Главная » Статьи » География

Қазақстандағы маңызды су көздерінің сипаттамасы
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы
№7 қазақ орта мектеп
Мусаева Шарайна Ідірісқызы
География пәнінің мұғалімі
Тақырыбы:Қазақстандағы маңызды су көздерінің сипаттамасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақстандағы маңызды су көздеріне сипаттама,маңыздылығын түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін,білімін оқыта отырыа дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды су көздерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру
Су – өмір көзі. Сусыз атмосфера оттегімен толықтырыла алмайды. Су үлкен (геологиялық ) және кіші (биохимиялық ) зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда пайда болған. Адам ағзасында 60%- дай су болады.
БҰҰ мәліметтері бойынша ХХІ ғасырда ғаламдық жылынудан гөрі судың жетіспеуі өткір мәселе болады. Су қорының жетіспеуі тек кедейлік пен мешеулікке ғана әкеліп соқпай, этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болады.
Адам су үшін тек биологиялық емес, әлеуметтік те фактор болып келеді. Биологиялық мақсат үшін адам тәулігіне 5л жұмсаса, одан басқа тағы 1500-2000 жұмсайды.
Араб әмірлігінде 1л ауызсуды 1л шикі мұнайға айырбастауға болады.Табиғи ауызсу ұлт байлығына айналып барады. Дүкендерде ауызсудың сатылуы қалыпты жағдайға ұласты.
Жер ғаламшарындағы су қоры – 1, 400 000 кмз , бірақ оның көбі ащы.Су қорын пайдаланғанда оның айналым жылдамдығын ескерген жөн.Тұщы судың 70%-дайы мәңгі мұздық пен мәңгі қардың үлесінде, бірақ адам ол суды пайдалана алмайды. Бұл «өлі» табиғи су қоры. Жердің терең қойнауындағы суды да пайдалану қиын. Сондықтан адамның қолы жететін су қорының 0,001 % ғана ішуге жарамды.
Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес.
Өзендер – республиканың негізгі су көздері. Қазақстанның көптеген өзендері,әсіресе, олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.
Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50 000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.
Қазақстандағы суды аса көп тұтынушы – ауылшаруашылығы, екінші орында – өнеркәсіп пен энергетика, үшінші орында – қалалардың коммуналдық шаруашылығы.
2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасына сәйкес коршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері еңгізіліп Қазақстан суларын қорғау мәселелері бойынша тиісті құжаттар әзірленіп бекітілді.
Қоршаған ортаның жай күйіне байланысты енгізілген маниторингтің бірыңғай жүйесі бар.
Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде Қазақстан суларының қазіргі жай күйі, ластану дәрежесі және экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу жолдарын анықтау және іске асыру мақсатында осы ғылыми жоба алынды. Қазіргі уақытта су объектілерін тау-кен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған. Менің мақсатым Солтүстік Қазақстан өзендерінің ластану деңгейін анықтап, дәлелдеу.
Сабақты бекіту сұрақтары:пікірталас
-Қазақстандағы маңызды су көздерін атаңыз
-Оларды қорғау мәселелері
Қорытынды
Үйге тапсырма :Қазақстандардағы су көздеріне жеке жеке мәліметтер дайындап келу

Источник: http://Қазақстандағы маңызды су көздерінің сипаттамасы
Категория: География | Добавил: Шарайна (12.01.2015) | Автор: Мусаева Шарайна
Просмотров: 1928 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]