Главная » Файлы » Мои презентации |
Үшбұрыш және оның түрлері
[ Скачать с сервера (452.6 Kb) ] | 09.02.2015, 20:49 |
Сабақтың мақсаты : • Білімділік : Оқушылардың үшбұрыштар тарауынан алған білімдерін тиянақтап, пысықтау . Үшбұрыштар туралы анықтамалар, теоремаларды, қасиеттерін есептер шығару кезінде пайдалана білуге алған білімдерін тереңдету. • Дамытушылық : Оқушылардың математикалық білімдерін байыту; логикалық ойлау , танымдық ізденістерін , шығармашылық қабілеттерін дамыту. Пәннің нақтылығына көз жеткізу. • Тәрбиелік : Бір –бірін тыңдау арқылы өзгенің пікірімен санаса білуге; өз бетінше еңбек етуге , жауапкершілікті сезінуге ; білім алуда бәсекелестікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі : білім мен дағдыны тиянақтау, жүйелеу сабағы Сабақ әдісі : СТО әдістері , практикалық, сұрақ – жауап Сабақтың көрнекілігі : Слайдтар, семантикалық карта, сәйкестендіру, тапсырмалар жазылған топшамалар; Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі (2мин) Оқушыларды түгелдеу , сабаққа ынтасын аудару; Сабақтың мақсатымен таныстырып, нұсқау беру. Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер! 2. Үй тапсырмасын тексеру. (Постер қорғау 10мин) Оқушылар «Достық», «Тәуелсіздік», «Жәңгір хан» атты үш топқа бөлініп, әр топ өз тапсырмаларын алып, портер қорғайды. «Достық» тобы теңбүйірлі үшбұрыш; «Тәуелсіздік» тобы теңқабырғалы үшбұрыш; «Жәңгір хан» тобы қабырғалары әртүрлі үшбұрыш туралы білгендерін ортаға салып, олардың қасиеттеін, суретін, үшбұрыштың биссектрисасын, медианасын және биіктігін жүргізеді. 4. «Есептеу – білімді еселеу» А-деңгейі 1) Үшбұрыштың қабырғалары 4см, 5см, 6см тең. Үшбұрыштың Р табыңыз. Р=15см 2) Теңбүйірлі үшбұрыштың Р=25см тең. Бүйір қабырғалары 7см тең. Үшбұрыштың табанын табыңыздар. Табаны 11см 3) Теңқабырғалы үшбұрыштың Р=24см тең. Үшбұрыштың әр қабырғасын табыңыздар. Әр қабырғасы 8 см В-деңгейі 1) Теңбүйірлі үшбұрыштың Р=15см тең. Ал бүйір қабырғалары табанына қарағанда 2 есе артық. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңыз. 2) Теңбүйірлі үшбұрыштың Р=28см тең. Ал бүйір қабырғалары табанына қарағанда 3 есе артық. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңыз. 3) Тікбұрышты үшбұрыштың Р=18см тең. Гипотенузасы 8см тең. Ал катеттерінің бірі екіншісінен 2см-ге артық. Катеттерінің ұзындықтарын табыңыз. 1)Бер: АВС-теңбүйірлі Р=15см; АВ=2x см ВС=2х см АС=х см Т/К: АВ, ВС, АС-? Шешуі: Р=а+в+с 2)Бер: АВС-теңбүйірлі Р=28см; АВ=3x см ВС=3х см АС=х см Т/К: АВ, ВС, АС-? Шешуі: Р=а+в+с 3)Бер: АВС-тікбұрышты Р=18см; АВ=8 см ВС=х см АС=х+2 см Т/К: АВ, ВС, АС-? Шешуі: Р=а+в+с С-деңгейі 1) АВС үшбұрышының ВД-мединасы 2см тең. Ал ВД-мединасы АС-табанының жартысына тең. АВ=3см тең. ВС қабырғасы АВ қабырғасынан 1см-ге артық. АВС үшбұрышының периметрін табыңыз? 2) С-төбесінен ВСД үшбұрышына СЕ – биіктігі түсірілген және ВД қабырғасына СК – медианасы жүргізілген. КСЕ және ВСЕ өзара тең болады. ВД=10см. ВК, КЕ, ЕД қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар. 1)Бер: АВС- кез келген ВД=2см, медиана АД=ДС АВ=3см ВС=1см артық Т/К: Р -? Шешуі: Р=а+в+с 2)Бер: ВСД- кез келген СЕ- биіктік СК-медиана КСК= ВСЕ ВД=10см Т/К: ВК, КЕ, ЕД -? Шешуі: 5. Тренинг «Адам есімінің түстері» Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін жандар Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт жандар Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар Тікбұрышты үшбұрыш – мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар Әр түрлі қабырғалы үшбұрыш – құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар Теңбүйірлі үшбұрыш - әрқашан әділдікті қолдайтын жандар Теңқабырғалы үшбұрыш – сыпайы болуға ұмтылатын жандар 6. «Дайындықсыз жеңіс жоқ» (қосымша топшамалар әр топқа) 8. Тест тапсырмалары 1.Үшбұрыш қабырғаларына қарай неше түрге бөлінеді? А) 4 В) 3 С) 2 2.Тікбұрышты үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш болуы мүмкін бе? А) иә В) жоқ 3.Үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, ол қандай үшбұрыш? А) тікбұрышты В) теңбүйірлі С) теңқабырғалы 4. Үшбұрыштың бір бұрышы тік болса, ол қандай үшбұрыш? А) тікбұрышты В) теңбүйірлі С) теңқабырғалы 5.Үшбұрыштың неше медианасы бар? А) 5 В) 3 С) 4 6.Теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 5 см. Оның периметрі неге тең болады? А) 12 см В) 20 см С) 15 см 1) В 2) А 3) В 4) А 5) В 6) С 9. Сабақтың оқушыларға әсерін рефлексия арқылы қорытындылау. Қарт жол жүріп келе жатып, үш адамға жолығады. Олар күннің ыстығына қарамастан шаһар салуға арбамен ауыр тас тасып жатады. Қарт оларды тоқтатып оларға сұрақ қояды: «Сендер күні бойы не істедіңдер?» Сондағы үш адамның жауабы: Біріншісі: «Күні бойы мына түбі түскір тастарды тасыдым». Екіншісі: «Мен адал жұмысымды атқардым». Үшіншісі: «Мен шаһар салуға көмектестім». Балалар! Біз бүгін сабақта қалай жұмыс жасағанымызды бағалап көрейік. Егер сіздерге бүгінгі сабақ ұнаса сұқ саусақтарыңыз көтересіздер. Ал орташа болса, жанына қарай көрсетесіздер. Ал мүлдем ұнамаса төмен қарай көрсетесіздер. Енді өзімізді қалай бағалаймыз? - Кім бірінші адам сияқты жұмыс жасады? - Кім өз жұмысын адал атқарды? - Кім шаһар салуға көмектесті? - Сабақта не ұнады? - Не ұнамады? Ал әр топтың бағалау парақтары арқылы бағаланады. Жеңіске жеткен топ марапатталады. 10. Үй тапсырмасын беру Өтілген барлық теориялық материалдарды қайталау. | |
Просмотров: 2359 | Загрузок: 91 | Комментарии: 3 | |
Всего комментариев: 3 | |
| |