Главная » Файлы » Мой урок

«Бұрғылау қондырғылары.»
[ Скачать с сервера (18.1 Kb) ] 28.03.2015, 22:08
Тақырыбы: «Бұрғылау қондырғылары.»
Сабақтың міндеттері:
а) білімділігі: Бұрғылау қондырғылары туралы оқушылардың білімін тереңдету, жұмыс істеу принциптері туралы толық білім беру.
б) тәрбиелілігі: Оқушының пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Өз кәсібіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу
в) дамытушылығы: Алған теориялық білімдерін қолдана алатындай есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін және ғылыми дүниетанымын кеңейту.
Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сақтағанова М «Мұнай кәсіпшілік машиналары мен механизмдері»
Қолданылған көрнекіліктер: бұрғылау қондырғысының макеттері, плакаттар, минералдар.
Қолданылған әдістер: : сұрақ-жауап, көрнекіліктер, әңгімелеу,пікір алысу.

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тақырып: «Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері»

Үй тапсырмасы:
Мултимедиялық экранға сурет көрсетіледі,оқушылардан анықтамалары мен жұмыс істеу принципі сұралады.
1) Минералдың көрінісі, қабат жатысының формасы, кеуекті қуыстықтарға анықтама?

2) Тіке және көлбеу ұңғымалар?

3) Бұрғылау аспаптарының жұмысы мен түріне анықтама беру ?




ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа тақырып: «Бұрғылау қондырғылары».
Мұнара көтеру-түсіру операциясын орындайтын таль жүйесінің элементерін орнықтыру үшін қажет. Мұнаралар күмбезді және діңгекті болып бөлінеді.
Күмбезді мұнараның- үш немесе төрт тірегі болады, яғни слмақ үш немесе төрт тізбекке түседі және оны тігінен жинақтайды.
Көтеріп түсіру әрекетін жүргізетін мұнара.
1 — кранблок; 2 —мұнара; 3 —тәл арқан; 4 — таль блогы; 5 —ілмек; 6 — бұрғылау шығыры; 7— мұнараның қозғалмайтын бөлігі
Діңгекті мұнара- бір немесе екі тіректі болады, яғни салмақ бір немесе екі тірекке түседі және оны көлденеңінен жинақтап көтереді. Бұрғылауда қолданылатын мұнаралар қазылу тереңдіктеріне байланысты, егер 4000 м тереңдікке дейін болса-41 м, ал- 4000 м-ден жоғары болса-57 м-ден жоғары болады. Пайдалану мұнаралары пайданылған бұрғылау құбырларынан немесе сораптық компрессорлық құбырлардан жасалады.Пайдалану мұнараларының биіктігі 22-28 м-ге дейін жетеді.Олардың жүк көтергіштігі 50-75 тоннаға дейін болады.Мұнараның неғұрлым биік болғаны пайдалы, себебі көтеру-түсіру операциясы кезінде жұмыс өнімді жүреді.Тереңдігі аз скважиналарда көбіне діңгекті мұнаралар қолданылады.Ондай көтергіштердің транспорттық базасы тракторлар немесе жүк машинасы болып табылады. Таль жүйесі- көтеру-түсіру операциясын атқару үшін, яғни ілгіштегі сораптық компрессорлық құбырлар тізбегін немесе штангалар тізбегін ұстап тұру үшін қажет.Көтергіштердің таль жүйесі бір-біріне жабдықтау түрі бойынша ерекшеленеді.Таль жүйесінің құрамына кронблок, таль бойы, ілмек блогы, ілмек және канат кіреді. Кронблок -таль жүйесінің қосылмайтын бөлігі, көтеру-түсіру операциясын жүргізу үшін қажет.Кронблок болат қанқадан, осьтен, бөліктен, оған кигізілген шкивтерден және көтеру-түсіру операциясы кезінде канат шығуын сақтандыратын қорапшадан тұрады. Таль блогы-таль жүйесінің қозғалыстағы бөлшектерінің бірі, ол көтеру-түсіру операциясына қажет.Таль блогы шкив, білік, ось, мойынтіректер, сырға, жанындағы қалақшалар және қорғағыш қорапшадан тұрады.Қорғағыш қорапша қанаттың еркін жүруін қамтамасыз ететін ойықтардан тұрады. Ілмек блогы-зауытта таль блогы мен ілмектің бір механизм етіп дайындалған түрі.Ілмек сораптық компрессорлық құбырлар тізбегін немесе штангалар тізбегін ұстап тұру үшін қажет, ол қозғалмалы, қозғалыссыз бөлшектерден тұрады.Қозғалмалы бөлшекке ілгіштің өзі жатады және ол қозғалмайтын бөлшек осіне шпулькамен бекітіледі.Қозғалмайтын бөлшек сыртқы қорапшадан, стерженьнен, оған кигізілген серіппеден және мойынтіректерден тұрады.Сонымен бірге, ілмекке ілінген элеватор көтеру-түсіру операциясы кезінде ілгіштен шығып кетпеуі үшін кілтпен және стопорлық механизммен қамтамасыз етіледі.
Мұнара көтеру-түсіру операциясын орындайтын таль жүйесінің элементерін орнықтыру үшін қажет. Мұнаралар күмбезді және діңгекті болып бөлінеді.
Таль арқандарының механикалық қасиеттері бойынша жоғары сапалы және І, ІІ сапалы деп бөлінеді. Құрылысы бойынша арқандар жалғыз, екі және үш орамды болады.
Арқан сымдарын дайындау үшін жоғары көміртекті болаттар 50, 55, 60, 65, 70мм, құрамында 0,5-0,8 % маргенці, 0,17-0,37% кремний, 0,12% хром, 0,12 никелі, 0,15 мыс, фосфоры 0,03-тен жоғары емес қолданылады.
Таль жүйесі көтеру-түсіру операциясын атқару үшін, яғни ілгіштегі сораптық компрессорлық құбырлар тізбегін немесе штангалар тізбегін ұстап тұру үшін қажет.Көтергіштердің таль жүйесі бір-біріне жабдықтау түрі бойынша ерекшеленеді.Таль жүйесінің құрамына кронблок, таль бойы, ілмек блогы, ілмек және канат кіреді.
ІV. Бекіту
1. Жаңа тақырыпты бекіту.
Оқушылардың түсінігін тексеру мақсатында бұрғылау қондырғысының сызбасы берілген. Сол сызба бойынша бұрғылау қондырғысының құрылысы мен қолданылуын айту.
2. Пысықтау сұрақтары.
1. Көтеру-түсіру операциясын орындайтын таль жүйесінің
элементтерін орнықтыру үшін қажет қондырғы?
А. Мұнара
Ә.қашау
Б. Шегендеу құбыры
2. Мұнаралар нешеге бөлінеді?
А.2
Ә.5
Б.3
3. Күмбезді мұнара неше аяқты болады?
А.3-4
Ә.7-8
Б.1-2
4. Діңгекті мұнара қанша аяқты болады?
А.7-8
Ә.5-6
Б.1-2
5.4000метр тереңдікке бұрғылауда қолданатын мұнара биіктігі?
А.41
Ә.57
Б.24
6. 4000метр тереңдіктен жоғары бұрғылауда қолданатын мұнара
биіктігі?
А.57
Ә.45
Б.22
7.Пайдалану мұнараларының биіктігі?
А.22-28
Ә.30-32
Б.45-47
8.Пайдалану мұнараларының жүк көтергіштігі?
А.60-65
Ә.50-75
Б.72-74
9.Тереңдігі аз скважиналарда көбіне қолданатын мұнара?
А.мұнара
Ә.діңгекті
Б.күмбезді
10.Күмбезді мұнараның жинақталуы?
А.тігінен
Ә.көлденең
Б.жинақталмайды

ЖАУАПТАРЫ
1.А
2.А
3.А
4.Б
5.А
6.А
7.А
8.Ә
9.Ә
10.А

V. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

Үйге тапсырма. М.Сақтағанова, Мұнай кәсіпшілік машиналары мен механизмдері, 5-6-7 суреттін анықтамаларын жазу, 147-бет, конспект толықтыру,7.1-суретті салу
Категория: Мой урок | Добавил: suslovat24
Просмотров: 2460 | Загрузок: 74 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 4
4 sultekenova  
Сабақтарыңыз маған ұнады!Керемет!

3 armanaj2015  
Сабақ методикалық жағынан дұрыс ұйымдастырылған!Рахмет!

2 zhanarjannazarova  
Сабақтың құрылымы керемет кұрастырылған!Рахмет!

1 sazymbaevtalgat  
Сабғыңыз жақсы жасылған!Сабақта қолданылған әдістер орынды!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]