Главная » Статьи » Уроки музыки

"Оқушылардың музыкалық есту қабілетін арттыру"
Музыкалық білім беруде музыкантты тәрбиелеуге,оның талғамын қалыптастыруға ықпал етуші пәндердің бірі- сольфеджио болып табылады.
Бұл пәннің басты міндеті-музыкалық есту қабілетін ұйымдастыру және дамыту,сонымен қатар шығармашылық атқару іс-тәжіребиесінде белсенді түрде қолдануға баулу.
Сольфеджио сабағына қажетті формалардың бірі вокалдық-интонациялық жаттығулар жане оқушы санасын дамыту болып табылады, яғни гаммаларды, музыкалық есептерді, интервалдарды, аккордтарды, секвенцияларды, әртүрлі мелодия айналымдарын әндету. Олар музыкалық есту қабілетін (мақамдық,үйлесімдік,әуенді) дамытуға,сонымен қатар парақтан қарап ән айтудың,әуен жазу мен естуі бойынша талдаудың іс-тәжірибелік машықтарын тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Вокалдық-интонациялық жаттығулар міндеттері-сабақта белсенді орындау аркылы музыка тілінің элементтері мен олардың дыбыстық бейнесі туралы мәліметтерді бекіту. Дыбыстық аппараттың жұмысы барысындағы физикалық сезімдер мен өз орындауын көп реттік тыңдаулар есте сақтауға ықпал етеді.
Қандай да бір элементті меңгеру үшін оны теориялық тұрғыдан ,естуі бойынша танудың қажеті жоқ-оны орындай білу қажет. Дыбысталуды осындай белсенді өз бетімен орындаушылық оқушының есту санасындағы дыбыстық бейнені нығайтады және ішкі күшті түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Сольфеджио сабағында интервалдарды меңгерту маңызды роль атқарады. Олармен жұмыс барысында дұрыс әдістемені қолданған жөн:
• интервалдардың дыбысталуын есте сақтау;
• оны естуі бойынша ажырату жане дауыспен қайталау дағдысы;
• интервалдың интонациясын атауы бойынша елестету дағдысы.
Итервалдардың бояуын (фонизмін) меңгеру ортақдыбыстық әсерлерден басталады:мажорлы немесе минорлы,ұлғайтылған немесе кішірейтілген, диссонанс немесе консонанс, дыбысталудың кең немесе тар диапазоны.
Интервалдар мен аккордтарды әндету үйреншікті жағдайға айналуы тиіс.
Барлық сабақты хормен ән айтудан бастау керек, әндету мәнерліліктің берілген шамасына сәйкес айқайсыз (унисон) орындалуы тиіс. Интонациялық жаттығулар сольфеджерлеудің, диктанттың, парақтан оқудың, естуі бойынша талдаудың келесі жұмысымен тығыз байланысты болуы тиіс. Балалардың зейінін шаршатпау жане есту қабілетін келесі сабақта меңгерілетін материалдарды қабылдауға дайындау үшін кішкене уақыт бөлуі тиіс. Музыкалық шығармалардың үзінділері,сонымен қатар педагог құрастырған жаттығулар балалардың ой-өрісін дамытуға арналған қосымша материал болып табылады.
Тәжірибелі психологтармен ұстаздардың пайымдауынша оқушылардың музыкалық есту қабілеттілігін, шығармашылық қызығушылығын арттыру әр-түрлі музыкалық ойындар қолдану арқылы дамытуға болады. Музыкалық ойындар- бастауыш сынып оқушыларының ең маңызды оқыту әдісі болып есептелінеді. Оқушы осы әдіс-тәсіл арқылы өзіне керегін жылдам әрі нақты қабылдайды. Балалар оқу-ойын әдістемесі бойынша жаңа тақырыпты көру арқылы 15%-ға, есту арқылы 25%-ға есте сақтап қалады. Бір мезгілде көру, тындау арқылы 65% естеріне сақтап қалады делінген.
Психолог Д.Узданзе «музыкалық білім беру- бұл ерекше қызмет- ойында емес, еңбекте емес, бірақ екеуіне де қатысы бар»
Сольфеджио пәні әр оқушының музыкаға деген қызығушылығын арттырып, ойлау және музыкалық есту қабілетін арттыратын маңызды пәндердің бірі.
Категория: Уроки музыки | Добавил: Айка4934 (05.11.2018) | Автор: Кәдірбекова Әйгерім Кәдірбекқызы E
Просмотров: 499 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]