Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Айтиев селосы
Айтиев БМ-ң жанындағы «Балбөбек»ш/о
Сарбупеева Гульмира Сансызбаевна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Менің отбасым, біздің үй»
Мақсаты: Сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру; отбасындағы өзара сыйластық қарым- қатынас дағдыларын дамыту; отбасылық сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Билингвальді компонент: Отбасы-семья, менің жақындарым-мои родные
Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың қызметі
Мотивациялық қозғаушы Қоршаған ортамен таныстыру сабағын бастайық.
-Амансыңдар ма, балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Кәне, бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы! Сабаққа дайындалады.
Іздену ұйымдастырушы -Бүгін біз «Тіл дамыту» әлемінің картасындағы «отбасы» аялдамасына тоқталамыз.
-Кәне, осы аялдамаға суретке қарап, әңгіме құрастырып көрейікші!
-Балалар , бүгін біз бәріміз қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелейміз.
* Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
* Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
Бүгін біздің жақындарымыз керемет бір сыйлық дайындап қойыпты. Сендерді туған-туыстарың өте жақсы көреді екен. Мен оны сендерден бұрын естіп, қуанып қалдым! Кәне, тыңдап көрейікші.
Балаларға арнайы қағазға жазылған отбасы мүшелерінің еркелетіп айтқан жылы сөздерін тыңдатып, ойларымен бөліседі./Бұл жұмыстарды алдын ала дайындап қойдым/
-Тамаша! Балалар, әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға-әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді, «Жаным», «Еркем», «Балым» деп те еркелетіп, аймалайды.Кейде есімдеріңді өзгертіп, еркелетіп жатады.
Кәне, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен, Есімізге түсіріп, айтып көрейікші.
Сергіту сәті:
Бір үйде нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым - әкем,
Балалы үйрек – анам,
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бемеуміз.
(іс-әрекет арқылы)
/ Алдын ала әр бала өз отбасыларымен бірге түскен суреттерін алып келді/ Балалар үйден әкелген өз отбасыларымен бірге түскен суретке қарап, әр-кім өз отбасы, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік, сыйластықтары туралы айтып береді.
«Мен отбасымды жақсы көремін....» деп әр бала өз ойын жалғастырады.
Балаларға «Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» деген дәйексөзді оқып, күн мен ананың жылуы мен мейірімі туралы түсінік береді.
-Күннің шуағынан қандай керемет пайда болады?
Тақтаға күннің суретін салып, балалардың айтқан сөздерін күннің шуағына жазу.
*Күннің жылуы мен ана махаббатының арасында қандайй байланыс бар?
Ана махаббатынан тарайтын өз аналарының бойларындағы ортаға жарық және жылу беретін қсиеттерін айтып берулерін ұсынады. Балалардың айтқан сөздерін
Орыс тілінен отбасы және менің жақындарым сөздерін аударғанда «семья», «мой родные»
Ойын:
«Қане, сөйлесейік» ойыны
Мақсаты: балалар арасындағы қарым-қатынас дағдыларын дамыту, достық қатынас мағынасын түсіндіру.
Барысы: Тәрбиеші нақты тақырыпты таңдайды. Мысалы, анасының туған күніне сыйлық таңдау. Тәрбиеші балаларға осы тақырыпты талқылауды ұсынады және сұрақтар қояды:
- Анадан кейінгі жақын адам?
- Анамыз қандай болуы керек?
- Анамыздың туған күніне оған ұнайтын, оны қуантатын қандай сыйлық сыйлауға болады?
- Анана қалай көмектесер едің?
Осылай әрбір бала осы тақырып бойынша өз пікірін айтады. Тәрбиеші балалардың ойлары мен талқылаулары логикалық байланысты болуын қадағалайды және көмекші сұрақтар қояды. Барлық балалардың талқылауға қатысуын бақылау керек.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалардың жауаптары
Балалардың жауаптары
Бір үйде нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым - әкем,
Балалы үйрек – анам,
Ортан терек - ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бемеуміз.
(іс-әрекет арқылы)
Отбасы-семья, менің жақындарым-мой родные
Рефлексивті коррекциялаушы Сабаққа жақсы қатысқан оқушы марапатталады
Тіл дамыту сабағы аяқталды демалуға,келесі сабаққа дайындалуға рұқсат.
Оқушылар қонырауға шығады
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптасты. Отбасындағы өзара сыйластық қарым- қатынас дағдыларын дамыды. Отбасылық сүйіспеншілікке тәрбиеленді.
Игереді: Сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтар туралы түсініктері кеңейді;
Меңгереді: Жақын адамдарға мейірімді, жақсы сөздер айтуға үйренді. |