Главная » Файлы » Разное

Латын әліпбиі - болашақ кілті
[ Скачать с сервера (14.3 Kb) ] 04.05.2021, 09:45
Латын әліпбиі – болашақ кілті
Автор: қауымдастырылған профессор Алтаева Камиля
2021 жылдың 2 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультеті аясында «Латын әліпбиі - болашақ кілті» тақырыбында ауқымды оқу-тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты Ерболов Д.Е. , Ph.D, қауымдастырылған профессор Алтаева Камиля, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жайлау Жанат, «Алматы университеті» педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Адырбекова Жанар бастамашылдығымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «халықаралық құқық» мамандығының және «Алматы университеті» «құқық», «педагогика және психология» мамандығының студенттерімен бірге ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шараның жоспары:
1. Латын әліпбиіне көшудің түркі тілдес мемлекеттердің тәжірибесін көрсету.
2. Қазақ әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңмен көшуін қарастыру.
3. Латын әліпбиінің көшудің жағымды және жағымсыз жақтары – пікірталас.
4. Латын әліпбиіне көшу SWOT талдау жүргізу.
Жаңа әліпби-заман талабы. Латын әліпбиін бүгінде дамыған 30 елдің 22-сі қолданады. Жаһандану дәуірінде латын әліпбиіне көшу әлемдік ақпараттық кеңістікке кіру үшін қажетті және уақтылы шара болып отыр.
Латын қарпіне көшу Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, алайда ересек тұрғындар үшін және елдің барлық құжат айналымына өзгерістер енгізуге ақша қаражатының жұмсалуы тұрғысынан белгілі бір қиындықтар туғызады. Дөңгелек үстелге қатысушылар осындай пікір білдірді. Елімізде латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің ұсынылған нұсқасы белсенді талқылануда.
Латын тілі-философтардың тілі, жаңа технологиялардың тілі, медицина тілі болғандықтан, әлемнің жетекші, дамыған отыз еліне жол ашады деген пікірлер айтылды. Бұған студенттер іс жүзінде пікірталас барысында көз жеткізді.
Сабақтан тыс ашық іс-шараны өткізу нәтижесінде латын графикасына көшудің артықшылығы атап өтілді және біздің студенттер қазіргі таңда латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсінгені анықталды.
Категория: Разное | Добавил: donee
Просмотров: 335 | Загрузок: 25 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]