Главная » Статьи » Мои статьи |
Автомобильдер құрылысы мен жұмыс жасау механизмдері
Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күделі машиналар қатарына жатады.Өйткені оың құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады.Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.Жүк машиналарының жалпы құрылысы 1.3 – суретте, ал жеңіл машиналардікі 1.4 – суретте көрсетілген. Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған.Сондықтанда ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады.Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып, жүргізуші отыратын кабина жасалады.Ал адам таситын жеңіл машина мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететін қондырғылар орнатылады. Қозғалтқыш автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі.Оның негізгі жұмыс принципі, энергияның бір түрін ( көбінесе жылуды) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады.Осы қозғалтқыштан алынған механикалық энергия автомобильдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып, автомобильді қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік береді.Сондықтанда қозғалтқыштың басқа осындай жұмыс атқаратын генератордан айырмашылығы, қозғалтқыштан тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін. Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірген бөлігін айтады.Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен, машина тұғыры, дөңгелек аспалары, рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді. Осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады. Трансмиссия – двигателден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы.Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны машина қажетіне қарай түрлендіріп - өзгертіп береді.Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда, оның жылдамдығын азайтады немесе керісінше.Оның үстіне машина жүріс бағытын да өзгертуі мүмкін.Сондай жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамасыз етеді.Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы. Алдыңғы және артқы белдемелер – негізінен автомобильдің салмғын дөңгелектер арқылы жол бетіне түсіру қызметін атқарады.Осыған қосымша ол белдемелерде бірнеше түрлі механизмдер орналасады.Мысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның, аспаның, тежегішті т.с. бөлшектер орналасады, ал алдыңғы басқаратын белдемеде де басқару механизмдері сияқты қосымша бөлшектер орналасады. Олар 1.3 және 1.4 – суреттерде белгіленген. Машина тұғыры – автомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен қоса, двигатель мен кузовты да бекітуге арналған қондырғы. Ол өздерінің құрылысына қарай әртүрлі болады. Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып, көбінесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құүраса, кейбіреуі кузовпен бірге (жеңіл машиналарда) жасалады. Осы ек іжағдайда да бірдей оның қызметі автомобильдің барлық бөлшектерін біріктіріп, бекітетін қондырғы болып табылады. Дөңгелек аспалары – алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына бекітіп қана қоймайды, жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту қызметін атқарады. Себебі жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан кезде неше түрлі күштер туып, автомобильді тербеліске келтіреді.Егер ол тербелістің амплитудасын азайтып, жиілігін бір қалыпқа келтірмесе, машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады. Сөйтіп оның жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Басқару жүйесі * көптеген механизмдерден құралады. Олардың негізгісі – машинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм.Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория арқылы бағыттап отырады. Тежеу жүйесі – автомобильдің жылдамдығын азайтып, тіпті тоқтату қызметін атқарады. Сондықтанда бұл механизм арқылы автомобильдің барлық жүріс дөңгелектерінде орналасып, оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік жасайды. Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасу әртүрлі болуы мүмкін. Оның негізгі себебі, олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту болып табылады. Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмі АБМ(КШМ)-нің құрылысы. Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмінің құрылысы : 1. поршень; 2. шатун; 3. коленвал; 4. маховик; 5. цилиндрлер басы мен блогы. - Поршень Поршень цилиндр тәріздес болады және алюминий қоспасынан жасалады. -Шатун Шатун- болат немесе титаннан жасалады. - Коленвал Болат немесе шойыннан жасалады. - Маховик Маховик коленвалға орнатылады.Қазіргі кезде екі дискі біріктірілген қос салмақты маховиктер қолданылады. Цилиндрлердің басы мен блогы шойыннан жасалады . Қазіргі қозғалтқыштарды 16 немесе одан да көп цилиндрлер бар Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмі 1. шатун подшипнигінің басы 2. шатунның жоғарғы басы 3. поршень сақиналары 4. поршень 5. поршень сақинасы 6. сақина 7. шатун 8. коленвал 9. шатун подшипнигі. Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмыс принциптері Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмыс принциптері мына төмендегідей ретпен жүретін процестерге негізделген (3 сурет).Цилиндр ішінде поршень ілгері – кейінді қозғалып тұрады. Соның қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады.Ал цилиндр үсті цилиндр баласымен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүргізіледі.Енді осы поршеньнің жүрісін рет – ретімен қарастырылады. Поршень жоғарыдан төмен қарай жылжиды, яғни поршеньнің үстіндегі кеңістік көбейеді.Олай болса оның ішіндегі газ қысымы азайып, вакуум пайда болады. Сол кезде соратын клапан ашылады да сырттан ауа немесе арнаулы дайындалған жану қоспасы кіреді.Бұл процесті сору процесі деп атаймыз (3 – сурет).Оның ұзақтығы поршень төмен түскенге дейін созылады. Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады (3.б – сурет).Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны қысу процесі деп атаймыз.Қысылған газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі. 3-сурет. Іштен жанатын төрт тактылы қозғалтқыштың жұмыс схемасы: а-сору; б-қысу; в-ұлғаю: г-шығару. Поршень жоғары жеткен кезде (3.в – сурет) қысылып тұрған, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады.Сонымен қысу процесінің соңында жану процесі іске асады. Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы көтеріледі, ал температура көтерілсе, оның қысымы да артады.Енді осы қысым поршеньді төмен қарай итереді.Мұны ұлғаю процесі деп атаймыз. Бұл ұлғаю процесі де поршень төмен келгенше созылады (3.г – сурет). Жанған газ ұлғайып біткеннен кейін поршень төменнен жоғары қарай қозғалады.Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итеріліп шығарылады.Бұл процесті – шығару процесі деп атаймыз.Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді. Сонымен, іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмысы поршеньнің жүрісіне байланысты атқарылатын сору, қысу, ұлғаю және шығару процестеріне байланысты екен. Олай болса поршеньнің бір жүрісін бір такт деп атасақ, мұндай қозғалтқыштарды төрт тактылы қозғалтқыш деп атауға болады.Себебі барлық жұмыс төрт тактыда атқарылып бітеді.Ал осы жұмыстар поршеньнің екі жүрісіне атқарылатын болса, онда ондай қозғалтқыштарды екі тактылы іштей жанатын қозғалтқыш деп атайды. | |
Просмотров: 1129 | | |
Всего комментариев: 0 | |