Главная » Статьи » Мои статьи

"Біз әйел затына - анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметтіқайта оралтуға тиіспіз"
«Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз
құрметті қайта оралтуға тиіспіз»
Қазіргі заманда да бұрынғы замандада қыздар тақырыбы екінші орынға түскен емес. «Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» деп дана халық текке айтпаса керекті. Қыз бала елінің, үйінің, жерінің көркі. Қызсыз өмірді елестете алмайсың. Жер бетіндегі бүкіл әдемілік, жылулық, мейірімділік тек осы нәзік жандылардан тарайды. Н.Ә.Назарбевта өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясынында жолдауда да «Ананы қорғау», «баланы қорғай», «Әйелдерге қамқорлық» деп баса айтқан. Ең алдымен қыздардың тәрбиесіне қатты көңіл бөлген, оларды еңбекте, ошақ басында, бала тәрбиелеуде бүкіл жерге еңбегі елеулі болды. Мемлекеттік жерден ақысын уақытылы алуын, уақытылы емделуін бәрін қадағалау керектігін ескертті. Қыз – бала, болашақ ана, қыз – әдеміліктің символы. Қыз баланы сыйлаған қазақ халқы, қызын құрметтеп төрден орын берген. Қазақтың тіліде балаға ананың сүтімен беріледі. Қыз тәрбиелесең, бүкіл ұлтты тәрбиелеген болады. Қыздарын ренжітпеген, оқытып, тәрбиелеп, әр кез олардың қас – қабағына қарап отырған «қыз қабағында құт бар» дегендей. Ерте де әнші, сері, батыр, күйші бабаларымызда осы қыздарды жырлап, аңсап, ән арнап, еркелеткен.
Қоғамда қыз баланың орны ерекше. Енді сол қыздарымызға жақсы тәрбие беріп жатырмыз ба? Тәрбиелегенде тек ұрсып, жегу емес. Оларға өзіңмен бірдей көріп ақыл сұрап, ағаттығы болса жаймен түсіндіріп, жанына жарға салмай, жас шабықтай, құба талдай, нәзік гүлдей мәпелеп, санасына саф алтындай тәрбиені сіңіре беру керек. Тәрбие тал бесіктен басталады. Қыз баланың екінші анасы – ұстаз. Қыз балдарды сабақтан басып жақсы жаны сүйіп жасайтын іске баулу, үйірмелерге шақырып, олардың бүркеніп жатқан сезімін оятып, өнерге баулу. Кітап оқуға, кесте тігуге, сурет салуға, домбыра үйірмесіне қатысуға, баулу керек. Аз сөйлеп, көп тыңдауға үйрету керек. Қыз баланы тәрбиелеу оңай емес. Олда ат арбаның қос делбесі сияқты қатты тартсаң қысылып қалады, бос жіберсең еркімен кетеді, орташа ұстап жіберіп, тартып отыру керек. Оның да өзінің кезеңіне қарай мәнері бар. Біз ең басты мақсатымыз үлгілі болу, әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы, ақылына көркі сай қыз тәрбиелеу. Мұғалімініңде, қоғамныңда ата – ананың да арманы осы. «Қыз – қыз емес, қызыл алтын» демекші.
Қыз – бала, қыз – ана, қыз – әдемілік, қыз – әже болашақтың кілті, өркендеуі өсуі, гүлденуі, өрге басуы, құлпыруы осы нәзік жандылардың қолында . Ендеше қыздарымызды, алдағы көгілдір көктемдегі алғашқы мерекелерімен құттықтаймыз. Баршаңызда бақытты болыңыздар! Сіздер бақытты болуға лайықты жансыздар.
Категория: Мои статьи | Добавил: сериковна (19.02.2015) | Автор: Сундетбаева Индира Сериковна E
Просмотров: 1021 | Теги: Қыздар, мақала | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]