Главная » Статьи » Уроки музыки

«Балаларды сахнадан қорықпауға қалай баулуға болады»
Сахнада толқу мәселесі – үлкен кәсіби-психологиялық ұстамдылыққа ие музыкант-орындаушылар үшін де, сахналық тәжірибені енді жинақтап жатқан балалар үшін де барынша өзекті, маңызды мәселелердің бірі. Біздің өнер училищесінде көпшілік алдына шығу – балаға қажетті бағыт беретін сабақтың ажырамас бөлігі. Оқушының концерт алдындағы көңіл-күйі көбіне оның педагогінің психикалық жағдайына байланысты. Ұстаз өз шәкірттерінің жүрегіне сергектік пен құлшыныс ұялата білуі тиіс, яғни олар үшін жеке психотерапевт болуы керек.
Бала күнінде жиі және сәтті өнер көрсеткен музыкант- орындаушы болашақта эстрадалық толқумен жақсы күресе біледі. Дегенмен, осы пікірде қатып қалудың еш мәні жоқ, себебі атақты әртістердің өмірбаянында осы пікірді «қолдайтын» және «қолдамайтын» дәлелдер көптеп кездеседі.
Аталған тақырыпқа көшпес бұрын, мен «қобыз» аспабында оқитын өзімнің әртүрлі жастағы оқушыларыма мынадай сұрақтар қойдым:
 Сен өнер көрсеткенді жақсы көресің бе?
 Сенің қай залда, қандай тыңдармандардың алдында аспапта ойнағың келеді?
 Сен қандай жағдайда қатты толқисың: сахнаға шығардан бір күн, бір сағат немесе сахнаға шыққанда?
 Өнер көрсеткендегі өзіңнің ең үздік, есіңде қалған сәтті ата.
 Ең сәтсіз өнер көрсеткен кезіңді ата. Неге олай болды?
 Қайтадан ойнағың, қайталағың келе ме?
 Бүгін сенің жақсы өнер көрсетуіңе не жетіспейді немесе не кедергі келтіреді?
Балалардың жауаптары ойлануымызға себеп болды. Мектеп жасына дейінгі және төменгі сынып оқушылары өнер көрсеткенді жақсы көреді және мүлдем толқымайды. Кейбір балалардың толқуы кешке басталады, көбісінде – өнер көрсетерден бірнеше сағат бұрын. Олар үшін басты күйзелтетін жағдай көрермендер залы, олардың әрбір іс-қимылын басқа адамдардың бақылайтындығы мен бағалайтындығын түсіну болып табылады. Сондықтан көп адамдар құрдастары, достары, жақындары үшін өнер көрсеткіоері келеді, олар үлкен залда өнер көрсеткенді ұнатпайды. Өнер көрсетердің алдында барлығы ата-аналары мен ұстаздарынан қолдау күтеді. Оқушының жасы есейген сайын, ол өзінің өнеріне сыни көзбен қарайды және оның үнемі бағдарламаны қайтадан барынша жоғары деңгейде ойнау ынтасы бар.
Әдетте мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар көпшіліктің алдында өнер көрсетулен қателік жіберіп, ерсі көрінуден қорықпайды. Мәселе кейінірек туындайды. Мамандардың көбісінің толқу 10-11 жаста туындайды деген пікірі сәйкес келеді; кейбірінде ерте, кейбірінде кейінірек пайда болады, бірақ орта жаста осы жас «кезеңі» типтік және барынша кеңінен таралған деп саналады. Бірақ, бала қорқақтап тұрса не шара? Біріншіден – оны «қиындыққа» айналдырмау керек. Сіздің алаңдаушылығыңыз, тақырыпты талқылауыңыз, егжей-тегжейін анықтау – тіпті баланың сыртынан болса да, тек оның қорқынышы мен алаңдаушылығын күшейтеді. Әдеттегіден тыс жағдайлардың бәрінен: сахнадан, көпшіліктен қорқу – қалыпты құбылыс, бірақ бұл өз қорқынышыңды ушықтырудың себебі емес. Америкада музыка мектептерінің бірінде алғашқы өнер көрсету былай жүзеге асады: қолдарына аспап ұстаған және костюм киген балалар сахнаға шығады. Залда олардың ата-аналары мен таныстары отырады. Олар қол шапалақтайды, балалар тағзым етеді... осымен бітті. Алғашқы өнер көрсету аяқталды. Ғажап тәжірибе!
«Көпшіліктің алдына» шығатын барлық адамдар толқиды, бірақ кейбіреулері алға қойылған міндеттерді шешудің жеткілікті жігерлі ресурстарына ие болса, басқалары әлсіз, жаттықтырылмаған жігерге ие және сәтсіздікке ұшырайды. Оңтайлы концерттік көңіл-күйге эстрадалық безгек және селқостық секілді екі жағымсыз жағдай кері әсерін тигізеді.
Алғашқы жағдайда қатты толқу шиеленіскен және дірілдеген қимылдарда, қол мен аяқтың дірілдеуінде, акценттелген ым-ишара мен ымдауда көрініс табады. Қимылдар шиеленісіп, тыныс алу жиілейді және үстірт, бет терісі қызыл дақтарға толып, алақан терлейді.
Адамның осындай күйде ұзақ жүре алмайтыны түсінікті. Жүйке жүйесі шаршай бастайды және белгілі бір уақыттан кейін организм зауықсызданады – ішкі жан дүниесінде орын алған жағдайға толық немқұрайлылық орнайды. Мұндай күйде адам босаңсиды, іштей тұйықталады, ұйқышылдық пайда болады. Сахнаға шығардан бұрын ұзақ уақыт кезек күтудің нәтижесінде осылай болады. Егер сіздің тынысыңыз тарылып, қолдарыңыз дірілдесе, онда апат жақындады деуге болады. Ал, осы жағдай үнемі орын алса, онда сахнаға шығу қорқынышы күшейе түсуі мүмкін, соңында сіз сахна өзіңізге арналмаған деген шешімге келесіз. Бұл тұйықталған шеңбер тәрізді. Сахнаның алдындағы қорқынышты еңсеруге болады.
Сахналық толқудың алғашқы себептерінің бірі – оқушының мәтінді ұмытып қалудан қорқуы. Ұмытып қалудан қорыққандықтан, көпшіліктің алдында орындағаннан қорқады; әдеттегідей, қатты толқығандықтан, бәрін ұмытып қалады. Ал, сахнада есеңгіреп қалу мәтінді жеткілікті дәрежеде жаттамаудың нәтижесі болып табылатындығы қарама- қайшылық тудырады. Алайда, шығарма 100% жатталуы тиіс. Орындаушының «ар-ұжданының» тазалығын сезінуі өзіне деген сенімін нығайтады.
Көбіне толқу мынадай ойлардан туындайды: «Мен туралы не дейді?», «мен көрсеткен өнерімнің бағасы қандай болады?» және т.с.с. Жас қобызшының өзінің беделіне алаңдаушылығы толық заңды және табиғи нәрсе. Менің ойымша, жас музыкашының сахналық ұстамдылығын қалыптастырудың негізгі жолдары мен тәсілдерін бөліп көрсетуге болады.
Өнер көрсету бағдарламасын мінсіз жаттап алған сияқты болса да, оны сахнада ойнап көрсетуге болса да, әр музыкант қателіктен сақтанғысы келеді. Шығарманы қаншалықты жақсы жаттасақ та, ықтимал қателерді анықтау үшін бірнеше тәсілді ұсынуға болады:
• Көзге таңғыш байлау. Баяу немесе орташа қарқынмен, сенімді, нық денемен шығарманы қатесіз орындауға тырысу.
• Кедергілер мен алаңдататын факторлармен ойнау. Музыканы орташа дауысқа қосу және бағдарламаны орныдауға тырысу. Егер параллель түрде музыка ойнап тұрған ортада орындаушы өз бағдарламасын еш қиындықсыз ойнай алса, онда оның зейініне қызғанышпен қарауға болады.
• Бағдарламаны орындау сәтінде педагог немесе басқа біреу оның қиын жерінде психиканы жаралайтын «қате» деген сөзді айтуы мүмкін, бірақ музыкант осыған қарамастан қателік жібермеуге тырысуы қажет.
• Жеңіл бас айналуы, қан тамырларының жиі соғысы байқалғанға дейін өз осьіңнің жанында бірнеше бұрылыс жасау немесе бірнеше рет жүрелеп отыру (секіру). Осыдан кейін ойыңды жинақтап, бар күшіңді жинап, көтеріңкі рухпен ойынды бастау. Анықталған қателер баяу қарқынмен бағдарламаны мұқият ойнау барысында жойылуы тиіс.
Оқушыны көпшілік алдында өнер көрсетуге дайындаудың негізгі психологиялық ерекшеліктері
 Сахнаға шығардан бірнеше күн бұрын жас музыкант өз қиялында болашақта өзі өнер көрсететін ортаға бейімделуі үшін сол өнер көрсететін жерді көз алдына елестетуіне көмектесу керек.
 Қиялдағы аудиторияның алдында ойнау. Тыңдармандардың орнына ьір қатар орындықтар қойылып, қуыршақтар мен ойыншықтар отырғызуға болады. Орындау кезінде кез-келген күтпеген жағдайға дайын болу керек және оларға тап болғанда тоқтамай, жалғастыра беру керек. Осы тәсілді қолдана отырып, шығарманы қайталап ойнау – орындауға толқыныстың әсерін азайтады.
 Асыра ойнау. Достарың мен олардың жанұясын шақырып, солар үшін ойаңдар. Шығарманы немесе бағдарламаны асыра ойнауды барынша жиі орындау керек және Станиславскийдің «қиын үйреншіктіге айналады, үйреншікті – оңайға, ал оңай нәрсе – жағымдыға айналады» деген сөзімен айтқандай барынша жағымды нәтижеге жетуге тырысыңдар.
 Дайындықты бейнекамераға түсіріп алу. Үйдегі концерттен кейін баланың бейнеге түсірілген өнерін қарап, оған өзіне сырттан қарауға мүмкіндік беру керек, оның мықты жақтарын атап, жаттығу барысында әлсіз тұстарын түзету керек.
 Оқушының толқыныстарды басынан өткеруіне басқа оқушылардың. Әртістердің, педагогтердің өнерін бақылау көмектеседі.
Өнер көрсетер алдында
 Саъхнаға шыққанда демді ішке бірнеше рет тартып, бірнеше рет дем шығару керек; жүрек соғысы қалыпқа келіп, байсалдылық пайда болады.
 Аспапқа бейімделген маңызды.
 Киім ыңғайлы болуы тиіс.
 Сахнаға асықпай, шығыс мәнеріне еніп, жеңіл шығу керек.
 Бүкіл концерт бойы музыкант бейнеге енуі тиіс. Өзіңді шынайы ұстау керек: жинақы, қысылып- қымтырылмай, еркін, бірақ дөрекі емес. Залдағы көрермендерге тесіле қарамау керек.
 Ойнауды бастамас бұрын, шығараманың басын іштей ойнап шығу керек.
Тыңдармандар концертке келді, олар алдағы оқиғаны асыға күтуде. Сахнаға орындаушы шыққанда, барлығының жанары осыған қадалады. Орындыққа орнығып, бір уақытта өнер көрсетуге дайындала отырып, залдағы шу басылғанша біраз күте тұру қажет. Сахнаның әртіске өзінің белгілі талаптары бар екендігі белгілі, сахналық мінез-құлық та маңызды рөл атқарады: сахнаға шығу және кету, тағзым ету, аспапты ұстаудағы іс-қимыл – бір сөзбен айтқанда, біз әртісшілдік деп айтатынның барлығы.
Жас орындаушының әрбір көрсеткен өнері сәтті шығуының құпиясын еш әдіскер де, педагог те айта алмайды. әрбір адам - қайталанбас тұлға, осыған сәйкес, дайындық формалары мен әдістері үнемі жас музыканттың тұлғалық қасиеттеріне негізделуі тиіс. Үздік шығармашылық жетістіктер мен сахналық қорқынышты тек орындаушы сахнаға ұмтылғанда ғана еңсеруге болады!
Категория: Уроки музыки | Добавил: Арайлым (08.12.2017) | Автор: Арайлым E
Просмотров: 622 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]