Главная » Файлы » Мой урок

Санды өрнектер 5 сынып
[ Скачать с сервера (15.3 Kb) ] 09.01.2015, 11:42
Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер . Әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларды санды өрнекпен , әріпті өрнектермен таныстыру , әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя білуге баулу , өрнектің мәнін таба білуге үйрету, өрнектерді мәндері бойынша салыстыра білуге дағдыландыру.
• Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
• Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару , сұрақ –жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары .

Сабақтың барысы:
1.Сабақтың барысымен таныстыру.Қысқаша шолу.
Оқушыларға мысалдар арқылы санды өрнектер , әріпті өрнектер туралы түсініктер беріледі.
Мысалы . Санды өрнектер : 15-6 , 45 -25 =20 6 мұндағы 20 санды өрнектің мәні. 23 + а - әріпті өрнек , ал а=3 болғандағы 23+3=26 . 26 саны әріпті өрнектің мәні .
Санды өрнектер мен әріпті өрнектер - математикалық өрнектер . Математикалық өрнектер цифрлармен , амал таңбаларымен , әріптермен жазылады. Математикалық өрнектер қажет болған жағдайда жақшамен де жазылады.Математикалық өрнектерді жазуда латын әріптері пайдаланылады. Математикалық өрнектер белгілі бір шарттармен жазылады. Мысалы , өрнектегі көбейткіштер әріптермен беріліп , олар қатар келсе , араларына көбейту таңбасы салынбайды. , ал сан көбейткіш жақшаның артында келсе , , жақша мен сан көбейткіш арасына көбейту таңбасы қойылады.
Математикалық өрнектер мәндері бойынша салыстырылады , Егер салыстыруда қос теңсіздік пайдаланылса , қос теңсіздік солдан оңға қарай өсу ретімен жазылады.
Мысалы , 7<10<15 ; а<в +с < 20.

2. Ауызша тапсырмалар беру :
• Сандық өрнектерге мысалдар келтір
• Әріпті өрнектерге мысалдар келтір.
• Санды өрнектер мәнін салыстыру.
3.Жаттығу жұмысы . А деңгейінің тапсырмалары
Оқулықтан № 4 .Өрнектең мәнін табыңдар.
1.146+а , мұндағы а=14
146+14=160
№ 1 .Бөлмедегі әрбір люстрада в лампадан болса , 6 люстрада 6в лампы бар.

№2 . Шалқар қорығында а түрлі құс ьар , ал Аққұм қорығында в түрлі құс бар. Мұндағы а =130 6 в = 60
а+в = 130+60 =190 Шалқар және Аққұм қорығында барлығы 190 құс бар.
а-в = 130 – 60 =70 Шалқар қорығында Аққұм қорығындағыдан 70 артық құс бар.

№ 3 Өрнекті жазып көрсет
1. (65-39)*100
2. (49+68):13
3. а:в
4. 2ав
№ 4
• А*100+5*10+7
• Х*1000+У*10+9
• 8*1000+В*100+6

№ 5 .Мысықтың массасы (а-в):2 (кг)
В деңгейінің тапсырмалары. №

4.Дидактикалық ойындар .
Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.
Блиц турнир ойнауға оқушыларға 5-6 жаттығу дайындалады.
1. Асқар бағасы а теңгеден 3 қарандаш сатып алды , оның өзінде 20 теңге қалды.Асқарда алғашында неше теңге болған?
А.20-3а ; В.3а+20; С.20А+3.
2. Бағасы в теңгеден 12 қасық және бағасы с теңгеден 12 стақан сатып алынды. Барлығының құны неше тенге тұрады?
А.(в-с)*12 ; В. 12в+с ; С.12 в + 12с
3. 2 көйлекке в м мата жұмсалады . с метр матадан неше көйлек тігіледі?
А.(в:2)*с ; В. с (в:2) ; С. в :2+с.
4. 1 кг алма х теңге . 5 кг алма неше теңге?

А.5х ; В. х:5 ; С. 5-х
Оқушылар дәптерлеріне тапсырма ретінің тұсына дұрыс деп есептеген жауаптарын жазады.

5. Рефлексия.
6.Үйге тапсырма .
Категория: Мой урок | Добавил: Нурай
Просмотров: 2333 | Загрузок: 121 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 6
6 kalmuratovaaigansha  
Сабағыңыз керемет!Сабақтарыңызды көп салып тұрсаңыз жақсы болар еді!Рахмет!

5 azhanzhumaeva  
Сабақ сатті,оқушы деңгейіне сай ұйымдастырылған.Сабақтың құрылымы өз деңгейінде.Ұстазға рахмет!

4 zhaukharmamyrbaeva  
Сабақтың өтілу және ұйымдастырылу дәрежесі өте жоғары.Сабақ маған ұнады!

3 nurgalievaaysulu  
Сабақ керемет түрде ұйымдастырылған.Сабақ құрылымы мен мақсат міндеттері айқындалып,сәтті өткен!

2 Шамшат  
Сабақ сәтті ұйымдастырылған.Сабақ өткізген мұғалімге мың алғыс!

1 майра  
Математикадан өткізілген бұл сабақ құрылымы жақсы ұйымдастырылған.Сабақ маған ұнады!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]