Главная » Файлы » Мой урок

«Ойжүйрік» танымдық сайысы
[ Скачать с сервера (251.5 Kb) · Скачать удаленно () ] 02.12.2014, 23:38
Тақырыбы: «Ойжүйрік» танымдық сайысы
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Ойжүйрік» танымдық сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыста 4-ші сыныптан 5 оқушы қатысады.
Сіздердің қошеметтеріңізбен сайысқа қатысушы оқушыларды сайыс алаңына шақырамыз.
сайыс алаңына шақырамыз.
Қатысушылар белгілі болды. Ендеше бүгінгі сайыстың әділ бағасын берер әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
«Ақыл таразысында өлшенбеген білім негізсіз» деген екен дана ғұламалардың бірі. Демек өз білімдеріңді «Ойжүйрік» сайысында сынап көруге мүмкіндік бар.
Сынның да сыны бар ғой сыналатын, Әр түрлі білім сырын ұға алатын. Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік, Сыналып әр секундпен жүре алатын. Сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз. І бөлім. - Әрбір қатысушыға 7 сұрақтан беріледі. - Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. - Бұл бөлімде ең кем ұпай жинаған қатысушы сайыс алаңынан шығарылады. ІІ Бөлім. -Бұл бөлімде «Кім жылдам»ойыны. -1минут ішінде сандарды атайды. -Аз сан айтқан оқушы сайыс алаңынан шығарылады. ІІІ бөлім -Бұл бөлімде «Сөзжұмбақ»беріледі. -1 минут ішінде 7 сөзді қатесіз дұрыс орындау керек. -Кем ұпай топтаған оқушы сайыс алаңынан шығарылады ІV бөлім. -Бұл бөлімде әрбір оқушыға 7 мақал оқылады окушы мақалды жалғастырады. -Кем ұпай топтаған оқушы сайыс алаңынан шығарылады Ескерту: Ұпайлар тең болып қалғанда қосымша сұраулар беріледі. Қатысушылар дайын болса сайысымызды бастаймыз.
1 Оқушыға.
1.Алғашқы адамдар жануарлардан несімен ерекшеленеді? Ж :Сөйлеу тәсілімен 2.120 минут неше сағатқа тең? Ж :2 сағат 3.Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? Ж :Мұнай, тас көмір 4.Ұяң дауыссыздарды ата? Ж :Б,в,г,д,ж,з 5.Алпамыс батыр жырындағы Алпамыстың қарындасы? Ж :Қарлығаш 6.Ауаның температурасын өлшейтін аспап? Ж :Термометр 7.Сөздегі дауыссыз дыбыстар бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келуін не дейміз. Ж:Буын үндестігі. 2 Оқушыға
1.Ауаны тазартудың ең нәтижелі жолы? Ж :Көгалдандыру 2.Қосу амалы немен тексеріледі? Ж :Алумен 3.Кенже Құрманғазының қолынан домбыраны суырып алды да, кімнің қолына ұстатты? Ж :Динаның 4.Табиғатты зерттеудегі ертеден келе жатқан әдістің түрі? Ж :Бақылау 5.Қазақстан республикасының рәміздерін ата Ж:Ту, Елтаңба, Әнұран. 6.Қатты тау жыныстарының бөлшектеліп,ұсақталуын не деп атаймыз? Ж:Үгілу 7.Массаның өлшем бірлігі? Ж :Килограмм 3 Оқушыға 1.Мысыр еліндегі алып кереметтің бірі ? Ж:Хеопс пирамидасы. 2.Төрт қабырғасының ұзындығы бірдей фигура қалай аталады? Ж :Шаршы
3.Майлы, қоймалжың сұйық зат? Ж :Мұнай 4.Жер бетінің өкпесі деп нені айтады? Ж :Орманды 5.240 минутта қанша сағат бар? Ж :4сағат 6. «Көргенді жас, пәк бала дастарханды аттама» Қандай сөз? Ж:Тиым сөз. 7.Бірғана тиянақты ойды білдіретін сөйлемді не дейміз? Ж:Жай сөйлем 4 Оқушыға
1.ЮНЕСКО ның есебіне алынған тарихи өнеріміздің озық үлгісі? Ж:Алтын адам 2.Бірінғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгі? Ж:Үтір 3.700см қанша метр болды? Ж:7м 4.Қос сөздің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? Ж:Дефис 5.Жүгіру спорттың қай түріне жатады? Ж:Жеңіл атлетика 6.Ең кішісінен бастап, ұзындық өлшем бірліктерін ата? Ж: мм, см, дм, м, км. 7.Көкжиек тұстары қандай құралмен анықталады? Ж:Түсбағар (Компас ) 5 Оқушыға 1.Жер бетінің ерекше биік тұстарын не деп атайды? Ж:Тау 2.Бағдаршам көздері қалай орналасқан? Ж:Қызыл, сары, жасыл. 3.Ғасырдан бастап уақыттың өлшем бірліктерін ата? Ж:Ғасыр, жыл, ай, апта,күн, 4.Біздің жерімізге суық ауа райы қай жақтан келеді? Ж:Солтүстіктен 5.Адамның температурасын өлшейтін құрал? Ж:Градусник 6.Доппен ойнайтын ойын түрлерін ата? Ж:Футбол, волейбол, баскетбол. 7.Неміс фашистерімен соғысқан қазақтың батыр қыздары? Ж:Әлия, Мәншүк. ІІ бөлім. «Кім жылдам» ойыны. ІІІ бөлім. «Сөзжұмбақ » беріледі.
Ұпайлар тең болып қалғанда берілетін қосымша сұрақтар. 1..Алғашқы адам еңбек құралдары неден жасалған? Ж:тастан, сүйектен. 2.Абай атамыз айтқан бес асыл іс. Ж:Талап, еңбек, терең ой, қанағат,рақым. 3.Тірі табиғатты ата Ж:Адам, өсімдік, жануар 4.Еліміздегі ең терең көл? Ж:Байкал. 5.Желге ұшып, ұзақ жерлерге тарайтын өсімдік? Ж:Қаңбақ 6.8 жүздік,5 ондық, 9 бірлік қандай санды құрайды? Ж:859 7.Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт қалай аталады? Ж:Тәулік 8.Жерден қазып алып,адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын не деп атайды? Ж:пайдалы қазбалар 9.999 санынан кейін келетін сан? Ж:1000 10.Өздігінен өсетін өсімдіктерді не деп атаймыз? Ж:Жабайы өсімдіктер 11.2 м және 201 см қайсысы үлкен? Ж:201 см 12.Сөйлемде бірыңғай сөздердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? Ж:Үтір
13.Сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер енетін кітаптың аты? Ж:Қызыл кітап. 14.Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар не деп аталады. Ж:Халық ауыз әдебиеті. 15.Сезім мүшелеріне нелер жатады? Ж:Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.
ІV бөлім. Мақалды жалғастыр. І.Оқушыға 1.Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті .2Ердің атын еңбек шығарады .3.Жеті жұрттың тілін біл Жеті түрлі білім біл 4.Ақыл азбайды Білім тозбайды. 5.Өнер алды-бірлік, Ырыс алды- тірлік 6.Ашу дұшпан Ақыл дос. 7.Киіміңе мақтанба Біліміңе мақтан. ІІ Оқушыға. 1. Жері байдың – елі бай. 2.Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. 3.Кітаптың бағасы арзан, Іші толған маржан. 4.Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді. 5.Жалқаудың жаныныбарсаң, Сылтаудың астында қаларсың. 6.Ұрлық түбі – қорлық. 7.Ауру қалса да, Әдет қалмйды.
Осымен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Категория: Мой урок | Добавил: венерик | Теги: материал
Просмотров: 2868 | Загрузок: 522 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 3
3 sansyzbaeva_aygul  
Сабақ сәтті ұйымдастырылған.Сабақ құрылымы жақсы деңгейде.Сабақ сатти шыққан!

2 Света7930  
Танымдық сайыс сәтті қйымдастырылған.Сайыс сабақтарды көптеп сала беріңіз!

1 Галия  
Венераның  танымдық сайысы оте керемет ұйымдастырылған.Шығармашылық табыс тілеймін!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]