Главная » Статьи » Дошколенок |
"Заттың санын цифрмен сәйкестендіру"
Бөлімі: Қарапайым математика. Сурет Тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Математкалық жұмбақ. Алыс-жақын. Баланың зейінін дамыту. Мақсаты: Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Математикалық жұмбақтарды шешуге үйрету, логикалық тапсырмаларды көрген мәліметтеріне сүйене отырып шешуді үйрету. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, демонстрациялық ойын. Қажетті көрнекі құралдар: қуыршақ театрының кейіпкерлері. Мотивациялық қозғаушы Армысың аспан әлемі, Армысың мейірімді Жер-Ана. Армысың менің достарым Сәлем бердік сіздерге. Шаттық шеңбері: бір-біріне тілек білдіру. Ұйымдастыру кезеңі Қуыршақ театрының кейіпкерлері қоян, тышқан, аю балаларға қонаққа келеді. Олар бір нәрсеге келісе алмай қалыпты. Сіздер неге келісе алмай жатырсыздар? Сөйтсе достар театрға немен баратынын шеше алмай отыр екен. Сіздер уайымдамаңыздар, балалардан көмек сұрап көрейік. Балалар, біз достарымызға көмектесеміз бе? Ия, көмектесеміз. Балалар суреттегі көліктің аты қандай және оның неше дөңгелегі бар? Аңдардың киімдеріндегі цифрлар суреттегі ойыншықтың дөңгелегімен сәйкес болу керек. Ендеше сан нешені көрсетсе, аңдар сонша дөңгелегі бар көлікті мініп кетеді. Бағыт сызығымен кімнің ойыншығы қайда екенін көрсетіңдер. Қоян сұрайды: - Машина кімдікі? Аюдікі, өйткені оның киімінде 4 деген цифр бар. Тышқан сұрайды: - Самокат кімдікі? Қояндікі, өйткені оның киімінде 2 деген цифр бар. - Балалар, айтыңдаршы велосипед кімдікі? Тышқандікі, өйткені оның киімінде 3 деген цифр бар. Аңдар балаларға алғыс айтып көліктеріне мініп кетіп қалады. Қоян балалармен бірге қалады. Балалар менің сендерге екінші тапсырмам бар. Суретте неше қоян болса, сонша дөңгелекті бояуға тапсырма береді. Балалар жасырынып тұрған қояндардың барлығын тауып 4 ұяшықты бояп шығады. Сергіту сәті Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып – ытқып секірді. Қарап еді артына Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің. 3 тапсырма: Қоян айтады: Менің үйім тиін мен кірпінің үйінің арасында. Қане балалар айтыңдаршы, біздің қайсымыз тиіннен алыс тұрамыз? Мен бе, әлде кірпі ме? Қане, жауабын тауып көріңдер. Балалар суреттен қоянның үйін тауып көрсетеді. Тиіннен ең алыс тұратын кірпі. Өйткені кірпінің үйі қоянның үйінен кейін тұр. Балалар мен сендерге қоянның тапсырмасын тағы түсіндіріп берейін. Үйдің қожайынын бояп шығамыз. Қоян бәріне рахмет айтып кетіп қалады. Ал енді балалар менің сендерге 4 тапсырмам бар. 4 тапсырма: Балалар, мына екі суретті мұқият қарап шығып олардың айырмашылығын тауып бояңдар. Неше айырмашылықты тапсырма бар, сонша дөңгелекті бояймыз. - Неше дөңгелек боядыңдар? - Қандай айырмашылық таптыңдар? 4 айырмашылықты тауып 4 дөңгелек бояды. Сергіту сәті Музыка ырғағымен сергіту жаттығуы Рефлекциялық түзету Өзін – өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Балалар, 4 артық па, әлде 3 артық па? Өте жақсы. Балалар бізге қонаққа кім келді? Балаларды жеке-жеке мақтап, марапаттап, қолпаштау. Балалар 4 саны 3- тен үлкен, 3 саны 4 тен кіші | |
Просмотров: 1790 | |
Всего комментариев: 0 | |