Главная » Файлы » Мой урок

Сөз әдебі
21.12.2014, 15:47
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
А.С.Бельгибаеваның қысқа мерзімдік жоспары

8.30-9.15 Қазақ тілі
8 сынып

Сабақ тақырыбы: Сөз әдебі
Жалпы мақсат: Сөз әдебі туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың тапқырлық,орынды сөйлеу,шешендік қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіру. Кез келген ортада сөз әдебін сақтауды үйрету. АКТ-ны тиімді пайдалану
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 98-104 б.
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
3. 8-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы 175бет
4. Портал материалдары
Оқу нәтижесі: Дұрыс сөйлеудің нормаларын білу. Жұрт алдында сөйлей білудің маңызын түсіну. АКТ пайдалана алуы
Негізгі идеялар: Жұрт алдында сөйлей білудің сөз әдебінің маңызы

Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті такта,флипчарт,оқулық,
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер: сұрақ- жауап, диалог.
АКТ,
СТО
Бағалау Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Түртіп алу,екі жақты күнделік,
Дерек көздері: Сөз әдебіне тақырыбына арналған материалдар:

1. Шешендік сөздер
2. Қазақ тілінен оқушы анықтамалығы 188 бет
3. Википедия ашық энциклопедиясы

Тапсырмалар: сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) 8.30-8.33 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 5 мин )
8. 33-8.38 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
BLUB TREE-ді қолдана отырып үй тапсырмасына дайындық дәрежесін білу Үй тапсырмасына дайындық дәрежесін қағаз бетіне түсіру және талдау
ІІІ. Жаңа тақырып (10 мин) 8.38-8.48 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру
«Сөз әдебі» Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау
Қызығушылықты ояту
(10 мин) 8.48-8.58 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/
1.Сөз әдебі дегеніміз не?
2.Әдепті сөйлеу мен әдепсіз сөйлеудің арасындағы айырмашылық неде?
3.Жұрт алдында әдепті сөйлеудің белгілі шарттары бар ма?
4.Дисфемизм,жаргон ,былапат сөздерді пайдаланудың салдары қандай болады?

«Аң,үй хайуанаттары,құстар» деп жазылған парақшаларды таратып,топқа бөлу.

Постер жасату.Әдепті бала
Оқулықтағы жаттығуды дәптерге орындату Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру

Топқа бөліну

Постерді құрып,топтан бір адам шығып қорғау
Оқулықтағы жаттығуды орындау
IV.Қорытындылау (5 мин) 8.58-9.05 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Венн диаграммасы :
әдепті бала мен әдепсіз бала Салыстырмалы түрде ұқсастықтары мен ерекшеліктерін жазу. Өзін-өзі критериалды бағалау
V. Үйге тапсырмасын беру (2 мин) 9.05-9.07 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Шешендік сөздерді жаттап,өзіндік талдау жасап келу Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VI. Бағалау (5 мин) 9.07-9.12 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Формативті бағалау
/шапалақ ұру арқылы оқушыларды бағалау/ Өзін өзі бағалау
VII. Рефлексия
(3 мин ) 9.12-9.15 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Екі жақты күнделік жүргізу Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын екі жақты күнделік арқылы жеткізу
Категория: Мой урок | Добавил: Алма
Просмотров: 2713 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 5
5 shynaraynurturganova  
Сабақ керемет құрастырылған.Сабақтың құрылымы жақсы деңгейде!

4 Айнура  
Әдепті оқушыны тәрбиелеу қазіргі заманғы мұғалімдерге жүктелген міндеттердің бірі.Осындай сабақтар көп болсын!

3 Света7930  
Әдепті бала арлы бала дейді дана халқымыз!Әдептілік тұқымын жас жеткіншек бойында өсіріп,дамытып жатқан осындай ұстаздар қатары көбейе берсін!

2 Онеркан  
Әдепті сөйлей білу де өнердің бір түрі.Әдеп пен иба қарапайым да тұшымды сөйлеуден басталады.Әдепті сөйлеп үйренейік осындай мағыналы сабақтардан үлгі алып...

1 Рая  
Қоғамда мадениетсіз сөйлейтіндер көбейіп барады.Бұл маселенің алдын алу үшін осындай сабақтарды өткізуді көбейту керек!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]