Главная » Файлы » Мой урок

Уақыт өлшемі.
[ Скачать с сервера (234.0 Kb) ] 02.01.2017, 23:22
Сабақтың тақырыбы: УАҚЫТ ӨЛШЕМІ .
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың уақыт туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту.

2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды уақытты дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойлау әдісі, әңгімелеу, аударма, жазба жұмыстары, ойын элементтері.
Көрнекі құралдар: слайдтар, интерактивті тақта, суреттер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.: Сәлеметсіз бе!
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім: Үйге қандай тапсырма берілді?
 Оқушы: «Жеті ұл» өлеңін жаттап келу.
Оқушылар«Жеті ұл»өлеңін айтып береді.
 Сәл демалып  тыным ал,
 Тақпақ жаттап , ұғып ал.
 Апта деген атайдың ,
Жеті бірдей ұлы бар.
 Біріншісі-Дүйсенбі
 Екіншісі- Сейсенбі
Үшіншісі- Сәрсенбі
Төртіншісі-Бейсенбі
Бесінші ұлы-Жұма
Алтыншы ұлы –Сенбі,
Жетіншісі-Жексенбі.

Мұғалім: Рақмет. Сонымен Апта атайдың неше ұлы бар екен?
Оқушылар: Дүйсенбі ,Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма,Сенбі, Жексенбі. Ауызекі сөйлеу:
Жаңа тақырып.
Кіріспе әңгіме:
Балалар, бүгін біз сіздермен  «Уақыт » тақырыбымен танысамыз.
Уақыт.... Уақыт деген не? Уақыт қалай өлшенеді ?
Уақытты балалар ғасырлар, жылдар, айлар, апта , күн,
сағат, минут және секунд арқылы өлшейді.
Бір жылда 365 күн бар. Бір жылда төрт мезгіл бар. Бір жылда он екі ай бар. Бір айда 30-31 күн бар. Бір күнде 24 сағат бар.
Бір сағатта 60 минут бар. Бір минутта 60 секунд бар.

2. Сөздікпен жұмыс істеу.
Жыл-год, Ай-месяц
Апта- неделя, Күн-день
Сағат-часы (время), Минут-минута
Секунд-секунда

3. Жаттығулармен жұмыс істеу:
№ 1 тапсырма. Сөздердің қатесін табу.
№ 2 тапсырма. Жасырын тұрған сандарды айту.
Бір жылда (...) күн бар. Бір жылда (...) мезгіл бар. Бір жылда (...) ай бар.
Бір айда (...) күн бар. Бір күнде (...) сағат бар. Бір сағатта (...) минут бар. Бір минутта (...) секунд бар.

№ 3 тапсырма. Слайдқа қарап сөйлем құрастырамыз.
1) Жылда, бір, 12, ай,бар.
2)Аптада, бір, жеті ,күн, бар.
3)Жылда,бір, 30-31күн,бар.
4)Күнде, бір, 24, сағат,бар.
5)Сағатта, бір, 60, минут, бар.
6)Минутта, бір, 60, секунд, бар.

№ 4 тапсырма.
Сандарды сөйлету.

№ 5 тапсырма. (Слайд арқылы)
Апта күндерін еске түсіру.
Понедельник -
Вторник -
Среда -
Четверг -
Пятница -
Суббота -
Воскресение -

№ 6 тапсырма. (Слайд арқылы)
( Нешінші күн ? ) сұрағына жауап беру.

Сәрсенбі (Үшінші күн)
Жексенбі ( ?)
Жұма (?)
Бейсенбі (?)
Сенбі (?)

 4.Сергіту кезеңі.

Мұғалім:  Ал, балалар, енді сәл демалып  алайық.
 Оқушылар:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Сол аяқ, оң аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Оқушылар сергітуді қимыл қозғалыста жаттығулар жасау арқылы көрсетті.
№ 7 тапсырма (Слайд арқылы)
Cызба бойынша сөйлемнің жалғасын табамыз.
№ 8 тапсырма. Суретпен жұмыс.
Қай жыл мезгілі сурет арқылы анықтау.

№ 9 тапсырма оқулықпен жұмыс орындаймыз.
Шарты: Сөйлемдерді толықтырып оқы.
Мысалы:
Бүгін дүйсенбі. Ертең ....
Бүгін жұма. Ертең .....
Бүгін сәрсенбі. Ертең ...... .
Бүгін жексенбі. Ертен ..... .

№ 10 тапсырма.
Шарты: Сөзжұмбақты шешу.
Берілген сөздерді аудара отырып шешу, кілтті сөзін табу.

1.Минута
2.Месяц
3.Январь
4.Год
5.Часы
Ең соңында сөзжұмбақтың кілтті сөзі шығады «Уақыт».

5.Үйге тапсырма беру:
36 бет 6 тапсырма: Сұрақтарға жауап беріп, сөздерді жаттау.

6.Бекіту.
7.Бағалау.
Категория: Мой урок | Добавил: Тельмановна
Просмотров: 1348 | Загрузок: 40 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]