Главная » Файлы » Мой урок

Абай дана,абай дара қазақта!
[ Скачать с сервера (61.0 Kb) · Скачать удаленно () ] 20.12.2014, 14:18
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жолдыбаев Сансызбай Насирович

Әдеби кеш

1.Кештін тақырыбы: «Абай дана,Абай дара қазақта»
2.Кештің мақсаты:
а) оқушыларға Абай заманымен таныстыру
ә) Абай мұралармен оқушыларды
б) ұлттық, рухани тәрбие беру
3.Кештің ұраны: «Білім іздеген өсер ,бүлік іздеген өмер»
4.Кештің көрінекілігі:
1.Сахналы көрніс.
2.Абай бейнесі.
3.Абайдың тулағатты сөздері.
4. «Абай жолы» эпогиясы М.Әуезов Абай өлендерімен аудармалары
5. «Жұмбақ жан» Т.Әлімқұлов.
6. сөз жұмбақ «Абай», «Зере»
5.Кештің әдісі: Баяндау,сұрақ жауап.
6.Кештің барысы:
1.Ұйымдастыру кезені.
2. Кештің ашылуы.
3. кештің өтілуі.
(Сахнада киіз төселіп ,оюлы төсек төселген , сандық жанында домбыра .Абай мен Әйгерім достары Ербол, т.б сырттан домбырада күй)
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Абайтану» таңдау пәнінен Қазақтың ұлы ақыны, Абай атамыздың құрметіне, «Абай-дана, Абай дара қазақта» атты әдеби кештің қонаы болыңыздар.
Абай (Ибраhим) Құнанбаев қазіргі Семей облысы, Абай ауданы Шыңғыстау баурайындағы «Қасқа бұлақ» деген жерде 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келеді. Абай дүниеге келерде, әкесі Құнанбайға XVIII ғасырда өмір сүрген,тобықты руынан шыққан атақты биі, Інет баба түсіне еніп, аян береді. Әнет баба туылатын нәрестенің аты «Ибраhим» деп айтып ғайып болады. Сөйтіп, туылған нәрестеге азан шақырып, Ибраhим деп есім қояды. Бұл есімді құрметтеген анасы Ұлжан мен әжесі Зере еркелетіп Абай деп атап кетеді.
Құнанбай балаларының ішінде Абайдың жасынан зерек екендігін сезгенненкейін, Абайды әжесі Зере мен анасы Ұлжан екеуі ертегі жырлармен сусындандырады.
Абай алдын ауыл молдасынан арабша хат танып, оқығаннан кейін Семей қаласында Ахмет Риза имамның Медрессесінде оқып парсы, араб тілдеріндетолық меңгереді.
Абай жасынан өнерге, білімге ттабиғат көріністеріне, әнге қызығып, соларды өз бойында игерген.
Әкесі Құнанбай Семейде оқып жүрге Абайды алға алып келіп ел ісіне араласуға мойын бұрғызады. Сөйтіп, Абай ел арасындағы шаруаларға ерте араласады. Абай 15 жасында үйленіп, 16 жаста әке атанады.Елдің мұң-мұқтажын біліп, сол дәуірдегі жуан билердің ойларын әріден ұқты. Оларға деген ақынның ыза кегі өршей түсті. Сол замандағы сөз ұға алмаған би болыстарға өз өлеңімен жауап беріп отырған.
Мендей ғаріп кез болса,
Мойын салсын, ойлансын.
Қабыл көрсе сөзімді,
Кім таныса сол алсын.
Абай өзі ғұмыр кешкен дәуір үшін «жұмбақ жан» болғаны рас.Кейбір болыс билердің билердің әрекеті мысалы Кеңгірбай әулеші бола алады, Оразбайлардың іс-әрекеттері ақын жүрегін мазалайды.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оныда ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай өз заманындағы кертартпа әрекеттерді көріп, оларды жөнге салуға, ұрлық , зорлық әлсіздер қорлауға жол бермеуге өз білгенін өсиет етеді.
Абай 21-жасында болыс 1866 жылы болады. Болыстықты 1878 жылға дейін жалғастырады.
Болыс болдым мінекей,
Бар алымды шығындап,
Түйеде қам, атта жал
Қоймады елге тығындап
Сөйтсе дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Дана Абай адам баласының барлық болмысына, өзінің шығармаларымен жауап беріп отырған. Ұстаздық, өнер ғылым, адамгершілік, табиғат көрінңстері т.б.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
-деп уағыздаса, еді біршығармасында:
Мақсатым-ті ұстартып,өнер шашпақ.
Наданның көзін қойып,көңілін ашпақ
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ,әуелбаста – ақ.

Абай шығыс әдебиетімен жете танысып, шығыс ғұламаларының шығармаларын қазақ тіліне тәжімалады.
• Мың бір түн „ Науайының
• Фархад-Шырын „ Фирдаусидің
• Шахнамасы „ Низамидін
• Ләйлі – Мәжнүн „ арап, парсы тілдерінен
Кейін орыс әдебиеті және мәдениетімен танысып, болғаннан кейін, Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Сальтыков-Щедрин еңбектерін оқып, Қазақ тіліне тәржімала жасады.
Қорыта айтқанда Абай ақын, Абай саясаткер, Абай сазгер, Абай философ, Абай қазақтың пайғамбары саналған.Абайдың қай шығармасын алсаңда сол дәуір емес, қазіргі күнгі жағдайға да жауап береді. Осындай ғұлама жазушы ақын, дүниеден өтер алдында мынандай өлең жолдарын алтын кешкен екен:
Сарыарқаның самалы – ай
Самалда өскен дүние – ай
Қорлықта өткен өмір – ай
Өтті деген осыма – ай
-деп мына жарық дүниемен 59 жасында 1904 жылы 6 маусымда дүние салады.
Абайды қазақ даласына танытуда Кәкітай Ысқақұлы ақынның шығармашылыққа 1880 жылдары толық бетіне бет бұрғандығын айтады. Мағжан мен Сұлтанмахмұттың, Ахмет пен Міржақып, Әлихан мен Халел, Жүсіпбек пен Мұқтар сияқты қазақтың ұлы жазушылары мен жыртуар тұлға азаматтары, Абайдың барлық шығармаларын жан – жақты зерттеп жалпы қазақ халқына ұсынады. Сөйтіп, Мұқтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын жазып шықты.

1 жүргізуші
Біздің Абай ұлы ұстаз,ұлы ақын.
әр мың жылда бір ақ мәрте тұратын
барлық елді шомылдырып сәулеге
күн сияқты нұрын шашып тұратын

Абай атам арда туған ұл еді
ел деп соққан,жер деп соққан жүрегі
ұлы Абай ақыл айдың алыбы
бүкіл әлем мойындады біледі


2 жүргізуші
Өленімен төгіліп тұр тағыда
ұлағатты сөзі бар ұрпағына
Абай атам қазақттын кеменгері
атым жазған алтын мен жыр

Дәуірлермен улдескен
ойландырмай қоймайды самалыны
терегіне тартады өлендері
ғасырларды аралап ба
1 жүргізуші
Армысыздар ақын Абай ұрпақтары
қабыл ал босағаңды жыр аттады
тербеткен Абай әні бесігінде
әр қайсын бір бір,бұл бұл бұтақтағы

Көтеріп Алатаудың гүлір шоқтап
өлен жыр шашу шолығып
қиымнан қиыстырып қара сөзді
ұрпақтарың жаңаша өнер таппақ
Хор: «желсіз түнде жарық ай»
Желсіз түнде жарық ай
желсіз түнде жарық ай
сәулесі суда дірілдеп
ауылдың жаны терен сай
тасыған өзен күрілдеп

Қалың ағаш жапырағы
сыбырласып өзді өзі
жерді топырағы
құлпырған жер жүзі

Тау жаңғырып ән қосып
Үрген ит пен айтаққа
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа

Таймандамай тамылжып
Бір суып,бір ысып
Дем ала алмай дамыл қып
Елең қағып бос шалғып

Саз айта алмай бөгеліп
Дүрсе қағып жүрегі
Тұрмап па еді сүиеніп
Тамаққа кіріп иегі
1 оқушы
Өлен сөздін патшасы сөз сарасы
Қиынан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл жүрекке жеңіл тиіп
Теп тегіс жұмыр айналасы
2 оқушы
Мен жазбаймын өленді ермек үші
Жаң барды ,ертегіні термес үші
Көкірегі сезімді арамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үші
Бұл сөзді ұқтас ,талапты ұғар
Көнілің көзі ашық ,сергегі
3 оқушы
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Пайданы көре тұра тексермедім
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолыады мезгілінен кеш сермедім
4 оқушы
Адамнын кейбір кездері
Көнілен алан басыла
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса
Жүргізуші: сөз жұмбақ, тест сұрақтары
І топ: «Абай»
ІІ топ: «Зере»
Тест сұрақтары
І топ
1.Абайдын азан шақырып қойған есімі
А)Телқара
ә)Қарашұнақ
б)Абай
в)Ибраһим
2.Құнанбай Абайды неше жасында оқуға берді
А)8жас
ә)12жас
б)10жас
в)13жас
3.Абай қай рудан шықты
А)Арғын
ә)Тобықты
б)Найман
в)Шекті
4.Абайдың бәйбішнсі Ділдәдан қанша ұл,қанша қыз
А)3ұл,2қыз
ә)2ұл,3 қыз
б)2ұл, 2қыз
в)4 ұл, 2қыз
ІІ топ:Тест сұрақтары
1.Абайдың Ұлжаннаң туған баласы кім
А)Құдайберді
ә)Тәңірберді
б)Оспан
в)Ысқақ
2.Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі
А)Шырын
ә)Шүкімән
б)Шырайлы
в)Шынар
3.Абайдың әйелі Әйгерімнең туған қанша перзенті бар
А)4
ә)3
б)2
в)5
4.Абай Құнанбаев қанша ғұмыр сүрді
А)45жас
ә)59жас
б)62жас
в)63жас
«Көзімнің қарасы»
Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
Бар демес сенлей бір
Адамнын баласы

Жылайын жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келгенде
Қалқама сөз дайын

Жүректен қозғайын
Әдептен озбайын
Өзі де білмеи ме
Көп сөйлеп созбайын
7 оқушы
Сенбе жұтқа тұрсада қанша мақтап
Әуре етеді ішіне қулық сақтап
Өзіне сен өзіңді алып шыһар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап
8 оқушы
Қалың елім қазағым,қайран жұртым
Ұстарысыз аузына түсті мұратын
Жақсы менен жамарды айырмадын
Бірі қан ,бірі май боп екі ұртын
9 оқушы
Жігіттер ойын арзан,күкі қымбат
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат
Арзан жалған күлмейтін,шылс күлерік
Ер жабылса жарайды қылса сұхбат
10 оқушы
Бір дәурен келді күнге-базбалалық,
Қартаймастай көрмесін ойламалық,
Жастықта көкірек зор ,уайым жоқ,
Деймізде еш нәрседен қорғамалық.
11 оқушы
Адасқаның алды жан ,арты соқпақ
Оларға жан арымның сөзі ұқпас
Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп
Әсте жақ кесілді істен биттей қорықпас
12 оқушы
Пайда ойлама ,ар ойлама
Талап қыл артық білуге
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге

Қорытынды
Үйге тапсырма:Абай шығармашылығынан үзінді,өлеңдерін жаттау.
Категория: Мой урок | Добавил: Жотик | Теги: Абай, Сансызбай, Қазақ болсам
Просмотров: 2768 | Загрузок: 567 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 5
5 shynaraynurturganova  
Сабақ жақсы ұйымдастырылған.Ұстазға мың алғыс!

4 Галия  
Абай-халық ақыны.Абай дана,Абай дара қазақта маңгілік.Абай  философиясы сарқылмас қазына.

3 Атиркул  
абай қазақтың ұлы ақыны!Абай шығармалары тұнып тұрған дүние!Абайды оқу арқылы жастардың бойында қазақ өмірінің кезеңдері туралы білім қалыптасады!

2 Гулбакира  
Абай-қазақ шығармасының биігі.Абай шығармалары теңдессз шығармалар.Абайды оқып білу үшін осындай сабақтар көп болу керек!

1 Рая  
Сабақ өте жақсы ұйымдастырылған.Осындай сабақтар арқылы ұлы Абай атамыздың шығармашылығын дамыта беру керек!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]