Главная » Статьи » Дошколенок

"Жабайы жануарлардың тіршілігі"
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Аруынова Аида Аликбаевна
мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Таным
Оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы:Жабайы жануарлардың тіршілігі
Мақсаты:Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі табиғаттағы рөлі туралы түсінік беру.Табиғи материалдармен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.Табиғатты,қоршаған ортаны сүюге,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Үлгі суреттер,табиғи материалдар,атрибуттар.
Блингвизм:Қасқыр-волк,аю-медведь,түлкі-лиса,қоян-заяц,арыстан-лев.
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық сәт:
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың.
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті болып өсеміз.
-Өткенді пысықтау.
-Қандай үй жануарларын білесіңдер?
-Олардың пайдасы?
Жұмбақ жасыру:
Оқушылар ойлана отырып жұмбақтың шешуін табады.
1.Аузы бейне,шалғы орақ,шөп емес бірақ малды орады.
2.Тәтті көрсе бас салар,айнымайды баладан.
3.Өзі айлакер,өзі бір қу,жүрген жері жері айғай да шу.
4.Аң патшасы.
Жаңа сабақ барысы:Жабайы жануарлардың тіршілігі.
Олардың жейтін азығы туралы әңгімелер айтылады.
-Аңдар қайда мекендейді?
-Қыстың қатты аязынан не қорғайды?
Ойын:Буын ұйқас
Мұғалім ойын шартымен таныстырады.
Жылы лүпілдеген жүндері,індері және апандары.
Сергіту сәті:Интерактивті тақта арқылы көрсету.
Дидактикалық ойын:Балаларын тап
Мұғалім ойын мазмұнын түсіндіреді.
Оқушылар буындарға ұқсастырып,сөздер айтып,аңдардың жейтін азықтарын тауып жапсырады.
Топтық жұмыс:мұғалім шартын түсіндіріп,әр топқа тапсырма береді.
-бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
-қандай жануарлармен таныстық?
Рефлексивті түзетуші:Әр топ өздеріне берілген уақытта тапсырмаларын орындайды және сипаттап береді.
Күтілетін нәтиже:
Іс-әрекетті түсінуі:Жабайы жануарлардың мекені,табиғаттың бір бөлігі екенін түсінеді.
Іс-әрекетті білуі:Оларды қорғау керектігін біледі.
Іс-әрекетті қолдануы:Әр түрлі материалды пайдалану тәсілін меңгереді.
Категория: Дошколенок | Добавил: aidaaruynova (05.02.2015) | Автор: Айда Аруынова E
Просмотров: 2182 | Теги: Жабайы жануарлардың тіршілігі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]