Главная » Статьи » Физика

Релятивтік динамика. Массаның жылдамдыққа тәуелділігі.
Сабақтың тақырыбы: Релятивтік динамика. Массаның жылдамдыққа тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға релятивтік динамика мен массаның жылдамдыққа тәуелділігін, яғни дене жылдамдығын арттырғанда оның массасы тұрақты болмай артатындығын түсіндіріп, оның формуласын есепке қолдана білуге үйрету. Ньютонның екінші заңын арнайы салыстырмалылық теориясы бойынша жазу. Эйнштейн ашқан арнайы салыстырмалылық теориясының маңызды нәтижесі материяның ең негізгі қасиеттерін қозғайтын масса мен энергия байланысын түсіндіру және есепке қолдану.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін, есте сақтау ойларын сөзбен жеткізуге және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың өз жауаптары мен жолдастарыныңжауаптарын талдай білуге үйрету, тапсырма орындауда достық көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті демонстрациялау, сұрақ-жауап,
практикалық, коллективті, жеке есептер шығарумен жаттықтыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
Сабақтың көрнекілігі: электронды кітапша, плакат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Бәріміз біріміз үшін.
2. Формуланы еске түсірейік.
3. Арнайы салыстырмалы теория дегеніміз не?
4. Энштейннің постулаттары қалай оқылады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Тарих беттерінен Эйнштейн туралы айтады.
Эйнштейн Альберт (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.
Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.
• Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал.
14 жасынан Швейцарияда тұрған. Цюрихтегі политехникумды бітіргеннен кейін (1900) орта мектепте сабақ берді, кейін патент бюросында эксперт (1902 – 1909) болып қызмет атқарды. 1909 – 1911 жылы Цюрих университетінде, 1911 – 1912 жылы Прагадағы Неміс университетінде, 1912 – 1913 жылы Цюрихтегі политехникумда профессор болды. Пруссия ҒА-на сайланғаннан кейін (1913) Берлинге көшіп келді (1914). Мұнда ол 1933 жылға дейін тұрды. 1933 жылдан өмірінің ақырына дейін Принстондағы (АҚШ) Іргелі зерттеулер ин-тының профессоры болып жұмыс істеді.

Ғылыми жұмыстың басы
Эйнштейннің ғылымдағы басты еңбегі – салыстырмалық теориясы. Бұл теорияның жасалуы нәтижесінде кеңістіктің, уақыттың және тартылыстың жаңа қасиеттері ашылды, олардың бір-бірімен байланыста болатындығы дәлелденді. Салыстырмалық теориясы жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын нысандар (негізінен элементар бөлшектер, ғарыштық сәулелер, т.б. ) мен күшті тартылыс өрісінде өтетін процестерді зерттеу үшін қолданылатын теор. негіз болды. Эйнштейн жарықтың кванттық теориясы, кездейсоқ процестер теориясы, магнетизм, т.б. салалар бойынша да маңызды жаңалықтар ашып, зерттеулер жүргізді. Эйнштейннің салыстырмалық теориясының тұжырымдарын сол кезде кейбір ғалымдар мойындамағанымен, қазіргі кезде ол – жалпы жұртшылық мойындаған ілімге айналды. Эйнштейн – көптеген ғылым академиялары мен ғыл. қоғамдардың мүшесі. Нобель сыйл-ның иегері (1921). 1927 жылы КСРО ҒА-ның құрметті мүшесі болып сайланды.
Өмірінің соңы
Денсаулығы қатты нашарлаған Эйнштейн 1955 жылы 18-сәуірде 76 жасында АҚШ-тың Принстон қаласында көз жұмады. Көзжұмар алдын жазған хатында: ”Мен Жердегі тапсырмаларымды орындадым.” деген сөзді жазған. Принстон ауруханасында жатып, көз жұмар кезінде немісше бірдемелерді айтқан екен. Алайда, оның сөздерін американдық медбике ұқпаған.
Альберт Эйнштейн — американдық Time журналының “Ғасыр адамы” атағына ие болған тұлға.

Дүниеге келгені 1879 ж. наурыздың 14 (132 жас)
Германия, Ульм Қайтыс болғаны 1955 ж. сәуірдің 18 (76 жаста)
АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон Жұбайы Милева Марич (1903–1919)



IV. Сабақтың негізгі бөлімі.
немесе , ;

Релятивті импульс ;

Энергия: ;

Релятивтік масса берілген санақ жүйесінде қозғалатын дененің (бөлшектің) жылдамдығына тәуелді болады. Сондықтан әр түрлі санақ жүйелерінде толық энергия әр түрлі болады.

V. Өз бетімен жұмыс.
1. Кеңістік пен уақыттың арнайы салыстырмалы теориясын құрған кім?
2. Қандай шама инвариантты.
3. Арнайы салыстырмалы теорияның неше постулаты бар?
4. Тыныштық энергиясының белгіленуі.
5. Механикада салыстырмалы принципін құрған кім?
6. Релятивтік жылдамдықтарды қосу заңы вакуумдегі жарық жылдамдығынан артық бола ма?
7. Эйнштейнге Нобель сыйлығы қай жылы берілді?
8. Жарық жылдамдығының сан мәні?
9. Жарық жылдамдығына жақын жылдамдықпен қозғалатын жылдамдығы қалай аталады?
10. Релятивтік динамикада Ньютонның нешінші заңы орындалады?

6 – «3» 9 – «4» 10 – «5»
Жауаптары:
1. Эйнштейн
2. Үдеу
3. Екі
4. Е0
5. Галилей
6. Болмайды
7. 1921 ж.
8. 3 * 108
9. Релятивтік
10. Екінші
Қосымша сұрақ.
1. Ғарышкер сағат жүрісін және ғарыш кемесіндегі денелердің тәртібін бақылағанда санақ жүйесін пайдалана ма? а) ғарышкеме орбита бойымен Жерді айнала ұшып жүр. б) ғарышкеме Жер бетінде.
2. Ракетадан жіберілген жарық сигналдарын қабылдау уақытын салыстырыңдар: егер а) ракета бақылаушыдан алыстаса, б) ракета бақылаушыға жақындаса.
3. Ғарышкер жылдамдығын арттырған кезде аз қорын пайдалану уақыты арта ма?
VI. Практикалық кезең. Оқулықтан 22.2, 22.3, 22.5, 22.6.

VII. Бекіту.
Классикалық және релятивтік механика

Физикалық заңдар ұғымы Классикалық механика Релятивтік механика
1 2 3
Салыстырмалылық принцип Барлық инерциялық санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстардың бәрі бірдей өтеді. Барлық инерциялық санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстардың бәрі бірдей өтеді.
Жылдамдықтарды қосу заңы
υ = υ0 + υ/

υ = υ0 + υ/
1 + υ0υ/
с2
Ұзындықтың қысқаруы l = l0


Уақыттың баяулауы τ = τ0

Импульс p = m0 υ

Ньютонның екінші заңы


Оқшауланған дене энергиясы
E = U + mυ2
2

U – ішкі энергия
υ ‹‹ с
Е = m0c2 + mυ2
2
Кинетикалық энергия
Ek = mυ2
2 Ek = E – E0
υ ‹‹ с
Ek = mυ2
2

VIII. Үйге тапсырма. 5.8, 16 – нұсқа, 6 есеп
Категория: Физика | Добавил: сико (09.02.2015) | Автор: Светлана E
Просмотров: 5183 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]