Главная » Статьи » Уроки музыки

Музыка Мұғалімінің кәсіби шеберлігін арттыру мәселелерінің теориялық негіздері
Музыка Мұғалімінің кәсіби шеберлігін арттыру мәселелерінің теориялық негіздері
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұру барысында оқушының білім сапасын дамыта отырып, педагог қызметкерлерінің мәртебесін көтеру бүгінгі қоғамның көкейкесті мәселесі болып отыр.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім-шығармашылығы дамыған, ұшқыр ойлауға қабілетті, мемлекеттік даму бағыттарын терең түсінетін маман, мұғалім кәсіптік қызмет міндеттерін жүйелі түрде өсіре білетін, мақсат қоя отырып өз еңбегінің нәтижесіне ұмтылуы тиіс.
Қазіргі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Мұғалім адамды қалыптастыратын мамандық иесі. Оның қызметі өте күрделі және көп салалы. Сондықтан педагог қызметкерлерінен:
- Жан- жақты терең ғылыми білімі
- Жоғары педагогикалық шеберлігі
- Адамгершілік ізгі қасиеті
- Табандылық, ерлік
- Парасатты мінез- құлық талап етіледі.
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып табылады. Педагокикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастыққа жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс-тәсілдерін жаңаша жандандыра түсу.
Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынандай жүйелерге бөлінеді: педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық, педагогтық кәсіби білгірлік, педагогтық іс-әрекетке бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Ұлы жазушы, педагог Л.Н. Толстой былай деген болатын: «Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол – жетілген мұғалім.Педагогикалық кәсіби шеберліктің фундаменттік негізі – кәсіптік білім. Кәсіптік білім ерекшелігі – оның кешенділігінде, біріншіден – оған білім мазмұны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру ұстанымдары жатады. Екіншіден – ол кәсіптік білімді, саналы ереже принцип – тәртіпті қалыптастырады.
Үшіншіден – теориялық, технологиялық, әдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагог өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері- Педагогикалық білім бірлігі, Педагогикалық кәсіпке бейімділігі.Ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.
Ал сабақты өткізу шеберлігі деп – материалды логикалық тұрғыдан жеткізе білу, белгілі бір мәнерлілік, дәл және айқын дикция, дауыстың ырғағы, мимика, жест, пластика және т.б айтамыз. Мұғалімнің рухани бай екендігі оның ойлау мәдениеті мен сөйлеу мәдениетінен көрініс табады. Бұл қабілет сонымен қатар тұлғаның қалыптасуындағы басты құрал ретінде көрініс береді. В.А. Сухомлинский өз сөзінде: «Мұғалімнің сөзі – тәрбиеленушілердің жанына әсер ететін ештеңемен алмастырмайтын құрал. Атап айтқанда ісі» - деп атап көрсеткен. Адам санасына ғана емес, сонымен қатар сезіміне де әсер ету педагогикалық шығармашылықтың шынайы белгісі.
Сонымен педагогикалық шеберлік дегеніміз – жүйелі үрдіс, педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізетін жол. Ол жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді, кәсіптік позицияны қалыптастырады. Бұл мұғалім тұлғасы, оның кәсіпқой білімі.
Қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқталатын болсақ:
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы керек.
Екіншіден, мұғалім педагогттық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүниежүзілік ғаламтану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қандай пәннен сабақ бермесін, ол баланың өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Үшіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, бейімділік, сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды,
дәйректерді, құбылыстарды талдай білуі шарт. Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға білім беру, тәрбиелеу, жетілдіру, болашағын дамыту.
Көптеген әдебиеттерде теориялық талдау жасау барысында музыка пәні мұғаліміне қойылатын бірқатар талаптар бар екені айғақталды. Алғашқы талап: педагогикалық қабілеттіліктің болуы-оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа. Көбіне педагогикалық қабілеттер сөз сөйлеу мәдениетін, ән айту, балаларды ұйымдастыру және т.б нақты әрекеттерді орында білумен сипатталады.
Мәселен, В.А . Сластелин қабілеттердің мынандай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:
1. Ұйымдастырушылық. Мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және т.б біліктерінен байқалады.
2. Дидактикалық. Оқу материалдарын көрнекілік, құрал-жабдықтарды дайындау, оқу материалын ұғынықты, мәнерлі, сенімді баяндау, танымдық қызығушылық пен рухани қажеттіліктердің дамуын ынталандыру, оқу-танымдық белсенділігін арттыру.
3. Рецетивтік. Тәрбиеленушілердің рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциональдық көңіл-күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.
4. Коммуникативтік. Мұғалімнің оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым-қатынастар орната алу білігінен байқалады.
5. Сугессивтік. Оқушыларға эмоцинальді-еріктің ықпал жасаудан көрінеді.
6. Зерттеушілік. Педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.
7. Ғылыми-танымдық. Мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге саяды.
Ал музыка мұғалімінің жұмысын шығармашылық ізденіссіз елестету мүмкін емес. Бұл үшін мұғалімге: сабағы мен сыныптан тыс жұмыстар үшін сапалы білім беруге талпыну, оқушының қабілетіне қарай шығарманы дұрыс таңдау, сабақта әр-түрлі әдіс – тәсілдер қолдана білу, оқушыны жалықтырмау керек. Оқушының қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру үшін түрлі байқауларға қатыстыруды бастан мақсат ете білу керек, әрине барлық оқушыны байқауға апару мүмкін емес екендігі белгілі, алайда мұғалім әр оқушысының қабілетін барынша ашуға тырысуы керек. Әр байқауға барған сайын мұғалім тәжірибе жинайды. Сондықтан да музыка мұғалімінің қазіргі уақытта кәсіби шеберлігінің артуына байқаулардың берер жемісі көп. Сонымен қатар мұғалім әлеуметтік желідегі шығармаларды, ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын концерттерді әрдайым тыңдап, өзіне керектісін алып, әрдайым ізденіс үстінде болуы керек.
Сонымен, қорыта келе музыка мұғалімінің кәсіби шеберлігін арттыру тәжірибелері туралы мәселені қамти келе мұғалім алдымен, өзі үлгі боларлықтай тұлға болу керек. Ұстаз мәртебесі - ел мерейі. Ұстаздар алдындағы басты міндет – еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді, білікті, тәрбиелі ұл-қыздарын қалыптастыру болмақ.
Категория: Уроки музыки | Добавил: Dombyrawy (16.04.2019) | Автор: Гульнур E
Просмотров: 1002 | Теги: культура, профессионализм педагога, повышение квалификации педагогов, музыка, учитель, патриотизм | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]