Главная » Статьи » Дошколенок |
«Үй жануарлары»
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Кулсумакова Ханипа Жолдасбаевна мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Тақырыбы:«Үй жануарлары» Білім беру саласы:«Қатынас»,«Шығармашылық» Оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиет Мақсаты: 1.Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін бекіту. 2.Төрт түлік мал төлдердің аталуын және оларды ажырата білуге тәрбиелеу. 3.Олардың адамға тигізер пайдасын айту. Міндеті:Үй жануарларына деген сүйіспеншілік,қамқорлық сезімін қалыптастыру. Көрнекіліктер:Үй жануарлары мен төлдердің суреттері. Әдіс-тәсілдері:Сөздік,практикалық,ойын,көрнекілік. Сөздік жұмыс:Төрт түлік,төлдер. Психологиялық сәт:Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.Үнтаспадан үй жануарларының дыбыстарын тыңдап,дыбыстарды ажыратады. Кіріспе:Үй жануарлары туралы мұғалім түсінік береді. Суретпен жұмыс:Жануарлардың төлдерін қалай атаймыз?Төлдерді сызық арқылы қосады. Төлдер айтысы:Саусақ театры арқылы көрініс көрсету. 1.Құлын 2.Бота 3.Бұзау 4.Лақ 5.Қозы 6.Адам Жұмбақтар жасыру: 1.Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Түйе 2.Күлтеленген жалы бар Желден жүйрік жануар. Сені баққан адамның Еңбегінің бағы бар Бұл қалай жануар? Жылқы 3.Басында таяғы бар Төрт аяғы бар. Сегіз тұяғы бар Иегінде сақалы бар. Лақ 4.Кішкене ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар. Қой «Ғажайып қалта»ойыны Үй жануарларының дене мүшелерін атауға,ажыратуға үйрету.Балалар үй жануарларының аттарын атап,мейірімді сөздер ойлап табады. Сергіту сәті Төлдер әні Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары адамға не береді?»Балалар үй жануарларының пайдасын сурет арқылы көрсетеді. Ойын:Ауысқан сөздердің орнын тап.Балалар ауысқан сөздердің орнын тауып айтады. Қорытынды Үй жануарлары қалай дыбыстайды? Жылқы-кісінейді Сиыр-мөңірейді Ешкі-бақырады Қой-маңырайды Балалар үй жануарларының дыбыстарын салады. Күтілетін нәтижелер: Іс-әрекетті жасай алуы:Үй жануарларының түр-түсін,дыбыстарын ажыратады. Іс-әрекетті түсінеді:Үй жануарлары олардың әрқайсысының орны,пайдасы,төлі ерекшеліктері жөнінде ұғымдары кеңейеді. Іс-әрекетті қолдануы:Тапсырманы ықыласпен тыңдап,сөйлеуге дағдыланады. | |
Просмотров: 1550 | | |
Всего комментариев: 0 | |