Главная » Файлы » Мой урок |
Сөйлемдегі сөздердің байланысы
[ Скачать с сервера (14.8 Kb) ] | 14.12.2017, 21:35 |
Тақырыбы:»Сөйлемдегі сөздердің байланысы» Мақсаты:Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыта отырып,таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу. Сабақтың байланысы:ана тілі,бейнелеу. Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру. ӨЖ – 5 минут. Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?(Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз,сәлем алу да парыз.Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – тағы қария иіліп сәлем береді.) - Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі.Біз сәлемдесу арқылы бір – бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз. - Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. -Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіріңдер. - 197 – жаттығуды тексеру. ІІІ.Бекіту. Жұмбақ жасыру:»Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды құрамын.» Жауабы не? Желтоқсанның оны. Сынып жұмысы. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. СӨЙЛЕМ ---------------- Хабарлысөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем (ережесі) (ережесі) (ережесі) а) Суреттер арқылы сөйлемдер құрастырып, сөйлем түрлерін ажырату. ә) Сөйлемдердің бір – бірінің ұқсастығымен айырмашылығын анықтау. Сұраулы Хабарлы Сөйлем сұрайды? СӨЙЛЕМ сөйлем хабарлайды Лепті Сөйлем көңіл – күйді білдіреді Оқулықпен жұмыс. 204- жаттығу.Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқып, сөйлемнің соңынан тыныс белгілерін қою. 206 – жаттығу. Өзіндік жұмыс. 207 – 208 – жаттығуларды ауызша оқып, сұрақтарға жауап беру,тапсырмасын орындау. Қорыту. а) «Жұбын тап» ойынын ойнау. Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу. - Алақай, әкем келді - Сенің атың кім - Оқушылар саяхатқа шықты ә) «Аққала» ойынын ойнау. Қыс мерзімі болғандықтан, балалардың негізгі ойыны «Аққала» жасау. Тапсырма: І топ – Сөйлем дегеніміз не? ІІ топ – Сөйлем нешеге бөлінеді? Түрлері. ІІІ топ – Сөйлемнің түрлеріне қарай мысалдар келтіру. 4 .Қорытындылау. Оқушылардың жұмысын бағалау. 5.Үй тапсырмасы. 213- жаттығу,үй жұмысының орындалу ретін түсіндіру. | |
Просмотров: 1112 | Загрузок: 54 | |
Всего комментариев: 0 | |