгiлi. Альфред Брэм еркіндiкте өмір сүрген сарыбауыр кесiрткесі туралы былай жазады: «Егер ұсталған сарыбауыр кесiрткесін бөлмеге өз еркiнше сайрандауға жiберсе, онда ол құрт-құмырсқаларға және өрмекшiлерге аулайды, тiптi олар печ құбырларында жүрген тарақандарды іздеп тауып алады».
Аяқсыз кесіртке - әр түрлi климаттық белдеулердегі әлем елдерiн көпшiлiгiнде мекендейдi. Ол өмiр сүрмейтiн жалғыз континент – бұл Антарктида. Олар шөлде, саваннада және ормандарда тұра алады, тышкандар, құстар, шыбын-шiркейлер және өрмекшiлердiң жұмыртқаларымен қоректенеді. Сонымен қатар, аяқсыз кесірткелер, басқа майда кесiрткелерді және жыландарды қорек етеді. Көбiнесе жуынқұрттармен, жер бетiндегi моллюскалармен, көп аяқты есек құрттармен, құрт-құмырсқалармен және олардың личинкаларымен қоректенедi. Аяқсыз кесiрткелердің қорегі шыбын-шiркейлерден және басқада.
Аяқсыз кесiрткелер әдетте жерлерде өмiр сүредi және қысқы ұйықы үшiн табиғи қоқыстарда көмiлгенді жөн көреді. Олар өзін қоршап жатқан гулдермен, сары, қызыл, қоңыр, сұр және ақ түсті гулдермен бірге селбесіп өмір сүре береді [7].
Қыстауға қыркүйектiң екiншi жартысында кетеді, кейде он шақтылар бiрге жиналып қыстайды. Ағаштардың түбiнде, тастардың астында қыстап шығады.
Кесiрткелердiң көзі жыландардың көзінен қабақтары арқылы ерекшеленеді. Олардың, жыландардан айырмашылығы, жыпылықтайды. Ол адамдардың жақындағанынан қорқпайды, сондықтан да бақшаларда және жүзiмдiктерде жиi кездесіп жатады. Әр түрлi жер бетiндегi бунақденелермен, негiзгi құрт-құмырсқалармен, кейде өсiмдiктіде қорек қылады.
1.3 Аяқсыз кесірткелердің классификациясы
Аяқсыз кесірткелер (Anniellidae) – қабыршақтылар отряды, кесірткелер отряд тармағының тұқымдасы. Тұқымдасқа 2 түр кіреді. Мексика мен АҚШ-та кездеседі.
Түрлері:
1. Калифорния аяқсыз кесірткесі (Anniella pulchra)
2. Джероним аяқсыз кесірткесі (Anniella geronimensis)
Калифорниялық аяқсыз кесiртке (Anniella pulchra латынша) - аяқсыз кесiрткелер тұқымдасының түрi. Аяқсыз кесiрткелердің денесiнің ұзыннындығы 25 см дейiн жетедi. Денесiнiң жоғарғы жағының бояуы сұрлау немесе қызыл-қоңыр (Anniella pulchra nigra түр тармағында - қарақошқыл немесе қара) үш қара ұзына бойына сызықтарымен, әсiресе жас түрлерінде анық байқалады, денесінің төменгi тарапы сары түсті. Басы қара. [2]
Тынық мұхиттының Калифорния жағалауынан Солтүстiктегi Сан-францискоға дейiн жайылған.
Көбiнесе жыртқыш өмiр сүреді. Топырақ және сирек ксерофил өсiмдiктерiмен қурап қалған бөлiмшелерде жүргенді қалайды, бiрақ жартастардыңда арасында да кездесе алады.
Жерде жатқан ағаштың дiңгектерiнің қуысында және тастардың астын тасалайды. Шұбалшан тәрізді құмды 10-15 см тереңдікте қазып жүре береді.
Әр түрлi топырақтағы құрт-құмырсқалар және олардың личинкаларымен, өрмекшi және бунақденелермен қоректенедi.
Сонымен бiрге, құмның бетінен олжасын аулайды және оларды иiсi бойынша табады, олар құмнан басын қылтыңдата жылдам шығарып қореегін ұстап алуға қабiлеттi өте жоғары. Барлық жыртқыш кесірткелер сияқты, аяқсыз кесірткеде жұмыртқалай тірідей туумен ерекшеленеді. Жаздың аяғында немесе күздің басында аналық аяқсыз кесірткесі 1-4 ірі төлдерді, ұзындығы 4,5-5 см болатын, туады.
Екi түрасты тармағы бар:
1. Anniella pulchra pulchra – түрдің атымен аттас, бұл түрасты көп таралған.
2. Anniella pulchra nigra - қара аяқсыз кесiртке, қара түске боялуымен ерекшеленеді, Монтеррей аралында және Калифорнияның жапсарлас жатқан аудандарында кездеседi.
Anniella pulchra nigraдiң түр тармағының саны азаюда, себебі олардың мекен еткен жерлерiнiң қиратылуда. Онда қорғалатын түрлердi Калифорния штатында және МСОП қызып кiтапқа енгізілген.
Джеронимдық аяқсыз кесiртке (Anniella geronimensis латынша) - аяқсыз кесiрткелер тұқымдасының түрi. Калифорнияның батыс жиегi және кейбiр таяудағы Аралдарға мекендейдi. Калифорния жағалауында орналасқан Сан- Джеронимо аралының құрметіне байланысты аталған [2].
Сарыбауыр немесе сарлан – аяқсыз жылан тәрізді кесіртке, ұзындығы 1- 2 м, сүйір тұмсықты үлкен басы екі бүйірі шамалы қысылған денесінен айқын бөлініп тұрады. Жыланнан айырмашылығы қасы болады және көзін жыпылықтата алады. Денесін сарғыш қоңыр немесе сарғыш сұр түсті ромбаға ұқсас қабыршықтар жапқан.
Сарыбауыр кесiрткесi (ол да аяқсыз кесiртке) веретеницыға қарағанда ұзынырақ: 1 м 20см. Жыланға әлiде қайда көбiрек ұқсас. Қырымды оңтүстiк, Кавказ, Орта Азия - бұл жерде ол төмпешiк, жаралар, тау етектерiндегi өзендердiң жазықтықтарында, баурайларында, бақшаларында жиi кездеседі. Сары бауыр кесiрткесі баяу және икемсiз жылжиды, алайда бұталар және ағаштарда жақсы өрмелейді. Үсті оның қоңыр құба, ал асты – сарғылт немесе қызғылт түсті. Сары бауыр кесiрткесі өз ұрпақтарына қамқорлық танытады, туған төлдерін тамақтандырады [12].
Сары бауыр кесiртке - iрi кесіртке, тек қана кеселден кішірек. Дене ұзындығы метрге жете алады және де дене құйрық едәуiр ұзындау - елу бес сантиметрлерге дейiн.
Көн тәрiздi бүйiр әжiмдер, қозғалмалы қабақтары арқылы тек қана сары бауыр кесiрткісіне тән, сол арқылы жыланнан оңай айыруға болады. Қабырғалары қабыршақтан тұрады мүйiздi сүйектің үстiнде орналасқан. Ол ұстағанда қатты, денесі кедiр-бұдырлы және тығыз қабыршақпен қапталған.
Орыс атауы оның денесінің бояуына байланысты айтылған, бірақ оны саңырауқұр деп те атайды. Алайда ол өз туыстарынан артық естімесе кем естімейді. Ересек сары бауыр кесiрткелер қоңыр - қошқыл, сарығыш боялған немесе қызылдау - қалампыр түсті. Ал, жас сары бауыр кесірткесі басқаша көрiнеді: дене және құйрықтың фоны сары-бозға ирек жолақтардың көлденең қатарлары көрiнген. Оларды басында кескіндері болады. Мұндай кескін – жас сары бауыр кесiрткелердің өсімдіктер арасында оңай жасыруына көмектеседі [17].
Бұл аяқсыз кесiртке Қазақстанның оңтүстiгінде өмір сүреді, бiрқалыпты ылғалдықпен тау етегiндегi жазызықтықтар және өзен аңғарларында мекендегенді ұнатады.
Сары бауыр кесiртке онша иiлгiш емес, жылан және көптеген кесiрткелермен салыстырғанда. Ол сирек денесін иеді және бүкіл денесін жылдам бүге алмайды.
Иілген жағдайда дем алады. Ол, сыңғақ ұршықсап сияқты, өзіне тән бұранда тәрiздi денесін қимылдата алады, әр түрлі оқыс жағдайлар кезінде.
Осылай, шеңберлi қозғалыстардың қолдануы арқылы жауынан босануға тырысады, жиырма шақты орам жасай бірін ішке қарай, бірін сыртқа қарай орамдалады. Кесірткені ұстап қалу үшін бырталай күш керек. Жауы қуған кезде қатты жылдамдықпен жылжитыны соншалықты, ініне қалай кіргенін, байқай алмайсын.
Оңтүстік Қазақстанда тау өзендері аңғарларында теңіз, деңгейі 2000 метр биіктікке дейін мекендейді. Күндіз белсенді кеміргіш індеріне, тас, ағаш тамыры астына тығылады. Жәндіктермен, әсіресе ірі қоңыздармен қоректенеді, ұсақ кесіртке, кеміргіш, ұядағы жұмыртқа және балапандарды да жейді. Аналығы маусымның соңында пана жерде 8-10 ұзыншақ жұмыртқасын салады. Бір айдан кейін ұзындығы 10 см кішкентай кесірткелер шығады. Жылына 6-7 ай белсенді. Сарыбауыр – зиянсыз бауырымен жорғалаушы, бау-бақшалардағы зиянкестерді жеп, пайда келтіреді. Егер қолға түссе, шағайын деп ойламайды, тек босанып шығу үшін жылан сияқты бүкіл денесімен қатты бұралаңдайды. Қазір бұл сирек кездесетін кесіртке Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Санының кемуіне жер жырту, шөп шабу, малдың шектен тыс жайылуы және жол салу елеулі әсер етеді [15].
Ұршықсап кесірткелер (лат. Anguidae) - кесірткелер тұқымдасы. Кейбіреулерінде кесірткелерге тән дамыған қолаяқтары бар - ал біреулері аяқсыз - денесі жылантәрізді. Дене ұзындығы 1,2 м дейін. Тілі қыска - екі айыр. Қозғалмалы қабақтары жақсы дамыған. 7 туысы - 60-тай түрі белгілі. Көпшілігі Орталық Америкада таралған. 2 туысы: жіпшелілер - (Anguis) - бір түрімен сыңғыш жіпшелі - (А. fragilis) - және тасты жабындысы бар жіпшелі 7 түрімен Еуразия мен Солтүстік Америкада кездеседі. Күрылыкта - жиі казбалы түрде тіршілік етеді. ТМД-да сарықарын және сыңғыш жыланды аяқсыз жіпшелі түрлері кездеседі - (денесінің ұзындығы 60 см дейін -былқылдақденелілер - жауын құрттарымеен - жәндіктермен - қоректенеді; жұмыртқа тірідей туады) [5].
Бұл – аяқсыз кесіртке. Ұршықсаптың ұзындығы 50 сантиметор, соның ішінде 30 сантиеторы денесінің ұзындығы. Аталықтарының құйрығы аналықтарына қарағанда ұзынырақ. Аталықтарының денесі түрлі түсті болып келеді.
Европада және батыс Азияда көптеп таралған. Орташа өмір сүру ұзақтығы 9-12 жыл.
Бұл түрдің екі түрасты бар:
• Anguis fragilis colchicus
• Anguis fragilis fragilis
«Ұршықсап» деп ұршықтың сабына ұқсағандықтан атап кеткен. Сынғақ ұршықсап деген атау оның құйрығын үзіп тастауына байланысты аталған.
Сынғақ ұршықсап - аяқсыз кесiртке. Еуропалық Ресей ормандарында және Кавказда кең таралған. Оны көрген адамдар жез жыланға ұқсатып, қорқып қашады немесе қырып-жоюға дайын тұрады. Аяқсыз кесіртке де, жез жыланда адамға еш зияны жоқ және ол усыз болып келеді. Ұршықсап жылдам жылжымайды (жыланға ұқсағанына қарамастан), адамдардан қорғану мақсатында өзінің аяқсыз денесін майыстырады және бұлаңдатады. Ұршықсап - кішірек келген кесiртке (ұзындығы бір метрдің төрттен бірін құрайды), сұр немесе қара-қошқыл , көгiлдiр немесе қара дақтары тек аталықтарында кездеседі [4].
Үндi аяқсыз кесiртке – Sepsophis – кесiрткелерге тек шығыс Индия ормандарда мекендейдi. 2007 жылда табылған болатын, оны Ориссан штатында мамандар далалық практикада жургенде тапқан.
Он сегіз сантиметрлік кесіртке жыланға қатты ұқсайды, олның денесі қабыршақпен қапталған. Ол оқшау салқын орындарда, жұмсақ жерде және тастардың астында өмiр сүру оған өте қолайлы.Бұл түр басқа ешқайда жерде кездеспейдi; оның ең жақын бауырластары Шриланкада және Оңтүстiк Африкаларда мекендейдi [1].
Sepsophisтiң тегiнiң басқа өкiлi 1870жылы Голкон белесіндегі Андхра Прадешінде ашылған болатын. Түр Sepsohis punctatusтiң атауын алды.

Тәжірибелік бөлім
2.1 Аяқсыз кесіртке мен жыландардың айырмашылығы
Жұмыстың мақсаты: Аяқсыз кесірткелердің жыланнан айырмашылықтарын анықтау.
Қажетті құрал жабдықтар: аяқсыз кесіртке мен жыланнын жасалған ылғалды препараттар, ноутбук, аяқсыз кесірткенің және жыланның фото-суреттері, интернет көздері.
Зерттеу нысаны: аяқсыз кесіртке және жылан
Зерттеу орны: Биология (лаборотория) кабинетті
Зерттеу әдісі: салыстыру, бақылау, болжамдау, сою әдісі
Міндеттері:
1. Аяқсыз кесіртке мен жыланның сыртқы құрылысындағы айырмашылықтарды анықтау.
2. Жылан мен аяқсыз кесірткелердің ішкі құрылысындағы айырмашылықтарды сою әдісі арқылы зерттеу
1 – жұмыс. Аяқсыз кесіртке мен жыланның сыртқы құрылысындағы айырмашылықтарды анықтау. Олардың айырмашылықтарын анықтаыуда фото-суреттер, видеолар, әдебиеттер, ылғалды препараттар қолдану керек. Екеуін қатар қойып салыстыру қажет.
Аяқсыз кесiрткелер және жыландардың арасындағы айырмашылықтар – ол аяқсыз кесiрткелердiң жылжитын қабақтары және қасы болады, жарғақ немесе құлақтың саңылаулар жыландарда болмайды, денесін бұрандатуында ерекшеліктерді анықтады.
2 – жұмыс. Жылан мен аяқсыз кесірткелердің ішкі құрылысындағы айырмашылықтарды сою әдісі арқылы зерттеу. 1) Кесірткені және жыланды балауызы бар ваннаға арқасымен қояды. 2) Қайшымен құрсақ бөлімінен клоака тесігінен иегіне дейін кесінді жасау. 3) Құрсақ қабырғасының артқы бөлігінің ортаңғы сызығы бойында құрсақ венасы көрінеді. Пинцетпен құрсақ қабырғасын дененің шамамен ортасынан тартып, оны кесіп, кесілген жерге қайшының өтпейтін жағын кіргізіп, үнемі оны дене қабырғасынан көтере отырып, кесіндіні алға қарай жағына дейін жеткізу. 4) Ішкә мүшелерінің жалпы орналасуымен танысу.
Кесіртені және жыланды ваннаға орналастырып, құрсақ қуысынан кесінді жасадым. Дене қабырғасын көтере отырып алға қарай кесінді жүргізіп отырдым. Ішкі құрылысындағы басты ерекшеліктері кесірткенің астынғы жағы мен үстінгі жағы бекітілген, ал жыландарды олар ажыратылған. Аяқсыз кесірткелердің жыландардарға қарағанда ішкі мүшелері қатты болып келеді.
Жыланды кесiртке Ophisaurus тұқымдасына жатады, сонымен бiрге аяқсыз кесiртке деген атпен белгілі. Сырттай қарағанда оларды жиi жылан деп есептегеніменде, олар мүлдем iс жүзiнде жылан емес. Біқатар, жыландармен және аяқсыз кесiрткелердiң арасындағы айырмашылықтар көп болады.
Кесiрткелер мен жыландардың мiнезіндегі айырмашылық.
Жабайы табиғатта рептилияларға бақылауда, аяқсыз кесiрткелердiң ерекшелiктерi туралы есте сақтаңыз, кәдімгі жыландардан айырмашылықтарын жете білуіміз керек. Егер ол жыланды еске салса, бiрақ көздерін жыпылықтатса, немесе онда құлақтың саңылаулары болса, онда бұл аяяқсыз кесiртке.
Аяқсыз кесiрткелер және жыландардың арасындағы оңай танылатын айырмашылықтардың бiрі – ол аяқсыз кесiрткелердiң жылжитын қабақтары және қасы болады. Жыландарда көздері бірігіп кеткен мөлдір қабықпен қапталған. Сонымен бiрге онда жарғақ, немесе құлақтың саңылаулар бар. Аяқсыз кесiрткелердің беті жыланға қарағанда сыналырақ болады. Жыландарда сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сыртқы құрақ тесігімен дауылпаз жарғағы жоқ. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді.

Жыландардың тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Ал аяқсыз кесірткенің тiлі ауыздың терiсiнің төменгi бетiне бекінген, сондықтан тілін сырқа қарай шығара алмайды, ұшы айырланбаған. Барлық аяқсыз кесірткелердің тістері бiрдей бос, үлкен конустәрізді және шамалы артқа қарай иілген, жақтарының iшкi өлкесiне бекiнген. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді.

Аяқсыз кесiрткелер және жыландардың арасындағы басты айырмашылық жылан жағын қолақпандай олжаны жұту үшін аша алады. Ал кесiрткелердiң жақтары бекiтілген. Бұл жыландарға қарағанда қоректерінің көлемі кішірек болтындығын көрсетеді. Аяқсыз кесірткелер басқа майда кесiрткелерді және жыландарды, көбiнесе жуынқұрттармен, жер бетiндегi моллюскалармен, көп аяқты есек құрттармен, сонымен бiрге құрт-құмырсқалармен және олардың личинкаларымен, шыбын-шiркейлермен және басқада омыртқасыздармен қоректенеді. Адамға еш зияны жоқ, улы емес. Тек қана жануар тектес заттармен қоректенеді. Жыландар ұсақ насекомдар мен кемірушілерден бастап, бұғының бұзауына дейінгі әр түрлі организмдермен қоректенеді. Жыландар тышқантәрізділермен, бақалармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Жануарларды сескендіріп барып, тез шабуыл жасап, ұстайды. Бұған қосымша улы жылан адамды тек қана мазалағанда шағатынын айтуға болады.

Сонымен бiрге бұл екi рептилиялардың қозғалыстарынада айырмашылықтары болады. Жыландар iштi және iш бұлшық еттерін дербес орын ауыстыруда, қосымша ретiнде бүйiр бұлшықеттерін де пайдаланады. Аяқсыз кесiртке дербес орын ауыстыру үшiн тек қана бүйiр бұлшық еттердi қолданады. Олар қозғалу үшiн денесін алға қарай итеруі керек, сондықтан олар жазық жерлерде абдырап қалады. Бұдан басқа, аяқсыз кесiрткенiң органдары жыландарға қарағанда анағұрлым қаттырақ. Денесімен салыстырғанда аяқсыз кесiрткенiң құйрығы пропорционалды ұзынырақ болады, жыланға қарағанда шамамен олардың ортақ ұзындығынан үштен екi бөлігін алып жатыр. Сонымен бiрге кесiрткелерде сүйек пластиналары болады, олар құйрықтарын бүгуіне мүмкiндiк бермейді.




ҚОРЫТЫНДЫ
Аяқсыз кесіртке, бауырмен жорғалаушылардың ішіндегі ең аз таралған тұқымдасы. Аяқсыз кесiрткелердiң уақыты көбiнесе топырақтарда өткiзедi және топырақ бетіне сирек шығады. Жемтігін топырақтың астында табжылмай кутіп, келген кезде иісі арқылы сезеді де қорегіне шабуыл жасайды. Аяқсыз кесірткелер басқа майда кесiрткелерді және жыландарды, көбiнесе жуынқұрттармен, жер бетiндегi моллюскалармен, көп аяқты есек құрттармен, сонымен бiрге құрт-құмырсқалармен және олардың личинкаларымен, басқада омыртқасыздармен қоректенеді.
Аяқсыз кесіртке көбінесе тропикалық белдеулерде кездеседі. Қазақстанда аяқсыз кесірткелердің тек екі түрі ғана мекен етеді. Олар ұршықсап кесірткесі мен сарыбауыр кесiрткесi. Соның ішіндегі Сарыбауыр кесірткесі - бұл сирек кездесетін кесіртке, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Ұршықсап– дене ұзындығы 1,2 м жететін шапшаң қозғалатын кесіртке. Оның денесінің пішініне байланысты «ұршықсап» деп атап кеткен. Ұршықсап кесірткесінің аталығының түсі аналығына қарағанда түрлі түсті, сұр немесе қара-қошқыл , көгiлдiр немесе қара дақтары тек аталықтарында кездеседі. Сарыбауыр кесірткесі – ең ірі аяқсыз кесірткелер қатарына жатады. Халық арасында саңырауқұр деген атпен таралған. Сарыбауыр кесірткесі аяқсыз кесірткелер ішіндегі ең тез қозғалаиын түрі. Денесін сарғыш қоңыр немесе сарғыш сұр түсті ромбаға ұқсас қабыршықтар жапқан.
Жыландар мен аяқсыз кесірткелер бір қарағанда ұқсас болып келеді. Бірақ жақсылап қарасан, айырмашылықтарын оңай байқауға болады. Аяқсыз кесірткелердің, жыландарға қарағанда, қозғалмалы қабақтарын жыпылықтатады және көзінің үстінгі жағында қастарын анық байқауымызға болады. Жыландар үлкен көлемдегі қоректерін бүтіндей жұта алады, ал аяқсыз кесірткенің екі жағы бір-бірімен бірігіп кеткен.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Жизнь животных» 7-ми том , Гл. редактор , Соколов. Т., 1989
2. «Земноводные и пресмыкающиеся». А. Г. Банников, И. С. Даревский, М. Н. Денисова и др., 1995
3. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет.
4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.
5. Даревский И. С., Орлов Н. Л. «Редкие и исчезающие животные».
6. «Земноводные и пресмыкающиеся»: Справ. пособие. — М.: Высш. шк., 1988.
7. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының редакциясы, басшылары Академик М.Қ.Қаратаев 1998 жыл, 10 томдық.
8. «Животный мир» Башкортостана под редакцией М. Г. Баянова и профессора Е. В. Кучерова Уфа, "КИТАП" 1995.
9. Банников А. Г., Даревский И. С., Ищенко В. Г., Рустамов А. К., Щербак Н. Н. Определитель земноводных и пресмыкающихся фауны СССР. М., 1977.
10. Берман Д. И., Кузьмин С. Л., Ищенко В. Г. Зимовка Сибирский углозуб: «Экология, поведение, охрана». М., 1995.
11. Гаранин В. И. Земноводные и пресмыкающиеся Волго-Камского края. М., 1953.
12. Круликовский Л. К. Краткий очерк фауны Вятской губернии «Памятная книжка и календарь на 1909 год». Вятка, 1908.
13. Кузьмин С. Л. Ареал Сибирский углозуб: «Зоогеография, систематика, морфология». М., 1994.
14. Кузьмин С. Л. «Земноводные бывшего СССР». М., 1999.
15. Плесский П. В. Пресмыкающиеся/Природа Кировской области. Киров, 1960.
16. Соловьев А. Н. Живой ровесник мамонта «о находках сибирского углозуба в Кировской области» По родному краю. Киров, 1992.
17. Соловьев А. Н. Земноводные. Пресмыкающиеся «Энцикл. земли вятской». Киров, 1997. Т. 7. Природа.
18. http://old.mypet.by/breeds/others.php?vid=7&kind=Желтопузик&article=0
19. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.

ҚОСЫМШАЛАР
Категория: Мои файлы | Добавил: гулшатик | Теги: материал
Просмотров: 9763 | Загрузок: 749 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 3
3 kkulsumakova  
Зерттеу жұмысы сәтті ұйымдастырылған.Тақырып ауқымы кең.Ұстазға сәттілік!

2 Шарайна  
Кесірткелер қазіргі таңдағы жойылып бара жатқан,Қызыл кітапқа тіркелген жануар.Кесірткелер басқа жануарлардан өзіндік ерекшелігі бар жануар.

1 Айнам  
Кесірткелер отряды жойылып бара жатқан түрлер.Осындай түрлерді сақтап қалу жұмыстары жалғасуда.Сондыктан осындай сабактарды коптеп откизу керек.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]