Главная » Файлы » Мой урок

«Арал теңізінің экологиялық жағдайы»
[ Скачать с сервера (212.0 Kb) · Скачать удаленно () ] 01.12.2014, 09:16
Сабақтың ғылымилығы:Арал экологиясы,себептері және алдын-алу шаралары туралы ғылыми зерттеулер,САРАТС жобасы тиімділігі және атқарылу жолдарының талданылуы.
Сабақтың типі:дәстүрлі емес
Сабақтың түрі:пікір сайыс
Қатысатын оқушы саны:12
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлеметсіздер ме,бүгінгі пікірсайысқа қатысушы оқушылар мен қонақтар!Пікірсайысымызды бастамас бұрын өткен сабағымыздың үй тапсырмасын қорытындылап алайық.Үй тапсырмасы:«Қоршаған ортаның экологиясын бақылау» ізденіс жұмыстарын тексеру .
Жаңа сабақ барысы:
Алғы сөз
Бүгінгі пікірсайысымыздың тақырыбы:«Арал теңізінің экологиялық ахуалы»
Оқушылар екі топқа бөлінеді:
«Парасат» тобы «Ақиқат» тобы
Жақтаушы Даттаушы
Алдымен сайысымыздың ережелері мен бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайысымыздың ережесі:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу
2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.
4. Қарма- қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.
Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1. Екі фракцияда үш спикерден болады.
2. Екі фракцияның спикерлері өздерін, (резолюциясын, дефинициясын, критерийін,дәлелдерін) таныстырады.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Негізгі кезең бұнда спикерлер дәлелдемелермен, мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары.
3. Екі фракция бір- біріне сұрақ қояды.

ІІІ. Қорытынды
1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады.
2. Қорытынды.
Мұғалім:Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды.
Әңгімемізге арқау болу үшін біз алдымен «Аралдың кешегісі,бүгінгісі және ертеңгі жағдайы»атты бейнекөрініске кезек берейік.

I. Кіріспе
Мұғалім: Көріністі көріп тамашаладыңыздар. Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік:Таныстыру.
Мұғалім: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді екінші кезеңге көше берсек дейміз.Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен-кезек сөйлейді.
«Парасат» жақтаушы фракциясы тобы сөз кезегі сіздерде.
Біздің резолюциямыз(яғни қарарымыз): «Арал тағдыры-адам тағдыры»
Дефинициямыз (яғни анықтауымыз бойынша): Аралды қорғау-әрбір адамның борышы. Аралды қорғау мәселесін жаңа заман талабына сай көтеру мүмкіндігін арттыру.
Критерийіміз(яғни дұрыс белгісі): Білімдерініңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.
Дәлелдейтін болсақ:
1. Арал мәселесі құнын жоймайтын актуальды мәселе.
Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы. Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүние жүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын. 1960-ыншы жылдары Совет Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең

басты 2 өзен - Сырдария мен Амудариянының суын бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті. Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы – 20-сыншы ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік Арал” болып екіге қақ бөлінді.

Өткен 15 жылда аймақтық және экологиялық іс-шаралар, негізінен, теңіздің одан әрі тартылуын тоқтатуға бағытталды. Орта Азиядағы 5 мемлекеттің әрқайсысы Аралды қалпына келтіру шараларына жыл сайын ұлттық бюджеттерінің 1 пайызына тең қаржы бөліп келді. Ең негізгі демеушілердің қатарында Дүниежүзілік банк пен Азияның даму және қайта құру банкі болды.

Қалпына келтіру жобасының құрамдас бөлігі ретінде Аралдың Қазақстанға қарайтын солтүстік бөлігінің суы деңігейін көтеріп, арнасын кеңейту үшін 13 шақырымдық бөгет салынды. Аралға құятын өзен суын үнемдеу үшін Орта Азия елдері су ресурстарын үнемді пайдалануға ниет білдіре бастады. Қазақстан үкіметі мен Дүниежүзілік банктің өкілдері Аралдың Қазақстанға қарайтын солтүстік бөлігінің қалпына келетін жақсы мүмкіндігі бар деп санайды.

2.Арал өңірінің мәселелерін бүкілхалықтық мәселе етіп,САРАТС жобасын орындалуын қадағалау мен басқарудың тәсілдері.

Әлемде мұхит пен мұхитты қосқан арналар бар, бірақ құрғап қалған теңізді қайта қалпына келтірген жобалар жоқтың қасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған Кіші Аралды сақтап қалудың идеясы САРАТС жобасы соның жарқын мысалы. Жобаның алғашқы кезеңінде теңізді бөліп тұратын 14 шақырым Көкарал бөгеті тұрғызылып, Ақлақ тоспасы салынды. Сырдария өзенінің арнасы реттеліп, Қараөзек, Әйтек тоспалары қайта жаңғыртылды. Кіші Аралдың суы бұрынғы жағалауына жетіп, теңіз акваториясы бес есе ұлғайды. Аймақтың ауа райы жақсарды. Байырғы балық шаруашылығы қайта өркендеді. Қаладан 75 шақырымға қашықтап кеткен теңіз қазір 17 шақырымға жақындады. Теңіз тағдыры Орта Азия мемлекеттеріне ортақ болса да бірде-бір ел мұндай істі қолға алмаған еді.
Аралдың қайта оралуы аймақтағы дәстүрлі балық шаруашылығының қайта жандануына серпін берді. Соның нәтижесінде тұзданған судың көлемі азайды. Бұрын теңізде балықтың екі-ақ түрі болса, қазір 22 түрі бар. Бүгінгі таңда одан

4,5 мың тоннадай балық ауланатын болса, болашақта 30 мың тонна өнім алуға мүмкіндік туды.
Елбасы Аралға сапарында жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға тапсырма берген болатын. Қазіргі таңда САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру қолға алынып, оның 6 компоненті мақұлданды. Жалпы алғанда, екінші кезеңнің іске асырылуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
3.Аралды құтқару маңыздылығы.
Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың
өзгеруі, шөлге айналу,атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралықконференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Мұғалім:Қарсы жақ –даттаушы «Ақиқат» даттаушы тобы кезек сіздерде.
Біздің резалюциямыз( яғни қарарымыз): «Аралды құтқару мүмкіндігінің әлсіздігі.Арал қайта қалпына келмейтін теңіз»
Дефинициямыз(яғни анықтауымыз бойынша): Қазіргі таңда Аралды қайта қалпына келтіру жолындағы жеткіліксіз әрекеттер.Оларды жүйелеу маңыздылығы жоқтығы.
Критерийіміз(яғни дұрыс белгісі):Білімдінің алмас асуы,бағындырмас белесі жоқ.
Дәлелдейтін болсақ:
1.Арал теңізі –құрдымға кеткен,қайта қалпына келтіру мүмкіндігі аз теңіз.
“Енді су - Арал теңізінің солтүстігіндегі Арал портына әлдеқайда жақын келді. Бұрын 100 шақырым қашықтықта болатын. Енді міне, егер мен қателеспесем, су не 15, не 20 шақырымға дейін жақындады. Демек, теңіз орала бастады”.

Бірақ, қанша дегенмен де, теңіздің толық қалпына келе қоюы екіталай. Өзбекстанға қарайтын “Үлкен Арал” әрі қарай тартыла беретін тәрізді, Аралды құтқару жұмыстары, негізінен, оның Қазақстанға қарайтын солтүстік бөлігінде жалғасу үстінде.

Арал – Қазақстан мен Өзбекстанды бөліп тұрса да, теңізді қалпына келтіру жобасының нәтижелі болуы үшін Орта Азияның барлық 5 мемлекетінің де оған атсалысуы маңызды. Орта Азиядағы су көздерінің басым бөлігі Тәжікстан мен Қырғызстанда орналасқан. Осы 2 елдің жерінен бастау алатын өзендердің суымен Өзбекстан мен Түркіменстанның және Қазақстанның егістіктері суарылады және Аралға келіп құяды. Сарапшылардың ортақ пікірінше, су ресурстарын басқару мен аймақтық ынтымақтастықтың “Арал жобасы” үшін өмірлік маңызы зор. Алайда бір-бірін қолдауға келгенде Орта Азия мемлекеттері, көбіне, өзара ортақ тілге келе бермейді. Өзбекстан, мысалға, табиғи газдың бағасы бойынша өзінің көршілерімен көптен бері дауласып келеді. Су ресурстары да Өзбекстан мен Тәжікстанның арасындағы жанжалға түрткі болды. Міне соған қарамастан, дейді “Арал теңізі” жобасының жетекшісі Стоутиесдик, теңіздің тартылуы - барлығына да ортақ проблема екенін 5 елдің түсінетін уақыты келді.
2.Аралды құтқару ұйымдары мен халықаралық бірлестіктердің жұмысының жеткіліксіздігі..
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев,Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды.
Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді.
Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар: Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.
Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді.

3.Аралдың экологиясы әсерінен адамдар қайғылы да қасіретті жағдайларға душар болып отыр.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөлбелдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі.
Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр жәнеонкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес құрамында тыңайтқыштар менгербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран
сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.
Мұғалім: Екі фракция спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарға кезек берсек.
Парасат жақтаушы топ фракциясының ұсынысы:
1. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
2. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;
3. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.
Ақиқат даттаушы топ фракциясының ұсыныстары:
Ұсыныс: Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:
1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімді пайдалану;
2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.

Мұғалім:Ендігі кезең сұрақ-жауап кезеңі.
Парасат тобының сұрағы:Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар туралы айтып өтсеңіз?
Жауап: Ақиқат тобының мүшесі:Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.
Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «
Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов,Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.
Ақиқат тобының сұрағы: Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім туралы ақпарат беріңіздерші?
Жауап:Парасат тобының мүшесі: Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев,Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды.

Сараптама мүшелерінің пікірлері

III.Қорытынды
Мұғалім: АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.
Арал тағдыры-адам тағдыры...Аралды қайта қалпына келтіруге бүкіл ел боп үлес қоссақ–дейміз.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы!
Категория: Мой урок | Добавил: Мұғалім | Теги: Жанназаров, экология
Просмотров: 4419 | Загрузок: 382 | Комментарии: 34 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 341 2 3 4 »
34 sultekenova  
Сабақтарыңыз өте жақсы құрылған!Керемет деңгейде!

33 armanaj2015  
Сабақ әдістемелік түрде құрылған!Ұстазға мың алғыс!

32 zhanarjannazarova  
Сабағыңыз керемет!Сізге шығармашылық табыс тілеймін!

31 sazymbaevtalgat  
Ұстаздың сабағы жүйелі құрастырылған!Шығармашылық табыс тілеймін!

30 dauletovailya  
Сабағыңыз маған ұнады!Сізге шығармашылық табыс тілеймін!

29 cyrykbaeva  
Сабағыңыз маған ұнады!Өте керемет!

28 kalmuratovaaigansha  
Сабағыңыз тамаша деңгейде!Сабақтарыңызды көптеп салыңызшы!Үлкен рахмет!

27 manasovaaigul  
Сабақтың ұйымдастырылуы керемет!Ұстазға шығармашылық табыс тілеймін!

26 shynaraynurturganova  
Сабақ жақсы ұйымдастырылған!Сабақ құрылымы жақсы!Ұстазға алғыс!

25 nurmaganbetova1963  
Сабақтың тақырыбы толықтай ашылған!Тапсырмалары толық,оқушы деңгейіне сай келеді!

1-10 11-20 21-30 31-34
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]