Главная » Статьи » Мои статьи |
"Қазақстан кеше, бүгін, ертең"
Нарын дегенде Батыс Қазақстан даласында елең етпейтін жан баласы болмас.Жүгірген дала киігі мен шырылдаган боз торғайда бұл даланы қасиет деп мекендеген. Белгілі бір деректерде, Нарын құмында сонау алмағайып заманда Есенгелді деген бақуатты адам болған деседі.Нарын құмын жайлаған 21 мың жылқысы болыпты. Сол жылқының тұлғынан су ішер жерлерде ойпаң - ойпаң ойылым қалып, жер майысып қалады екен. Есенгелдінің жылқысы сонша көп болғанымен, жан дегенде жалғыз ұлы Төрегелді болса керек. Сол Төрегелді жылға бір рет әкесінен жасырып, Петерборға патша ағзам 2 Никалайға жылқыны бір түстен сыйға жібереді екен. Оны тек қана әкесінің кіші әйелі Бәтес біледі екен деседі. Ал Бәтес болса жылқышымен жасырын көңіл қосып жүргенді. Бұл құпияны Төрегелді біліп қалады.Соны сезген Бәтес те қапы қалмайды, отағасының қаһарынан қаймығып, өш алудың жолын іздестіреді. Бірде жылқы күзетіне Төрегелді шыққан кезде, қалғып кеткен Төрегелдіні 21 мың жылқы тұяғы таптап кетсе керек. Дүние жалған. Жалғыз ұлының қазасын көрген Есенгелді жылқы қылын жылқы сүтімен араластырып,саз балшықты илеп, зират тұрғызыпты. Кейін бір жұтта «байдың малы бір жұттық» дегендей жаңағы жылқылар қырылыпты, ал Есенгелдінің жалғыз ұлына тұрғызған зират- белгісі Қамыс - Самар деген жерде алыстан мұнартып тұрады екен - деген ауыз әңгімені естіп, білгенде осы Нарын тарихы мен қасіреті менің ойымнан шықпады. «Тарихта өмір зырлап, жылдар отыр» дегендей ақын-апам Фариза Оңғарсынованың «Нарын» деген өлеңінде жырлағандай – Киелі топырағынан нәр алған ұрпақты Нарынның бүгінгі жәйті толғандыратыны анық емеспе? Сол секілді «Нарын Қасіреті» - еліміздегі экологиялық проблема. 1989 жылы « Семей – Невада» қозғалысы басталған сәттен қозғалған мәселе , бұл салада Нарын қоғамдық қозғалысының жетекшісі, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты халықаралық экология ғылым академиясының корреспондент мүшесі Кәкен Көбейсінов ағаның жасы ұлғайғанына қарамастан еңбектеніп отырғаны, мені қатты толғандырды, «Нарын қасіреті» тақырыбын шығармашылық жұмыстың мазмұны етіп алдым. Шығармашылық зерттеу тақырыбым – экологиялық проблема, ата – баба қорған қылған ұлы даланың тазалығын сақтау ұрпаққа аманат екендігін дәлелдегім келді. Бұл жұмысты орындауда әдеби кітаптар, газет – материалдарын қолдандым. | |
Просмотров: 1194 | | |
Всего комментариев: 0 | |