Главная » Файлы » Мой урок |
Нәтиже сабақ.
[ Скачать с сервера (23.7 Kb) ] | 23.11.2017, 21:40 |
Қазақ тілі пәнінен Lesson Study 6-сынып Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еркибаева Н.О Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптарды қорытындылайды, модуль бойынша алынған ақпараттарды түрлі тапсырмаларды орындау барысында еске түсіреді, жалаң және жайылма сөйлемдер құрайды, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, өз беттерімен жұмыс істейді. Сабақтың міндеттері: - Ынтымақтастық атмосферасын құра отырып өз ойларын еркін айтады, басқалардың ойымен, пікірімен санаса білу дағдыларын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін дамытады. - Практикалық іс-әрекеттер арқылы оқушылар қазақ тілінде сауатты сөйлейді және жазу дағдыларын дамытады. Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта белсенді жұмыс істеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйренеді, меңгерген сөздерді, алынған ақпараттарды қолдануға, сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланады, бір-бірімен диалогтік қатынас құруға үйренеді, сауатты жазу, сөйлеу дағдылары дамытады. Дереккөздер, құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, стикерлер, фломастерлер, бағалау парақтары, бағдаршам түстері. Қолданылған технологиялар: Диалогтік оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, АКТ, оқытудағы көшбасшылық, дарынды және талантты балаларды оқыту, СТО, оқыту үшін және оқуды бағалау. Сабақтың түрі: Бекіту сабағы Сабақтың барысы І. Қызығушылықты ояту кезеңі. 2 мин Ұйымдастыру, сәлемдесу сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. «Шаттық шеңберіне» тұру, бір- біріне жақсы тілектер айтқызу. Екі топқа бөлініп отырады . Бағалау парағы таратылады. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша үй жұмысын тексеру. 1-тапсырма. 175-бет. 7мин Оқушылардың сұрақтары: 1. Үміт неге қызыға қарайды? 2. Тігін машинасы матаның жиегіне нені салып өтеді? 3. Үміт анасына не айтты? 4. Анасы қалай жауап берді? 5. Үміттің апайы қандай тапсырма берді? 6. Үміттің анасы жұмыстан келген соң, нені істеуге келісті? Бағаларыңды қойыңдар. ІІІ. Сабаққа мақсат қойғызу. 2 мин -Балалар, бүгін біз сабақта не істейміз, сабағымыздың мақсаты не болмақ? - Сонымен, балалар біз қандай модульді аяқтадық? - Жақсы, балалар, ендеше біздің бүгінгі сабағымыз қайталауға арналған нәтиже сабақ. - Лексикалық тақырыпты атаңдар. Тағы не үйрендік? Сөздерді үйрендік. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Қазір сөздік диктант жазамыз. 1-тапсырма Жеке жұмыс. Сөздік диктант 5мин Мұғалімді тыңдай отырып, сөздерді жазады, бағалау өлшемдері бойынша бағаларын бағалау парағына қояды. Бос уақыт, таңдау, шебер, жетістік, өсіру, талап, тігін, көйлек, көне, тазалықшы. Балалар, тақтаға қарап тексере қойыңдар. Слайд Бағаларыңды қойыңдар. 2-тапсырма Топтық жұмыс Постер құру. 5мин Топта бірлесе отырып қима қағаздардан постер құрастырады, қорғайды. (Жалаң, жайылма) Бағаларыңды қойыңдар. 3- тапсырма. 10 мин Сурет бойынша 4 сөйлем құрастырады. Сөйлемдері жалаң, жайылма сөйлем болуы керек. Бағаларыңды қойыңдар. 4-тапсырма Жеке жұмыс 3 мин Тест жұмысы: Тақырыпты бекітуге байланысты тест жұмысын орындайды, тексереді, бағалайды. 1. Көсемшені табыңдар А. Бару Б. Келу В. Барып Г. айту 2. Шахмат ойынының тұңғыш шыққан жері А. Үндістан Б. Қытай В. Жапония Г. Ресей 3. Жалаң сөйлем неден тұрады ? А. Бастауыш, баяндауыш, анықтауыш Б. Бастауыш, баяндауыш В. Бастауыш, толықтауыш. 4. Жайылма сөйлем неден тұрады ? А. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден Б. Бастауыш, баяндауыш 5. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі А. жапырақ Б. сабақ В. гүл Г.тамыр Балалар, тақтаға қарап тексере қойыңдар. Слайд Бағаларыңды қойыңдар. ІҮ. Қорытындылау кезеңі. 5- тапсырма. Топтық жұмыс. 5 мин «Топтастыру» стратегиясы бойынша оқушылар «Менің сүйікті заттарым» кластер орындайды. Өтілген тақырыптар мен қосымша тақырыптар жазылған қима қағаздар беріледі, ішінен тек осы модульде өтілген тақырыптарды таңдап іліулері керек. Бағаларыңды қойыңдар. Кері байланыс. Бағдаршам суретіне стикерді іледі. 1 мин Жасыл түс- маған бәрі түсінікті Сары түс-түсініксіз жерлері болды. Қызыл түс- мен түсінбедім. Ү. Бағалау. 2 мин Оқушыларды жалпы ұпай санын санап критерий бойынша бағасын шығарады. ҮІ. Үйге тапсырма: «Менің ермек ісім» тақырыбына эссе жазу. 6-сөйлем көлемінде. 1 мин Қосымша тапсырма: Берілген етістіктерден көсемше формасын жасаңдар. Бару, келу, тігу, үйрету, сату, сөйлеу. Балалар, тақтаға қарап тексере қойыңдар. Слайд Бағаларыңды қойыңдар. Нәтиже сабақ рефлективті есеп. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. 6 –сыныпта 26- сәуір күні «Нәтиже сабақ» тақырыбына Lesson Study сабағын өткіздім. Сабағымның мақсаты: Өткен тақырыптарды қорытындылайды, модуль бойынша алынған ақпараттарды түрлі тапсырмаларды орындау барысында еске түсіреді, жалаң және жайылма сөйлемдер құрайды, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, өз беттерімен жұмыс істейді. Сабақтың міндеттері: - Ынтымақтастық атмосферасын құра отырып өз ойларын еркін айтады, басқалардың ойымен, пікірімен санаса білу дағдыларын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін дамытады. - Практикалық іс-әрекеттер арқылы оқушылар қазақ тілінде сауатты сөйлейді және жазу дағдыларын дамытады. Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта белсенді жұмыс істеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйренеді, меңгерген сөздерді, алынған ақпараттарды қолдануға, сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланады, бір-бірімен диалогтік қатынас құруға үйренеді, сауатты жазу, сөйлеу дағдылары дамытады. Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал туғыздым. Оқушыларды екі топқа отырғыздым. Оқушылармен амандасып, шаттық шеңберіне шақырдым. Оқушылар бір- біріне тамаша тілектер айтты. Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында үйге берілген тапсырманы «Ыстық орындық» әдісі бойынша тексердім. Үйге берілген тапсырма «Кішкентай тігінші» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру болатын. Сұрақ қойып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашып алдым. Бірінші тапсырма модуль бойынша өтілген сөздерді еске түсіру үшін, сөздік диктант өткізсем, екінші тапсырма топта бірлесе отырып қима қағаздардан постер құрастыру және қорғау болды. Келесі кезекте берілген суреттерден қалағанын таңдап, сурет бойынша төрт сөйлем құрастырды. Сөйлемдері жалаң сөйлем, жайылма сөйлем болды. Жеке жұмыс та қалыс қалған жоқ. Оқушылар жеке тест тапсырмаларын орындады. Сабақты қорыту үшін «Топтастыру» стратегиясы бойынша оқушылар «Менің сүйікті заттарым» модулі бойынша кластер құрастыру арқылы кері байланысқа түсті. «Бағдаршам» суреті арқылы рефлексия жасадым. Оқушылар сабақ барысында өзін-өзі бағалап, жалпы ұпай санын санап критерий бойынша бағасын шығарады. Қорытынды бағаны өзім қойдым. Үйге «Менің ермек ісім» тақырыбына эссе жазуға тапсырма берілді. | |
Просмотров: 1324 | Загрузок: 58 | |
Всего комментариев: 0 | |