Главная » Статьи » Дошколенок |
10 санын қайталау
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Омарова Марзия Ескараевна мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Білім беру саласы: таным Тақырыбы: 10 санын қайталау. Мақсаты: 1. 10 көлеміндегі реттік және есептік санауды қайталау. 2. заттың қасиеттерін қайталау. 3. 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту, саусақ қимылын дамыту. Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап. Көрнекілік , логикалық есептер,санамақтар. Оқу іс – әрекетінің барысы 1. Ұйымдастыру: 1. Балалар хормен : Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Барша адамды құрметтеп Бас иеміз біз. 2. Балалардың назарын сабаққа аудару. Балалар, біз қандай сандармен таныстық? - Вагон сандары ретімен тіркелген бе? - Онда ретімен тіркеп алайық ? - Енді вагондарды ретімен тіркеп алайық. - Енді кері санайық. - Вагондар саны нешеу екен. - Енді тақтадағы вагондарда ретімен қойып шығайық. Балаларды топқа бөлу. 1-ші топ қуыршақ 2-ші топ балапан 3-ші топ қоян 4-ші топ қонжық /балалар қуыршақ,балапан,қоян,қонжық таңдаған ойшықтарын алып топқа бөлінеді./ - Балалар ертегі әлеміне саяхатқа шығамыз.Саяхатқа пойызбен шығамыз.»Алма» ертегі еліне пойызбен барамыз./балалар пойыздың даусын шығарады./ - «Алма» ертегідегі кейіпкерлер қарға,қоян,кірпі, аю бізбен сөйлесіп тапсырма береді. - - 1-ші қарғаның тапсырмасы: - Әліппе – дәптермен жұмыс. - Ең ұзын лентаны көрсет. - Ең қысқа лентаны көрсет. - Оның түсі қандай? 2 – ші Қоянның тапсырмасы. 8 – санның құрамын табу. 1 + 7 = 8 2 + 6 = 8 3 + 5 = 8 4 + 4 = 8 5 + 3 = 8 6 + 2 = 8 7 + 1 = 8 8 + 0 = 8 Cергіту сәтін өткізу. Балалар қимылмен көрсетеді. - Оқу іс-әрекетімізді одан ары жалғастырамыз. Енді кірпінің тапсырмасын орындаймыз. Әліппе – дәптермен жұмыс. - Суретте неше құлпынай жидегі бар? / 3 / - Суретте неше таңқурай жидегі бар? / 4 / - санды жеміс санымен сәйкестендіріп жазамыз. - 4 + 3 = 7 2 – ші тапсырма - Суретте 1 банан мен 4 алма жемісі бар.Барлығы неше болды? Балалар сұраққа жауап береді? Аюдың тапсырмасын орындаймыз. Математикалық таңбаларды айтып, + , -, = топтық жұмыспен айналысамыз. 1 – ші қуыршақтар тобы / есептер шығарады. / 2 – ші қонжықтар тобы / сандар жасырынбақ ойнауда.сандарды тауып бояйды./ 3 – ші балапан тобы / санамақпен геометриялық фигураларды салады./ 4 – ші қоян тобы / сызықтың түрлері; түзу,сынық,ирек,қисық, бағыттаушы сызық арқылы қосады./ Тапсырмаларды топ басшысы қорғап шығады. - Балалар «алма» ертегісінің кейіпкерлерінің тапсырмасын орындадық. - Аю алманы 4 – ке бөлді. - «Сиқырлы шарлар» ойыны - Шарлардың ішінде тапсырмалар берілген,тапсырмаларды орындайды. - 1- ші шарда санға байланысты «Сөз ойла,тез ойла» ойыны. - 2- ші шарда логикалық есептер. - Құста неше тұмсық бар? - Адамда неше көз бар? - Ұшбұрышта неше бұрыш бар? - Екі қоянның неше құлағы бар? - Қоян жүйрікпе,тасбақа жүйрік па? - Бос ыдыста неше алма бар? Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді қорытындылай отырып,»көрші-көрші» ойынын ойнату. «Допты жерге соғу ойыны» ойынын ойнату. 5,6,8, сандарын жазу үшін неше сан қолдандық? 10 санын жазу үшін неше сан қолдандық? Балалар сұраққа жауап береді. Жеңімпаз топты анықтап, мадақтау. | |
Просмотров: 1123 | | |
Всего комментариев: 0 | |