Главная » Файлы » Разное

Классный час "Менің Отаным – Қазақстан".
[ Скачать с сервера (545.7 Kb) ] 13.03.2018, 16:10
Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
Рухани жаңғырудың жарқын жолы.
Сабақтың мақсаты: : Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдарламасы.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана ж суреттері.
Мұғалім:
Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Видео Н.Ә.Назарбаевтің сөзі Отан туралы өз еліміз туралы көруге ұсынамын.
Отан туралы Мұқағали Мақатаев

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...

Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.
Отан дегенді қалай түсінесіздер? (оқушылар жауаптары)
Отан туралы тақпақ, мақал - мәтел білеміз бе?

Малик:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Дильназ:
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.

Диана:
Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.

Элимдар:
Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.

Алина:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін
Виолетта:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.

Мағынаны таңдау.
1.Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.
Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.
2.Постер қорғау «Туған жер деген ол ….»
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата- баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Үкіметті сыйлау;



3.Сұрақ-жауап ойыны.
Сұрақтары.
1.ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн)
2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
3.Туымыздың ортасында не бейнеленген ? (қыран құс, шұғлалы күн,ұлттық өрнек)
4.Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
5.ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
6.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
7.Конституция күні? – (30 тамыз)
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан жері қандай?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан –жері кең байтақ,көрікті жерлерімізбен бай. Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет.
Өріс толы малы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кең байлығы да жеткілікті, мол.
Отан С.Раушан

Отанды біз атамекен
Деп паялап атаймыз.
Өйткені,оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Отанды жас,кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені,онда бәріміз де
Туып,өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, бағалап
Өйткені,
Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Отан деген –атамекен.
Отан деген туған жер.
Отан-ана,
Отан-үлкен
Қазақстан-туған ел. Е.Өтетілеуұлы

(слайдтан көрсетіледі)
«Қазақстан» (Видео) көруге ұсынамын.2
Осы бәрі біздің «Отанымыз»
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Антон:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.

Тамерлан:
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен

Виолетта:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!

Данил:
Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені
4.“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны
Біздің Отанымыздың табиғаты өте бай. Ағаштардың қандай пайдасы бар?
Оқушылардың жауабы.
Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.
– Міне, сендерге алма ағашын дайындадым.
– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары
– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.
Мысалы: әдемі үй салу…).
( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)
Мұғалім:
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Біздің Қазақстан. Б.Данил
Алтай-Жайық арасы-
Жарты әлемдей даласы,
Ол –біздің Қазақстан.
Кенге толы қойнауы,
Төлге толы жайлауы,
Ол-біздің Қазақстан.
Жастан сүйіп аңсаған,
Тәтті күй мен кәусәр ән
Ол-біздің Қазақстан.
Анамыздай тілеу ақ.
Отан бізде біреу ақ.
Ол-біздің Қазақстан. М.Әлімбаев

Хор Қазақстан әні. орындаймыз.
Мұғалім:Қорытынды:
Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!
Категория: Разное | Добавил: Темирбековна
Просмотров: 705 | Загрузок: 39 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]