Главная » Статьи » Мои статьи |
Ұстаз мерейі - шәкірт жетістігі
«Мектепке керегі- білімді педагогика әдістемесінен хабардар ,оқыта білетін мұғалім.» А.Байтұрсынов Ұстаз ...Ұстаздық киелі әрі өте қарапайым мамандық.Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бері әрбір пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да,қажеттігін жоймайтын бір мәселе баланы өмірге дайындау.Бұл- қиынның қиыны.Себебі әр адам -қайталанбас тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем.Осы әлемге бүтіндей кіріп сіңісуге талпынып, шәкірт жүрегіне жол таба білген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кукенесова Алмагүл Қаратайқызы Бірлестік орта мектебінде 20 жылға жақын қызмет етіп келеді..Санаты –ІІ. Оқушыларға білім нәрін беріп,саналы тәрбие беріп келе жатқан Алмагүл Қаратайқызы заманауи жаңа технологияларды кеңінен қолданады. Аудандық тамыз оқуларында әріптестерімен тәжірибе алмасып жүр. Жақында мектебімізде өткен гумантитарлық пәндер циклы бойынша 7 сыныпқа “Sports clothes” тақырыбында ашық сабақ берді.Сабағы өте тартымды өтті. Оқушыларын жылда пән бойынша интернет олимпиадаларға қатыстырып , білімдерін шыңдатуда.Шәкірттеріне шет тілінен сабақ бере отырып,өзге ұлттың мәдениетінен мәлімет береді.Ақпараттық коммуникациялық технологияларды сабақтарында үнемі пайдалана отырып,оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыра біледі.Әсіресе 1 сынып оқушылары үшін бұл өте қызықты.Сөйлеу тілін жетілдіруде қолданатын қосымша материалдарды жеткілікті түрде пайдаланады. Ұстаз мамандығы - қашанда қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық.Себебі оқушыларды үлкен өмірге дайындауда қажырлы мінезді талап етеді.Әрбір оқушы жеке жұлдыз,оның жарқырауына көмектесу керек.Әр оқушының жүрегіне шамшырақ жаға білу қажет.Өмірден өз орнын таба алатындай еңбек еткенде ғана еңбегіңнің жемісін көре аласың.Алмагүл Қаратайқызы - өз мамандығына адал мұғалім.Алға қойған мақсатына жетуден үнемі бас тартқан емес. Ұстаз еңбегі шәкіртінің жеңісімен өлшенеді. Бірлестік орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бельгибаева А.С. | |
Просмотров: 1377 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |