Главная » Файлы » Мой урок

Мемлекеттік тіл мәртебем
20.11.2014, 19:40
Көкпекті жалпы білім беретін орта мектебі



«Мемлекеттік тіл - мәртебем»
Дәстүрден тыс ашық интеллектуалдық
ойын сабағы

Дайындаған: Н. А.Казимова



Тілдер күніне арналған ашық тәрбие сағатының жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл - мәртебем» интеллектуалдық ойын сабағы
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне, өздерін көрермендер алдында еркін ұстап, қысылмай сөйлеуге үйрету;
Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу;
Тәрбиелілік: ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы даналық сөздер, өлеңдер, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс ашық интеллектуалдық ойын сабағы
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, миға шабуыл, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті.
Оқушыларды ойынға психологиялық дайындау
2. Кіріспе сөз
- Құрметті оқушылар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты. «Мемлекеттік тіл - мәртебем» атты тәрбие сағатының мақсаты: мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.
Анықтама беру. Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады. Қазақстан Республикасының жер көлемі үлкен. Өз Әнұраны, елтаңбасы, Туы , Ата заңы бар тәуелсіз елемізді Елбасы Н. Ә. Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды 1989жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ның Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.
Ана тілім – тірлігімнің тірегі,
Тілмен ғана кірер адам реңі.
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім – әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы.
Ой – сананың өсуінің куәсі
Ғасырлардың кейінгіге өз үні.
3. Бүгінгі сайысқа 14 оқушылар қатысады. 14оқушы алдыңызда 2 топқа бөлінген.
І топтың аты: «Жеңіс»
ІІ топтың аты: «Парасат»
4. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
5. Сайыстың өтілу барысымен танысу.
І. Көркем сөз
ІІ. Бәйге
ІІІ. Жұмбақ шешу. Полиглот
IV. «Менің сүйікті қазақ тілім»
V. Шешендік өнер. «Оратор»
VI. Жорға

І кезең. Көркем сөз сайысы
5 ұпаймен бағаланады. Әрбір топтан бір-бір сайыскер өздерінің тіл тақырыбына арнайы дайындаған өлеңін жатқа оқиды.
ІІ кезең.
5 ұпай. Әр топтан бірінші қол көтерген оқушы жауап береді.
Сұрақтар:
1. Қазақ тілі қандай тіл? мемлекеттік
2. «Страна» сөзінің аудармасы. Ел
3. Тілдер мерекесі қай күні тойланады? 22 қыркүйек
4. ҚР-ң тұңғыш президенті. Н: Ә. Назарбаев
5. Жалғаулардың түрлерін ата. Көптік, септік, жіктік, тәуелдік
6. «Жақсы» сөзінің антонимы. Жаман
7. «Таң» сөзі қандай буынғажатады? Бітеу
8. Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды? 04.06.1992
9. Қазақ тілінде неше септік бар? 7
10. «Оқу инемен құдық ....» мақалды жалғастыр. Қазғандай

ІІІ кезең. Жұмбақты шешу. Полиглот
1. Жайшылықта жекесің, қарай қалсаң- екеусің. (айна, зеркало, mirror)
2. Қыста келген, көктемде еріген. (қар, снег, snow)
3. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы, лыжи,snowshoe )
4. Жеп көріп ем өзін мен, жас шығарды көзімнен. (пияз,лук,bow)

IV кезең. «Менің сүйікті қазақ тілім»
Цифрлар көрсетілген 6 карточка бар. Екіншіжағындағы сұрақтарға жауап береді.

V. Шешендік өнер «Оратор»
«Менің тілім» тақырыбына шағын эссе жазу. 10 ұпаймен бағаланады.

VI. Жорға
Әр сайыскер берілген сұрақтарға қанша дұрыс жауап берсе, сонша ұпай жинайды.
І топқа сұрақтар.
1. Ұлттық музыкалық аспап? Домбыра
2. Оңтүстік астана? Алматы
3. Отан сөзінің синонимі. Туған жер, атамекен
4. ҚР рәміздері. Ту, Елтаңба, Әнұран
5. Тәуелсіздік күні? 16 желтоқсан
6. Үш биді ата. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер
7. Қай ауылда тұрасың? Көкпекті

ІІ топқа сұрақтар:
1. Тұңғыш қазақ ғарышкері? Т. Әубәкіров
2. Солтүстік астана. Астана
3. Абайдың шын аты? Ибраһим
4. Оқушы сөзінің синонимі. Шәкірт
5. 22 қыркүйек қандай мереке? Тілдер күні
6. Ауылыңда қандай өзен бар? Көкпекті өзені
7. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз? Арал

Ойынның қорытындысы. Әділқазылар алқасының пікірін тыңдау. Жеңген топтарды марапаттау.

Қорытынды.
Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты, теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық!
Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оныәлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық!
Категория: Мой урок | Добавил: Нуну
Просмотров: 1715 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 2
2 marziyaomarova  
Бұл тәрбие сағаты өз мәнінде,толықтай оқушы деңгейіне сай келеді.Сабақ сәтті өткен.

1 Моти  
Мемлекеттік тілде таза сөйлеу соңғы кездегі өзекті мәселелердің бірі.Қазақ тілі қазіргі заманғы жастардың өз тілі болып қалу керек!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]