Главная » Файлы » Мой урок |
Өзін-өзі тану пәнінен 5сыныпқа арналған сабақ жоспары
[ Скачать с сервера (18.3 Kb) ] | 11.07.2015, 17:05 |
Мектеп: № 36 мектеп-гимназиясы Мерзімі: Сабақ саны:2 Тақырып : Өмірді танып білуге құштарлық Құндылықтар: «дұрыс іс әрекет», «сүйіспеншілік» Қасиеттер: "сыйластық","кішіпейілдік","ізгілік". Мұғалім: Сынып 3«а» Оқушылар саны: Максаты:: "Өмір" ұғымының рухани құндылық ретіндегі мәнін ашу. Міндеттері: . • дұрыс өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту. • өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру. • өмірді сүюге,қолда барды қадірлей білуге тәрбиелеу. Ресустар:(құралдар, мәліметтер) дәптер,оқулық,үнтаспа. Сабақ барысы: 2. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз. Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз! 2.Үй тапсырмасын тексеру. Дәптермен жұмыс Тапсырма:Мәтінді басшылыққа ала отырып,"Өз өмірім өз қолымда " тақырыбына жоба құрыңдар. 3.Әңгімелеу Адам өміріндегі ең басты құндылық туралы түсініктерін кеңейту.Ата-ана,денсаулық,бақыт және т,б құндылықтардың мәні туралы ойлары мен түсініктерін бекіту мақсатында мынадай сұрақтар қойылады. *Сен үшін басты құндылық не? *Қандай құндылықтарды ешқандай ақшаға сатып алуға болмайды? 4.Мәтінмен жұмыс "Ата өсиеті" әңгімесін кідіріспен айта отырып,сұрақ қою арқылы оқушыларды да әңгімеге қатыстырады.Оқушылардың әңгіме мазмұнынан ұққан түсініктері сұрақтарға берген жауаптарынан көрінеді. *Нұртас неліктен өз-өзіне риза болмады? *Қария "өмірді сүю керек" дегенді не үшін айтты? *Әңгімені қалай жалғсатыруға болады? 5.Дәйексөз "Өзіңді танығың келсе,адамдарға,олардың ісіне қара" Фридрих Шиллер 6.Мұғалім сыйы Өнегелілік туралы Б.Момышұлы Сырын ашсақ,тәрбие ана сүтімен бірге сана-сезімге сіңіп,дағдыға,әдетке айналуы қажет.Үлкенді сыйлау,парыз бен ар-ұятты қасиет тұту,қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз сақтау,заңға мойынұсынушылық , адамды бәрінен ардақтау-адам бойында адамгершілік, Отанға,елге,халыққа, үй ішіне,адамға,өмірге, деген сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелейді.Өнегелі тәрбие алған адам Отанға берілгендік,әділдік,тәртіптілік сияқты жауынгерлік қасиеттердің негізін бойына сіңіреді... Біз "Өлімнен ұят күшті" ," Жаным-арымның садағасы"деген қағиданы қатаң ұстай отырып,адамгершілік сезімін тәрбиелеуге тиіспіз. 7.Шығармашылық жұмыс "Өмірді танып білгім келеді" тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады. 8.Жаттығу -ойлану Сынып үш топқа бөлініп,әр топ өз сұрақтары бойынша плакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазады. 1- топ.Өмірде кімдердің көмегін,қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар? 2-топ.Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер?Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді? 3-топ.Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу не үшін қажет? Күтілетін жауаптар: 1.Ата-анамның,туыстарымның,достарымның,ұстазымның, көршімнің,сыныптасымның т.б. 2.Үлкенді сыйлаймын.Қамқорлық жасай аламын. Достарым көп. Көпшілікпен тіл табыса аламын.Жақсы оқуға тырысамын.Әдепті баламын т.б. 3.Өмірді сүю жақсы өмір сүруге,шыдамдылыққа, төзімділікке ,ынтымаққа жетелейді және т.б 9.Топпен ән айту "Біз өмірдің гүліміз" Сөзі:Ә.Дүйсенбиев Әні:Б.Ғизатов 10.Үйге тапсырма беру Дәптермен жұмыс 1-тапсырма:"Жақсылық жасағаның көп болды ма?" тақырыбына қысқаша әңгіме құрастырыңдар.. 2-тапсырма:"Қарапайым өмір сүру ережесін құрыңдар" 11.Соңғы тыныштық сәті. Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.Бүгінгі сабақтан оқып білгеніміздей өмірді сүю,оған құштар болу-бақытты,жақсы өмір сүруге көмектеседі.Осы өмір өздерің сияқты балалардың қызықты әлемі.Өмірдің гүлі де,қуанышы да сендерсіңдер,өздеріңді сүйіңдер. | |
Просмотров: 4615 | Загрузок: 115 | |
Всего комментариев: 0 | |