Главная » Файлы » Мои файлы

Менің педагогикалық ұстанымым
[ Скачать с сервера (15.8 Kb) ] 17.05.2015, 21:13
[size=14][color=green]Осындайда «Ұстаз-ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын. Бүгінгі әлемде білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайлары мінезімен, тіпті сырт
пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты əсер етеді.
Мəлік Ғабдуллин
Жаһандану заманында ұлттық бəсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – сапалы білім
деңгейімен өлшенетіні айдан анық. Осыған орай əлемдік білім кеңістігіне кіріп,білім беру
жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мəселе болып табылады.
Аталмыш мəселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін
ұстайтын ұрпақ тəрбиелейді.
Сапалы білім, саналы тəрбие беру нағыз ұстаздардың ғана қолынан келеді. Ұстаз -
ұлы есім. Ұстаздықтың қадірін жете түсінген туған елдің төл перзенті, талантты педагог
Спандияр Көбеев: «Мен ең ірі тұлға əрі ардақты əрі жауапты жəне жаңа тұрпатты халық
мұғалімі болғаныма зор қуаныш етемін» деген сөздерімен-ақ ұстаздықтың құдіреттілігін
айқындап бергендей. Ал, алаштың ардақты азаматы М.Жұмабаев: «Қазақтың қаны бір, жаны
бір жолбасшысы - мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дəуірінде баға беру үшін, алты
алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі» деген екен. Шындығында да,
ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ол - егемен елдің болашағын тəрбиелеуші, бала болмысына өзгеріс
енгізуші, ата-ананың сенімді көмекшісі, ғылымға жаңалық енгізуші. Ұрпақ тəрбиесі – ұстазға
байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей, өнегелі ұстаздан жақсы
шəкірт шығатыны сөзсіз.
Заманауи ұстаз - баланы жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тəлім-тəрбие
өнегесінің бастаушысы, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы тұлға. Сонымен
ол бала өмірінде өте маңызды рөл атқарады, өйткені ол – шəкірт үшін айна сияқты. Ұстазы
жақсының ұстанымы жақсы.». «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»Н.Ә. Назарбаев.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының еліміз үшін маңызы айрықша. Өйткені, елдік құжатта қоғамға, адамға деген мемлекеттің қамқорлығы сезіледі. Аталған стратегиялық жоспар – мәңгілік еліміздің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі білім беру жүйелері мен білім беру мазмұны жаңару жолында. Оның басты себептері әлемдік өркениетке ілесе отырып, елімізді бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу идеясы болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін оның әр азаматы өзіне «қандай үлес қоса аламын?» деген сауалқойып, үдесінен шыға алуы керек. Мұғалім - әрбір адам өміріндегі ең маңызды тұлға. Ұлы Абай айтқандай: «Адамның адамшылығы ең алдымен жақсы ұстаздан!», жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындата отырып, жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі зор екендігі сөзсіз. Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында.
Ұрпақ тәрбиесі дегеніміз келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу.Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді адам. Тек жақсы, білімді мұғалімнің арқасында ғана әрбір оқушы жоғарыдан көрініп, білім ала алады.Ұрпақ тәрбиелеу ісінде ұлағатты ұстаздық жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Мұғалім балаларға білім беріп қана қоймай, өмірге дұрыс жолдама беріп, бағыт-бағдар көрсетеді.
Мұғалім болу үшін - талап болу керек. Қай адамның балалармен жұмыс істеуге қабілеті бар - сол адам ғана мұғалім деген атаққа ие бола алады. «Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата - анаға бала қадірлі» дегендей болашақ ұрпақты тәрбиелеу мұғалімдер қауымнан терең білім мен үлкен шеберлікті талап етеді. Мұғалім еңбегі адамзат қызметінің өте маңызды да күрделі түрі екені даусыз, ол жүрек жылуы мен күш-жігерді, тіпті уақытпен санаспай еңбек етуді қажет етеді. Күнделікті қызметінде жас ұрпақ бойына сапалы білім, саналы тәрбие сіңіріп, рухани байлықты, ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіруге бар күш-жігерін жұмсайды. Ең алдымен ұстаз өзінің ісімен, өзінің сөзімен тәуелсіз еліміздің болашағын ойлайтын, Отан беріктігін қорғайтын білімді ұрпақ тәрбиелейді.
Ұлы адамдар ұстаздар туралы
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім».
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Мұғалім маған бәрінен де қымбат, өйткені, ол – мектептің жүрегі».
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі». Орыстың көрнекті педагогы К.Д. Ушинский: «Мұғалім – зор тұлға. Ол күннің құдыретті сәулесі сияқты». Қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы: «Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз».

«Ел есінде бір жыл қалғын келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол-ұстаздық. «Ел есінде бір жыл қалғын келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол-ұстаздық.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаны
Категория: Мои файлы | Добавил: Бибигул | Теги: СБ. Каzakhstan
Просмотров: 2195 | Загрузок: 58 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]