Главная » Файлы » Мой урок |
Бес аспап
[ Скачать с сервера (569.5 Kb) · Скачать удаленно () ] | 22.12.2014, 17:24 |
Ұйымдастыру кезеңі: а)Сайысты өткізу сыныбын,көрнекіліктерді,ән-күйді дайындау; б)Қонақтар мен балаларды сайыс өткізетін жерге жинап орналастыру; в)Әділқазылар алқасын сайлау. Жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар,ата-аналар,қымбатты оқушылар!Ұлттық мәдениетіміздің ең байырғы ,аса құнды салаларының бірі-қолөнер. «Өнерлінің өрісі кең»демекші 5-6 сынып оқушылар арасындағы «Бес аспап» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Өнер мен шеберліктің сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-деп бүгінгі доданы саралайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік. 1_________________________________________________________________ 2_________________________________________________________________ 3_________________________________________________________________ Жүргізуші:Ендігі кезекте сайыскерлерімізбен де таныс болайық: «ЗЕРГЕР»тобы «ІСМЕР» тобы Сонымен біздің бағдарламамызда: 1. «Сәлем- сөздің анасы» , әр топ атымен,ұранымен,эмблемасымен таныстырады. 2. «Үй тапсырмасы» , әр топ үйден жасап әкелген дайын бұйымдарын таныстырып, қорғайды. 3. «Ою ойғанның ойы ұшқыр», апликациямен жұмыс 4. «Ғажайып алаң » сұрақ-жауап. 5. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» шеге қағу сайысы 6. «Ойлы болсаң, озып көр» -мақал-мәтелдерді толықтыру 7. «Дәмді және тез» жемістерден салат жасау 8. «Сән үлгісі» үнді қызын безендіру. 9. «Шаш үлгісі» шаш үлгісін дайындау Жүргізуші: «Болар елдің баласын сәнімен емес,сәлемінен танисың »-демекші, алғашқы сайысымыз «Сәлем сөздің анасы». Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін, Бір басына өнер-білім жетер деймін. Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп, Таныстырып өздерін өтсе деймін. 1 топ «ЗЕРГЕР»тобын ортаға шақырайық. Жүргізуші: Келесі топ «ІСМЕР» тобын ортаға шақырамыз. Жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз. Жүргізуші: Шебердің саусағы алтын. Өнерлінің қолы алтын- дей келе келесі бөлім «Үй тапсырмасы». Келесі бөлімнің шарты; әр топ үйден жасалып әкелінген затқа жарнама жасау қажет. Жүргізуші: Әділ қазы алқасы «Үй тапсырмасы» бөлімінің бағасын берсеңіз. Жүргізуші: Енді келесі «Ою ойғанның ойы ұшқыр» кезеңіне көшейік. Бұл кезеңнің шарты: Берілген уақыт аралығында түрлі-түсті қағаздардан қыс мезгіліне байланысты жапсырмаларды жасау. (3мин) Жүргізуші: Қолөнері халқымның өрістенсін, Әрқашан Алла берсін берекесін. Егіз ұғым өнер мен білім деген, Сайыскерлер білімін сынап көрсін.-демекші Келесі «Ғажайып алаң » сайысымызда тақтадағы ұяшықтарды таңдап,сұрақтарға жауап береді. 1.Композиция дегеніміз не? Өрнектің үйлесімділігі. 2.Симметрия дегеніміз не? өрнектің екі жағының бірдей болуы 3.Икебано қандай өнер? Кепкен өсімдіктерінен жасалатын гүлшоғы 4.Оригами дегеніміз не? Қағаздан бүктеу әдісімен бұйым жасау 5.Аппликация дегеніміз не? Әр түрлі материалдармен әр түрлі бейнелерді суреттеп жапсырмалау 6.Өсімдік тектес ою-өрнектерді ата(ағаш,жапырақ,үш жапырақ,Өткізбе,шиыршық,гүл,жауқазын) 7. Саусақтың басына киетін темір қалпақ?(Оймақ) 8. Шыт матасы неден жасалынады? (Мақтадан) 9. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?(1991 ж) 10. Егде жастағы әйелдің бас киімі? (Кимешек) 11. Биенің сүтінен дайындалатын сусын? (Қымыз 12. Қой терісінен тігілген ер адамның сырт киімі? (Тон) 13. Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа ) 14. Малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақталатын тағам? (құрт) 15. Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты? (ұн) 16. Сүт тағамдарына не жатады? (құрт,сүт, айран, май, қаймақ, ірімшік, қымыз,) Жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз. Жүргізуші: «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» -деп келесі кезекті Шеге қағу сайысына береміз.Мұнда әр топтан 1 ұл шығып белгіленген уақытта шегелерді тез және сапалы қағып шығу керек. Ендеше, Шеберді шеге қағысынан таны- деп, сайысымызды бастайық. Жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз. Жүргізуші: Бүгінгі жастарға оқу міндет, Тек қана оқуменен өнер білмек. Өнер, білім, адалдық ,ар-намысты, Жоятын надандық қой жаман індет. Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек, Оқыса басқа елдердей қатарға енбек,-деп Абай атамыз жырлағандай,келесі кезекті «Ойлы болсаң, озып көр»мақал-мәтелдерді толықтыру сайысына береміз. 1.Өнерлі өрге ..................жүзер 2.Қолөнері кілемде,..............................сөз өнері өлеңде 3.Жігітке жетпіс................................. өнер де аз 4.Өнерді үйрен ...................................де жирен 5.Ата көрген ...................................оқ жонар 6.Әр нәрсеге асық болғанша ..................................бір нәрсеге машық бол 7.Еңбектің наны тәтті,........................................жалқаудың жаны тәтті 8.Еңбек етсең ерінбей,.......................................тояды қарның тіленбей 9.Көз қорқақ ........................................қол батыр 10.Еңбек түбі .............................................береке 11.Бейнет,бейнет түбі.................................. зейнет 12.Шебердің көзі мерген,..................................шешеннің сөзі мерген 13.Зергер адам ,..................................................зерделі адам 14.Істі ине тікпейді,......................................икемді қол тігеді 15.Кестені көңіл сызады,.............................көз сынайды 16.Салтын құрметтегенді ....................................халқы құрметтейді 17.Талаппен бастап,..............................талғаммен аяқта 18.Асыл қайшы пішуге сән,..............................күміс қасық ішуге сән 19.Ерінбеген ........................................етікші болады 20.Шебердің саусағы............................... алтын 21.Шебер көп жерде,............................өнер көп 22.Ынта болса адамда,........................қиын іс жоқ заманда. 23.Өзіңде барға мас болма,............................өнері барға қас болма 24.Батыр адам қорқақты сүймес ,......................шебер адам шорқақты сүймес 25.Көңілсіз жұмыс ...........................өнімсіз 26.Өз үйінде ою оймаған,.................кісі үйінде сызу сызбас 27.Өнерлінің қолы алтын,.......................өлеңшінің сөзі алтын 28.Жеті рет өлшеп,.........................бір рет кес. 29.Адамды адам еткен -....................................еңбек 30.Білім көп жерде-..............................................өнер көп Жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз Жүргізуші: Ас – адамның арқауы- демекші келесі кезең «Дәмді және тез » сайсымыздың шартымен таныстырып өтейін. Мұнда оқушылар үйден әкелген жеміс-жидектерден 5 минут ішінде салат дайындайды. Жүргізуші: Әділ-қазылар аспаздық өнерімізді бағалап өтсек. Жүргізуші : Сайысымыздың келесі бөлімі «ШАШ ҮЛГІСІ» ортаға әр топтан шашы ұзын бір қыз және бір ұл бала шақырылады. Шарты шашты әдемілеп өріп, сәндеу қажет.3 минут. Жүргізуші: Әділ-қазылардан «ШАШ ҮЛГІСІ» жарысының бағасын беруді сұраймыз. Жүргізуші: Білім деген байлық бар, Еш байлық оған жетпейді. Жасыңда оқып, жиып ал, Тепкілесең кетпейді. Құрметті көрермендер, қатысушылар енді сайыс сабағымыздың қорытындысын шығарғанша Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй- дей отырып ортаға қызымыз Сайлау Әсемді « » әнімен ортаға шақырамыз Жүргізуші: Кімдер шешен,кім іскер білейікші, Өнерлісі деп мектептің жүрейікші. Қазыларға тек қана әділдікті, Ал сайыскерге тек сәттілік тілейікші. (әділқазылар алқасына сөз беріледі.Марапаттау) Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Уақыт біраз жерге таяп қалды. Көріскенше хош сау болып тұрыңыздар, «Бес аспап» сайысы аяқталды. | |
Просмотров: 1464 | Загрузок: 433 | Комментарии: 4 | |
Всего комментариев: 4 | ||||
| ||||