Главная » Статьи » Дошколенок |
Технологическая карта, открытый урок.
оқу қызметінің технологиялық картасы Күні: 17.11.2020 ж. Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика Тақырыбы: «Қорапшаларға орналастыр» Заттарды таңдауға және топтастыруға үйрету Мақсаты: Балаларды заттардың түсімен таныстыру (қызыл, көк). Заттың көлемі, түрі, пішіні туралы білімдерін бекіту. қызыл, сары, жасыл, көк, түске боялған: біртекті заттарды тану және жұмыс жасау; Балалардың көріп есте сақтау қабілетін, сөздік қорың,ойын дағдыларын қалыптастыру. Ұсақ қол қимылдарың жаттықтыру. Ұйымшылдыққа мейірімділікке, кішіпейілдікке, ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Әртүрлі көлемдегі қызыл, көк шарлар,геометриялық пішіндер,сиқырлы қалта,түрлі-түсті гулдер,көбелектер.түрлі-түсті қорапшалар. Қостілдік компонент: Шар-шар,сиқырлы қалта-чудесный мешочек,гүлдер-цветы,көбелектер-бабочки, түрлі-түсті қорапшалар-цветные коробки. Оқу қызметінің кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушы Сәлеметсіздер ме,балалар! Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Шаттық шеңбері Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде Сәлеметсіздер ме! –деп Сәлемдесіп аламыз. — Сәлеметсіңдер ма, балалар! Қараңдаршы бізде сиқырлы қалта бар. Қалтаның ішінде не бар екен, көрейікші! Бұл сиқырлы қалта ашу үшін қане алақанымызды қатты – қатты шапалақтайықшы. Негізгі бөлім: — Ой, балалар қараңдаршы мына қалтада әсем шарлар бар екен. Қане түстерін атайықшы. — Мынау көк шар. — Мынау қызыл шар. — Ал, мына көк шардың көлемі үлкен, ал мына қызыл шар кішкентай екен. — Балалар осы шарларды біз мереке күндері пайдаланамыз. Балалар бүгін біз дидактикалық қызықты ойын ойнаймыз. Дидактикалық ойын: «Түсіне қарай топтастыр» Жақсы Балалар,шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. (Музыка әуенімен қобдиша ашылады) Балалардың жауабы -Көк -Қызыл Іздену-құрастырушы кезеңі Шарты: Балалар екі қорапшаға шарды бөліп салу. Қорапшалардың сыртында пішіндер суреті жапсырылған, сол бойынша біз пішіндер тауып, қажетті қорапшаға салуымыз керек. -Біз мына қорапшаға тіктөртбұрышты пішіндерді саламыз. Олар үлкен және кішкентай. -Оларды тауып, осындай суреті бар қорапшаға салыңдар. -Ал мына қорапшаға басқа пішіндерді саласыңдар, мынандай үшбұрыштарды,және дөңгелектерді. Олар да – үлкен және кішкентай. Сергіту сәті : Жаттығу жасаймыз! Бір деп-тік тұрамыз, Екі деп-екі рет айналамыз, Үш деп-үш рет секіріп, Төрт дегенде-отырамыз! Тәрбиеші: Балалар, біз қонақтарымызға көмек берейік. Қане барлығымыз қонақтарымыздың қолындағы гүлдердің түстерін айтайық. Ол үшін мына гүлдердің түстерін анықтайық. Осы сүп-сүйкімді гүлдердің иісін сезген көбелектер біздің гүлдерімізге келіп қонбақшы, сондықтан да біз қонақтармен бірге «Көбелек гүлге қонды» деген ойын ойнаймыз. -Тіктөртбұрыш -Ұшбұрыш -Дөңгелек Балалар тіктөртбұрышты пішіндерді алып тіктөртбұрыш Балалар қуана,қызыға ойыншықтармен ойнайды. Балалар енді бойымызды бір сергітіп алайық. Монтесорри әдістемесі бойынша балалар жұмыс жасайды Қонақтармен ойын ойнайды. Рефлексивті- коррекциялаушы Қорытынды бөлім: — Балалар, шарлар қандай түсті екен? — Мына қызыл шар қандай? — Мына көк шар қандай?- деген сұрақтар қою арқылы оқу қызметін қорытындылау. Балаларды мадақтау. Балаларға сыйлықтар таратылады. Балалар қуанып, алғыстарын білдіреді. --Өте жақсы, жарайсыңдар! --Балалар сендер ойынға өте жақсы қатыстыңдар! --Ақылды бала болып өсіңдер, балалар! Күтілетін нәтиже: Білу: Түстерді ажыратып, аттарын (қызыл, көк, сары) білу Игеру:заттарды топтастыра алу. Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу. | |
Просмотров: 432 | | |
Всего комментариев: 0 | |