Главная » Файлы » Мой урок |
Тамырын жайып тереңге
24.01.2016, 18:31 | |
«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі. ШҚО Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы. 7 сыныпқа арналған « Өзін-өзі тану » пәні бойынша ашық сабақ Мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру. Міндеттері: - Отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру; - туған үйлері мен отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту; - туған үйлері мен отбасыларын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, үнтаспа, гүлдер. Шаттық шеңбері Оқушылар үлкен шеңберге жиналып, бір-біріне сәттілік тілейді Тыныштық сәті Иран баққа ойша серуен. Мұғалім: Балалар ыңғайланып, денелеріңізді тік ұстап отырыңыздар.Көзімізді жұмып отырайық.Сіздер мектепке сабаққа келе жатырсыздар.Кенет күлімдеп күн шығып, сізге нұрын төкті.Сол кезде сіздің бойыңызда керемет күш пайда болды.Бұл күн сәулесінің сізге беріп жатқан жылылығы жақсылығы, қуанышы.Оны сіз достарыңызға беруге мектепке қарай асықтыңыз.Кенет алдыңыздан Иран бақ кездесті.Бақтың ішіне жайлап еніп едіңіз, тамаша табиғат, мөлдір бұлақ, самал жел, бәрі-бәрі тамаша, керемет еүйге енесің.Сіз сол жаңалықты, достарыңызбен, ұстазыңызбен бөлісуге асығып, мектебіңізге келдіңіз.( музыка жіберіліп, бір сәт тыңдайды). Үй тапсырмасын тексеру. - Адамдармен қарым-қатынасты қалай құру қажет деп ойлайсың? - Жаныңдағы адамдардың жақсы қасиеттері туралы ойлайсың ба? - Басқа адамдардың жан- дүниесіне үңілесің бе? - Қарым- қатынаста табысқа жетудің сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты екеніне келісесің бе? Әңгімелесу. Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер? Ол кімдерге байланысты? Отбастарыңда қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлерің бар? Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар? Жаңа ақпарат. Отбасындағы өзара қарым- қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс.Отбасының әрбір мүшесі бір- бірінің алдындағы парызы мен борышын, жауапкершіліктерін сүйіспеншілікке өзара сыйластық пен құрметке негіздеген жағдайда шаңырақта шаттыұ, қуаныш, түсінік орнайды. Мәтінмен жұмыс. Ақылды егінші(оқып, танысады) - Егіншінің қанағаты мен бақытты күйінің сыры неде? - Сен өз ақшаңды қалай жұмсар едің? Дәйексөз «Үлкен алдында жас қарызы , ата-алдында бала қарызы – әдеп пен сый » Жағдаятты шешу 1. Бізді бағып-қағу үшін анам мектепте еден жуушы болып істейтін.Бұл жағдай мені қатты ұялтатын.Бастауыш сыныпта оқып жүренімде мені көруге келген еді.Ертеңіне досым: «Сенің анаң еден жуады екен ғой»,- дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым.Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Анама: «Мені осылай ұялтқанша, келмей-ақ қойғаның жақсы болар еді»,- дедім... 2.Анасы мен әкесі ұлының туған күнін асыға күтетін.Бұл күні анасы ұлына ұнайтын түрлі ас даярлап отбасы бақытты бір күйге енетін.Ұлының бүгінгі туган кунинде де ата-анасы мектептен ұлын тағатсыздана күтіп отыр.Телефонның дауысы естілгенде, анасы мен әкесі тұтқаға жүгірді.Баласы: - Ана, мен достарыммен кафеге баратын едім, сенсеңіз, онда сіз жасаган тамақтардан да керемет, сіз жасаган тәттілерден де дәмді нәрселер жасап, мені күтіп отыр,- деді.Анасы: - Жарайды, балам, абайлап жүр ,-деді. 3.Жұмыстан келген анасы ұлына: - Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен?-деді. - Жата беріңіз, - деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан. - Анасы төсегіне барып жатты да, ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді.Ұлы орнынан салдыр-күлдір еткізіп, ренжи тұрды да, үн-түнсіз оның өтінішін орындады. Бала анасына жанашырлық білдіре алды ма? Сен оның орнында болсаң не істер едің? 4.Мен қалада оқитынмын.Үйіме жиі келіп тұратынмын.Өйткені шешемнің денсаулығы нашар еді. Бір күні үйге келдім.Менің келгеніме анам қуанып, төсегінен тұрды, су жылытып, легенге құйды. - Жуынып ал, балам, - деді. Мен жуынып болған соң үстел жанына келіп, қызықты кітап оқи бастадым.Бір кезде жуынған суды төгуді ұмытып кеткенім есіме түсті.Келсем, леген бос тұр.Суды төгіп келген шешем шаршап,демін әрең алып отыр екен... Кімнің жанашырлығы басымырақ деп ойлайсың? Жағдаятты өзің жалғастырып көр. Ойын. «Айналайын, толғанайын!».Кезекпен тұрып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп,жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуы тиіс. Тапсырма.Топпен мақал-мәтелдерді құрастыру. 1.аға Алты болмас, әке бірігіп Ана жеңге бірігіп жеті болмас. 2.ата-анасы.ұстазы бас баланың 3.не қылсаң,Атаңа келер, алдыңа сол 4.күйік.Баланың жақсысы- жаманы қызық. Дұрыс жауабы 1.Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас. 2. Баланың бас ұстазы ата-анасы. 3.Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер 4.Баланың жақсысы- қызық, жаманы – күйік Шығармашылық тапсырма «Менің жылы ұям» эссе жазады Үйге тапсырма «Боз орамал» оқу.Ата-ана туралы мақал мәтелдер жаттап келу. Жүректен жүрекке .Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, Қ.Жұмағалиевтың «Анашым» әнін орындайды. | |
Просмотров: 1667 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |