Главная » Файлы » Мой урок

ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
[ Скачать с сервера (17.9 Kb) · Скачать удаленно (janka...96@list) ] 09.10.2017, 02:17
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Апта тақырыбы: «Менің тату отбасым»
Білім беру саласы: «Әлеумет»
ҰОҚ: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Әрбір баланың өз жақын адамдары оның отбасы болатыны жайында түсінік беру.Ата-аналарының аттарын есте бекіту.Тілде сын есімдерді мейірімді,тату етістіктерді қамқорлық жасау,жұмыс істейді,көмектеседі дұрыс қолдана білуді үйрету.
Өз отбасы жайлы әңгімелеу барысында сөздік қорларын дамыту,есте сақтау қабілеттерін арттыру,‹‹г››,‹‹п››,дыбыстарының айтылуын бекіту.
Балаларды үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
Көрнекіліктер:Отбасы бейнеленген суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Билингвистік компонент: ата-дедушка,әже-бабушка,әке-папа,ана-мама,аға-брат,іні-младший брат,әпке-сестра.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Сәлемдесу.
-Балалар,бүгін ауа-райы қандай?
-Жылдың қай мезгілі?
-Далада қар еріп жатыр ма?
-Құстар ұшып келді ме?
Сәлемдеседі.
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырушы
лық-ізденістік Тәрбиеші балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдауын сұрайды.
-Балалар,біз бүгін сендермен тату-тәтті отбасы туралы әңгімелесеміз.
Суретте не бейнеленген?

-Балалар,сендердің отбасыларыңда кімдер бар?
(Жеке-жеке балалардан отбасы мүшелерін сұрау).
-Кім атасы,апасы туралы тақпақ айтып береді? (Аталарының,әжелерінің атын атау,тақпақ айту).
-Сендердің ағаларың немесе апайларың бар ма?
-Саған кім қамқорлық жасайды?
-Сендерді балабақшаға кім алып келіп,кім алып кетеді?
-Аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?
-Кәне,бәріміз қосылыып,өз отбасымызға саусағымызды көрсету арқылы жақсы көретінімізді білдірейік.
Билингвистік компонент:
Ата-дедушка,
Әже-бабушка,
Әке-папа,
Ана-мама,
Аға-брат,
Іні-младший брат,
Әпке-сестра.
Сергіту сәті:
Бас бармағым-әкем,
Балаң үйрек-апам,
Ортан терек-ағам,
Шылдыр шүмек-мен,
Кішкене бөбек-сен.

‹‹Үйде кімдер тұрады?›› дидактикалық ойыны ойнатылады.Үйшіктегі алты терезеге-ата,әже,әке,ана,ұл және қыздың суреттерін жабыстыру ұсынылады.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан отбасы мүшелері туралы сұрау.

-Мына суретте үлкен отбасын көріп тұрмыз.Отбасында атасы,әжесі,әкесі,анасы,әкесі,інісі бар екен.
Олар дастарқан басында шай ішіп отыр.
Әпкесі дастарқанға жеміс-жидек әкеліп,әкесіне ұсынып тұр.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балаларды аталарын,әжелерін атайды.
Олар туралы жақсы сөздер айтады.

Балалар қайталайды:
Ата-дедушка,
Әже-бабушка,
Әке-папа,
Ана-мама,
Аға-брат,
Іні-младший брат,
Әпке-сестра.

Сәйкес қимыл жасайды.
Балалар үйшіктен алты терезеге ата,әже,ана,ұл және қыздың суреттерін жапсырады.
Балалардың жауабы.
Рефлексиялық -түзетушілік
-Балалар,кім отбасы мүшелерін атайды?
-Аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?
Балаларды мадақтау.

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:
Біледі : отбасы туралы әңгіме құрастыруға арналған тапсырманы.
Түсінеді: ойын шарттарын түсінген кезде ғана оның тапсырмасын дұрыс орындай алатындықтарын.
Қолданады: отбасының мүшелерін (ата,әже,әке,ана,т.б.) атап,олар туралы әіггімелей білу іскерліктерін.
Категория: Мой урок | Добавил: janka96 | Теги: Жұмағали Жаңылсын Жұмағалиқызы
Просмотров: 1393 | Загрузок: 546 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]