Главная » Статьи » Дошколенок |
Көңілді жарыстар
Ойын- сауық Мақсаты: Балалардың дене мүшелерінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл- қозғалыс қабілеттерін дамыту, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке үйрету. Қимылды ойындарға деген қызығушылығын дамыту. Гимнастикалық атрибуттар: Қап, құрсау, текшелер, доптар, батут,кольцоброс, асық арқан. Жүр: Салеметсіңдер ме балалар, қонақтар « Көңілді жарыстар» атты ойын-сауыққа қош келдіңіздер! Денсаулық –ол шыныққан, Барлық дене мүшесі. Денсаулық ол-тыныққан, Жүйке тамыр жүйесі. Денсаулық ол – күлуің, Көңіл-күйін жадырай Денсаулық –ол жүруін, Ешбір жерің ауырмай. Әрқашан салауатты өмір салтын сақтап, шымыр болайық. Балалар сендер спортқа денсаулыққа байланысты қандай мақал- мәтел білесіңдер? (Балалардың жауабы) 1. Дені саудың жаны сау 2. Денсаулық-зор байлық. 3. Спорт шынықтырады, ұйқы тынықтырады. 4. Денсаулық теңіз Ән мен спорт егіз. Жүр: Жарайсыңдар, оте тамаша! Балалар, біреу есік қаққандай болды, кім келді екен? Тасшабала:Салем балалар! Барлығын мында неге жиналғасыңдар?не болып жатыр? Мен доп ойынап жүріп сендердің дауыстарыңды естідім. Балалар сендер спортпен шұғылданасыңдар ма? Таңертеңгі жаттығу жасайсыңдар ма? Балалардың жауабы: Мен сендерге өзіммен бірге ойын ала келдім. Ойын: «Шашылған допты жинау». Музыка әуенімен бай кіреді. Бай: Салеметсіңдер ме балалар! Ей, тасша сен мында қайдан жүрсін? Тасша: Ассалаумағалейкум Байеке! Мен балалардың даусын естіп келдім, мында спорттық жарыстар болады екен. Балалар мен бірге ойын ойнап жүрмін. Бай: ендеше мен де бір ойын ойнайын. Ойын: « Қыз қуу» Жүр: Бай,Тасшабала біздің балалар ойын ойнап қана қоймайды сонымен бірге спорттық жарыс түрлерінде жақсы игерген. Біздің балалар мен бірге спорттық жарысқа қатысасыңдар ма? Әрине қатысамыз бізде жарысқымыз келеді! Көңілді жарыстар 1. Батутпен секіру 2. Құрсаудың арасынан өту 3. Мергендер ( кольцобросты дәлдеп лақтыру) 4. Қаппен секіру Бұл ойында тәсіл көп, Кім ол алса асықты. Ептілігі басым боп, Сол баланың жеңгені. 5. Асық ату 6. Арқан тарту Жүр: Байеке, Тасшабала біздің балалардың жарысы ұнады ма? Әрине, жас кезімізді есімізге түсіріп бір жасарып қалдық! Балалар біздің басқада баратын жеріміз бар сау болыңдар! Жүр: Көңілді жарыстар атты ойын-сауығымыз өз мәресіне жетті. Денсаулығымыз мықты болу үшін, әрқашан спортпен шұғылданайық. | |
Просмотров: 1010 | | |
Всего комментариев: 0 | |