Главная » Статьи » Дошколенок

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҢЫЗДЫ ШАРТ РЕТІНДЕ
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту бағыттарын қоғам сұраныстарына сәйкес құру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби білімдерін жетілдіру, оқу- тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға бағыт- бағдар беру, озық іс- тәжірибелер мен идеяларды насихаттау негізінде жүргізіледі.
Инновациялық іс- әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу- тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі педагогика мен психология, әлеументтану, медицина саласындағы ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде анықталады. Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік т.б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген болатын.
Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді. Қазіргі заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы. Алайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды пайдалануда бірқатар қиындықтар байқалады, олар:
- Педагогтардың технологиялардың құрамдас құрауыштарын жеткіліксіз білуі;
- Тәжірибе барысында тұтас технологияны емес, оның элементтерін пайдалануы;
- Педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жоқтығы;
- Жұмыс тәжірибесіне сапа енгізуді бастамалайтын технология идеяларын қате түсіну;
Ең бастысы: алдыңғы қатарлы әр технологияда қарастырылған, баланы қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның рухани жан- дүниесінің баюына және әр баланы жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік дамуына жағдай жасау мәселесі ескерілмейді.
Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана қолданылатын педагогикалық, білім беру жағдаяттарын тудырады.
Балабақшадағы инновацияға не жатады?
Инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде педагог оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс- әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек. Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет. Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі болуы қажет.
Қазіргі педагогикадағы инновация - білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады. Инновация құрал мен процесс ретінде қандай да бір жаңалық ендіру жұмыстарын көздейді.
Мысалға алатын болсақ, бала тұлғасы жалпыадамзаттық құндылық ретінде қарастырылатын, ізгілікті педагогика теориясында «жеке бағытталған оқыту», «жеке бағытталған тәрбие», «жеке көзқарас» сияқты түсініктер бар. Жеке бағытталған педагогика балалардың жеке тәжірибе жинақтап, олардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктері іске асырылатындай оқыту ортасын жасайды. Жеке бағытталған технологиялар:
- топтық оқыту технологиясы;
- Ш.А.Амонашвилидің ізгілік- жеке технологиясы;
- Интерактивті оқыту;
- Ойын технологиялары;
- М.Монтессори технологиясы;
- Дамыта оқыту технологиясы;
- Мәселелік оқыту технологиясы;
- ТРИЗ шығармашылық технологиялары бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды. Кез- келген педагогикалық ұжым, кез- келген педагог инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн. Инновацияны ұйымдастыру барысында алға қойылған міндеттердің жүйелі және бірізді болуы маңызды. Оң нәтиже алу үшін келесі шарттарды ұстанған жөн.
Бірінші – инновацияны енгізуге деген мотивациялық жағдай, жаңа іс-әрекетті қабылдауға, әрі қарай меңгеруге деген себеп-салдардың туындауы.
Екінші – инновациялық іс-әрекетке дайындық – бұл құзыреттілікті қалыптастыру деген сөз. Осы құзыреттілік ақпаратты қабылдау, жеткізу және оны шынайы бағалаудан тұрады.
Педагогтың инновациялық іс-әрекетінің белгілері:
- өзінің жеке қасиеттерін еске ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;
- жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
- педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасауымен сипатталады.
Педагогтардың инновациялық әлеуетін дамытуда құрылған жоспар балабақшаның әдістемелік жұмысының инновациялық бағытына қатысты.
Әдістемелік жұмыс мазмұны ұйымның даму стратегиясына бағынышты болып табандылықтан, осындай әдістемелік жұмыс ұйымының даму стратегиясының іздену және айқындау құралы болып табылады.
Инновациялық іс- әрекетті жүзеге асыратын МДҰ әдістемелік жұмысын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану. Бұл -инновациялық қызметті ақпараттық тұрғыдан қамту үрдісінде бірініші кезекте тұрған мәселе. Алайда, жалпы алғанда, материалдық база жеткілікті түрде жабдықталғанымен, бүгінде бұл үдеріс баяу дамуда.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері жоғары:
- ақпараттық қорды құру (сыртқы қор: нормативтік- құқықтық құжаттар, оқу- әдістемелік, педагогикалық орта туралы мәліметтер, ғылыми- әдістемелік материалдар; ішкі қор: білім беру қызметінің нәтижелері, бала денсаулығын медициналық –сауықтыру іс-шаралары, ата- аналармен жұмыс, мамандармен қамтамасыз ету т.б.)
- жұмыс нәтижесін мекеме, аудан, облыс, ел деңгейінде көрсету (озық тәжірибені білім беру мекемесінен тыс тарату);
- әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысу;
- кәсіби педагогикалық байланыстарды кеңейту (инретнет желісі арқылы хабар алмасу, біліктілікті арттыру курсында қашықтықтан оқу).
Ақмола облысындағы білім беру ұйымдарының оқу үдерісін технологияландыру бойынша экспериментті енгізу туралы облыстық Білім басқармасының 2011 жылдың 10 қаңтарындағы №5 бұйрығы негізінде білім беру технологияларын мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне жаппай енгізу үшін жағдай жасалған. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі мен негізгі бағыттар анықталған. Оқу үдерісін технологияландыру бағдарламасын іске асыру бойынша іс- шаралардың қадамдық жоспары құрастырылған. Ақмола облысы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеуде келесі инновациялық технологиялар жүйелі түрде іске асырылуда:
-«Тәй- тәй» инновациялық технологиясы;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік- тұлғалық дамуына бағытталған Волбдорф педагогикасы;
- М.Монтессори ерте дамыту әдістемесі;
- Г.Альтшуллердің (ТРИЗ) озық оқыту теориясы ж/е т.б.
Барлық педагогикалық инновацияларды балабақшада балалардың жас ерекшеліктері мен әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осы орайды, «Егер айтып берсең, ұмытамын. Егер көрсетсең, мүмкін есіме сақтаймын. Егер еліктіре тартсаң, расымен, ұмытпаймын» деген ежелгі қытай ойшылы, философ Конфуцидің нақыл сөзі барша балақандардың тәрбиешіге жолдауы іспеттес деп айтуға болады.
Категория: Дошколенок | Добавил: Almaz (06.02.2015) | Автор: Абдраимова Асем Бауржановна E
Просмотров: 8289 | Рейтинг: 3.0/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]