Главная » Статьи » Дошколенок |
Үй жануарлары мен құстары
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Қасымова Айнам Берикбаевна мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Білім беру саласы:Қатынас,Әлеуметтік сала. Оқу іс-әрекеті:Экология негіздері Тақырыбы:Үй жануарлары мен құстары Мақсаты: 1.Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2.Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету. 3.Еңбекқорлыққа баулу. Сөздік жұмыс:қораз,асық т.б. Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру. Көрнекілігі:үй жануарлары мен үй құстарының суреттері,жұмбақтар,ойындар, мақал-мәтелдер. Сабақ барысы: Балалар шаттық шеңберіне тұрып, «Төлдер»әнін орындайды.Әнді орындау барысында төлдердің қимылдарын келтіреді. Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың? Ізденістер ұйымдастыру. Әңгіме: «Төрт түлік мал-халқымыздың байлығы» Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты.«Ат-ердің қанаты»деп айтатындана халқымыз жылқыны қастерлеген.Жылқы-мінсең көлік,жесең ет.Сиыр-жесең ет,кисең киім.Сиырдың айран,сүті,қаймағынсыз қазақ баласы өспейді.Түйе малы-нағыз көлік.Қымыран мен шұбаты дертке дауа.Қой шаруашылығы-Қазақстанның мал шаруашылығындағы халқымыздың дәстүрлі ата кәсібі.Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн. Ал үй құстарына тауық,үйрек,қаз,күркетауық жатады.Олардың адамға тигізетін пайдасы мол.Мамығынан көрпе,жастық жасайды,етін,жұмыртқасын азық-түлік ретінде пайдаланамыз. -ал,балалар,төрт түлік малы туралы кім мақал-мәтел біледі? Балалар өздері білетін мақал-мәтелдерін айтады. -кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтады? Балалар «боташым»,«қошақаным», «лағым» т.б. сөздермен еркелетінін әңгімелейді. Сұрақтар мен тапсырмалар 1.Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай? 2.Үй жануарларының көктемгі тіршілігі туралы әңгімелеңдер? 3.Үй құстарын ата? 4.Дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен үй құстарын табу. Балалар үй жануарлары мен үй құстарын:жылқы,сиыр,ит,үй қояны,әтешті ьтауып,оларды бояйды. 5.Үй жануарлары мен үй құстарына байланысты жұмбақтар жасыру. Қорытындылау «Төлдерін тап»дидактикалық ойыны.Шарты:тақтаға сиыр,түйе,жылқы,қой, ешкінің суреттерін іліп қою.Балаларды бір-бірден шақырып,қоржын ішінен суреттерді алғызу.Лақтың суретін алса оны ешкінің жанына жапсырады. Белсенді балаларды мадақтау. Күтілетін нәтиже: Іс-әрекетті жасай алуы:үй жануарлары мен үй құстарын күтіп-баптауды білді. Іс –әрекетті түсінуі:үй жануарлары мен үй құстарының келтіретін пайдасын білді. Іс-әрекеттерді қолдануы:үйлеріндегі жануарлар мен құстарды күтіп-баптауды үйренді. Источник: http://Үй жануарлары мен құстары | |
Просмотров: 1743 | |
Всего комментариев: 0 | |