Главная » Статьи » Мои статьи

"Көктем" cабақ жоспары
БҚО
Теректі ауданы
Ақсуат ЖОББМ
Мектеп дефектологы: Мусина М.Н

Сабақтың тақырыбы : Көктем
Сабақтың мақсаты :
Түзете – дамыту: 1.Көктем, көктем мерекелері туралы білімдерін қалыптастыру, көктем мезгілі туралы білімдерін тереңдету. Дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды меңгерту. Жаңа сөздер арқылы сөз тіркестерін құрастыру, сұрақ – жауап, тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін , ой – өрісін, сөздік қорын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға, аялай , құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : суреттер, карточкалар, ағаштың бұтағы,гүлдер.
Сабақ барысы : 1.Ұйымдастыру бөлімі:
а )Сәлемдесу
2.Жаңа тақырыпқа кіріспе.
Ой қозғау.Ассоциация.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем деген сөзді айтқанда қандай сөздер ойыңа келеді, ненің бейнесін бейнелейді? Сурет салуға да болады, жазуға да болады.

Наурыз шөп шығады
Құстар оралады күн жылынады
Мейрам мал өріске шығады


- Енді осы сөз тіркестеріне сөйлем құрастырып көрейік?(Ауызша)
- Көктем ең тамаша қөңілді мезгіл.Суретке назар аударшы, тек қана сары,жасыл түстер ме, басқа да ашық түстер байқадың ба? (Суретпен жұмыс)
- Көктем туралы қандай тақпақ білесің?
- Мен саған өлең шумақтарын беремін,сен соны мәнерлеп оқисың да,содан соң сол өлең бойынша сурет саласың. Қалай бейнелейсің, ол өз еркің?(Оқушыға өлең беріледі, ол сол өлең бойынша сурет салады.).
Ұя жасап тақтайдан,
Талға апарып байладым.
Жыл құсының шаттанғаң
Күттім қашан сайрауын.
Сол ұяны талдағы
Қараторғай мекендеп,
Күні бойы сайрайды,
Жайлы пәтер екен деп.
- Жұмысыңды қалай атар едің?(Оқушы жауабы- көктем)
Мәтінмен жұмыс.
- Мына мәтінді оқып шық.
Көктем
Көктем айлары:наурыз,сәуір,мамыр. Көктемде күн жылынады.Күн ұзарып, түн қысқарады.Ағаштар бүршік атады.Жыл құстары келіп, ұя салады. Көктемде мал төлдейді.Егіс жұмысы басталады.Жас көшеттер отырғызылады.Көктемнің алғашқы гүлдейтін гүлдедері:бәйшешек,қызғалдақ.Көктем мезгілі сондай әдемі, тамаша мезгіл!

а)Оқушы өз бетімен оқиды,сұраққа жауап береді.
Сергіту сәті.
Сөзжұмбақ «Көктемде»
К
Ө
К
Т
Е
М
Д
Е

1.Көктемде не ұзарады?
2.Бақта не өседі?
3.Жаздан кейін қай жыл мезгілі?Оқу жылы қай мезгілде басталады ?
4.Құс
5.Сәуір айы тағы қалай аталады?
6.Көктем мезгілінің соңғы айы.
7.Наурызда адам не тілейді?
8.Мейрамды адамдар қалай тойлайды? Не айтады?
Ойын «Артық сөзді тап»
Қыс Қараторғай Сәуір
Жаз Сарышымшық Қаңтар
Күз Қарлығаш Наурыз
Көктем Тырна Мамыр

Қорытынды бөлім:
- Көктем қандай мезгіл?
- Көктемде болатын мейрамдарды аташы?
- Мейрамда адамдар не істейді?
- Сабақ аяқталды, рақмет!
Категория: Мои статьи | Добавил: Айя (30.03.2015) | Автор: Мунира E
Просмотров: 3909 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]