Главная » Статьи » География |
«Географиялық білім бәйгесі»
Сарыкемер ауылы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Оспанова Майра Сауытбаевна география пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы: «Географиялық білім бәйгесі» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алдыңғы тараулар бойынша алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, қорытындылау арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру, әр оқушының іскерлік ізденімпаздығын жетілдіру, білімді сыныпты анықтау. Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: Оқушылардың табиғи мүмкіндіктерін ашып, олардың бойындағы қабілетін, білімін жоғары сатыға көтеру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, шығармашылық қабілетін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ептілікке, жылдам жауап беруге дағдыландыру. 3.Тәрбиелік: Білім алуға деген ынтасын арттыра отырып, ұқыптылық пен жауапкер- шілікке, ізденімпаздыққа, топта жұмыс істей білуге,өзара сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Сыныптан тыс сабақ Сабақтың түрі: Танымдық ойын - сайыс сабағы Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, картамен жұмыс, сөзжұмбақ шешу. т.б. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, асықтар, қоржын, кеспе қағаздар, карта, атлас, кескін карта, шар, сандық. бағалау парақтары Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Ойын шарттарымен таныстыру. Әділқазылар алқасын сайлау. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ойынға 5 топ қатысады. І топ: «Гималай» Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңістен. ІІ топ: «Тұран» Ұраны: Білім алып, бүгін алтын ұядан, Ертең әлі шарықтаймыз қияға! ІІІ топ: «Кракатау» Ұраны: Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. ІV топ: «Жайық» Ұраны: Заманға сай болу мақсатымыз, Білімменен шықсын жақсы атымыз. V топ: «Байкал» Ұраны: Қыран болып, самғаймыз, Қарсы топтан қалмаймыз. ІІ. Негізгі бөлім: Сабақтың кезеңдері: 1. «Сәлем сөздің анасы» (Топтардың таныстыруы, ұраны, эмблема, топ атына байланысты макет) 5 ұпай 2. «Жүйрік атқа жел қамшы.» (Сұрақ-жауаптар) Әр сұраққа 1 ұпайдан 3. «Тапқыр болсаң, тауып көр.» (Кескініне қарап, объектілерді анықтау. 5 ұпай 4. «Жүйрік болсаң шауып көр.» (Ең ?, ең?, ең?) Әр сұраққа 1 ұпайдан 5. «Алғыр болсаң шешіп көр.» (Географиялық есептер шешу) 10 ұпай 6. «Ойлы болсаң озып көр.» (Сандардың қандай объектіге тиісті екендігін анықтау) Әр сұраққа 1 ұпайдан 7. «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.» (Жұмбақтардың жауабын табу.) Әр сұраққа 1 ұпайдан 8. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл.» (Сөзжұмбақ шешу) 10 ұпай 9. «Мен қайдамын?» (Картадан объектілерді табу) Әр сұраққа 1 ұпайдан 10. «Батыр болсаң қол баста.» (Топ басшылар сайысы) 5 ұпай Топтарды және әділ қазылар алқасын сайыс кезеңдерімен және шарттарымен таныстырып, әділ қазылар алқасына бағалау парақтарын беру. Сабақты бастау Мұғалімнің кіріспе сөзі: Көңілді тапқырлар, алғырлар, Бар өнерін алдарыңа салады. Кім білімді,көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады. Болсын дейміз жарысымыз жемісті, Озып шықсын: кім білімді, кім күшті. Жеңіп шығар әділдікпен жемісті, Дейміз де, сайысымызды бастаймыз.- дей отырып, бүгінгі 6 сыныптар арасында болатын «Географиялық білім бәйгесі» атты интеллектуалды танымдық ойын-сайысымызды бастаймыз.Бүгінгі сайыс барысында сендер Жердің қабықтары- литосфера, гидросфера және атмосфера тараулары бойынша алған білімдеріңді, ой- өрістеріңді, ақылдарың мен ептіліктерің-ді ортаға салатын боласыңдар. І кезең: «Сәлем сөздің анасы» Топтар сәлемдесуін, ұранын айтады, әділ қазылар алқасына эмблемаларын және өздері жасап келген топ атына байланысты макеттерін қорғайды. ІІ кезең: «Жүйрік атқа жел қамшы.» Мұнда әр топқа 5 сұрақтан беріледі, топтар жылдам жауап беруі керек. Әр сұрақ 1 балмен бағаланады.Күдік болмауы үшін, шар ішіндегі бір ғана сұраққа қай топ бірінші болып жауап берсе, сұрақтарға жауап беруді сол топтан бастаймыз.Сұрақтарға жауап беруі үшін, топ басшысы келіп, қазақы аяққапқа салынған асықтарды араластырып, біреуін алады, нешінші нөмірлі асық түссе, сол нөмірлі кеспе қағаздағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар: 1. Цунами толқындары неліктен пайда болады? ( Мұхит астында жер сілкінуден ) 2. Шығанақ деген не? (Судың құрлыққа сұғына еніп тұрған бөлігі) 3. Бір мұхиттың суы ластанса, 2-ші мұхиттың суы таза болуы мүмкін бе? (жоқ) 4. Қай теңізде тұздылық жоғары? (Қызыл теңізде) 5. Әрбір 100 метрге көтерілгенде ауаның температурасы қанша градусқа төмендейді? (0,60С-қа) 6. Ауаның көлденең бағытта қозғалуы? (жел) 7. Жер шарында судың көлемі үлкен бе, құрлықтың көлемі үлкен бе? (судың) 8. Ең алғаш литосфералық тақталар теориясының негізін салған ғалым? (А. Вегенер) 9. Жердің су қабығы? (Гидросфера) 10. Жер қыртысын түзетін тау жыныстары қаншаға бөлінеді? (3-ке) 11. Фонтан сияқты атқылайтын ыстық бұлақ? (гейзер) 12. Аласа таулардың биіктігі қанша болады? (500-1000 м) 13. Жанартаудан төмен қарай ағатын, ыстық қоймалжың зат? (лава) 14. Біздің еліміз қай литосфералық тақтаның үстінде орналасқан? (Еуразия тақтасы) 15. Бір тәулікте бағытын екі рет өзгертетін жел? (бриз) 16. Жер бетіне ауадан келіп түсетін ылғал? (жауын-шашын) 17. Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан суға үздіксіз ауысу процесі қалай аталады? (дүниежүзілік су айналымы) 18. Мұздықтар қаншаға бөлінеді,олар қалай аталады?(2-ге тау және жабынды мұздықтар) 19. Теңіз қарақшысының атына қойылған бұғаз? (Дрейк бұғазы) 20. Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы? (атмосфералық қысым) 21. Жер қыртысы мен ядроның арасындағы қабат? (мантия) 22. Судың биік кемерден құлап ағуы? (сарқырама) 23. Қазақстан қай климаттық белдеуде орналасқан? (қоңыржай) 24. Ақпан айы 29-на біткен жыл қалай аталады? (кібісе жылы) 25. Жер сілкінуді сезетін аспап? (сейсмограф) ІІІ кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр.» Бұл бөлімде интерактивті тақтада мұхиттардың, теңіздердің көлдердің, аралдардың, шығанақтарды және материктердің кескіндері берілген, оқушылар қандай объект екенін атласқа қарап, анықтауы керек. Шар ішіндегі сұраққа жауап берген топтан бастаймыз. Берілген объектілкр: Африка материгі, Гренландия аралы, Аустралия материгі, Каспий теңізі,Еуразия материгі,Байкал көлі,Оңтүстік Америка материгі,Тынық мұхиты, Мадагаскар аралы, Арал теңізі, Жаңа Гвинея аралы, Балқаш көлі, ІV кезең: «Жүйрік болсаң шауып көр.» Бұл бөлімде ең.....ең.....ең.... деген сұрақтарға жауап беруі керек. Ол үшін қазақтың ұлттық ойыны «Хан талапай» ойналады. Қай топ көп асық жинаса, жауап беруді бірінші болып сол топтан бастаймыз. Ең.....ең.....ең..... сұрақтары: 1. Ең үлкен түбек? (Арабия) 2. Ең ескі тау? (Орал) 3. Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан-Тәңірі) 4. Ең биік сөнбеген жанартау? (Ключи Шоқысы) 5. Ең суық мұхит? (Солтүстік Мұзды) 6. Ең терең шұңғыма? (Мариана) 7. Ең биік шың? (Джомолунгма) 8. Ең ащы теңіз? (Қызыл) 9. Ең ұзын бұғаз? (Мозамбик) 10. Ең үлкен арал? (Гренландия) 11. Ең терең көл? (Байкал) 12. Ең биік сарқырама? (Анхель) 13. Ең суы мол өзен? (Амазонка) 14. Ең ұзын өзен? (Ніл) 15. Қазақстандағы ең үлкен көл? (Каспий) 16. Ең қуатты жылы ағыс? (Гольфстрим) 17. Қазақстандағы ең лайлы өзен? (Сырдария) 18. Ең биіктегі бұлт? (Шарбы) 19. Ең үлкен ойпат? (Амазонка) V кезең: «Алғыр болсаң шешіп көр.» Бұл бөлімде үш топқа бір-бірден географиялық есеп беріледі, соны топ болып шешуі керек. Тақтада есеп жазылған үш қағаз теріс қарап, ілінген, топ басшылары келіп алады. Есептер: 1. Таудың етегінде температура +20 0, ал шыңында -16 0 болса, таудың биіктігі қандай? Шешуі: +20 0--(-16 0)= 36 0 36:6 =6 км Жауабы: Таудың биіктігі 6 км 2. Барометр тау етегінде 740 мм, ал тау басында 440 мм көрсетсе, тау басының биіктігі қандай? Шешуі: (740-440) х10=3000 м Жауабы: Тау басының биіктігі 3000 м 3. Үш километр биіктікте термометр 00 градусты көрсетті. Осы кезде тау етегінде температура қандай болады? Шешуі: 60 х 3=180 Жауабы: Тау етегінде температура 180 VІ кезең: «Ойлы болсаң озып көр.» Бұл бөлімде тақтада сандар жазылып шығады, топтар ол сандардың қандай объектіге тиісті екенін табады. Берілген сандар: 8848м, 1054м, 6695м, 1620м, 180млн км2, 11022м, 6193м, 510млн км2, 6671м, 760мм, 41‰, 6 км. 8848 м -- Джомолунгма шыңының биіктігі 1054 м -- Анхель сарқырамасының биіктігі 6695 м-- Хан-Тәңірі шыңының биіктігі 1620 м -- Байкал көлінің тереңдігі 180 млн км2,-- Тынық мұхиттың ауданы 11022 м-- Мариан шұңғымасының тереңдігі 6193 м—Мак-Кинли шыңының биіктігі 510 млн км2—Бүкіл Жер шар бетінің ауданы 6671 м—Ніл өзенінің ұзындығы 760 мм—Қалыпты атмосфералық қысым 410/00 –Қызыл теңіздің тұздылығы 6 км—Шарбы бұлттың биіктігі VІІ кезең: «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.» Бұл бөлімде сандықша ашылады. Сандықшада жұмбақтар бар, сол жұмбақтардың жауабын табу керек. Шар ішіндегі сұраққа жауап берген топтан бастаймыз. Жұмбақтар: Қара таудың басында, Қанатсы құс маңып барады, Киік кетіп барады, Көзінен жасы тамып барады. ( Бұлт) Қол-аяғын бауырына, Әне , барады өзі, Жиып кетіп барады. (Тұман) Көрінбейді ізі. (Жел) Көк жүзінде көк жолақ, Қойды екен оны кім бояп? (Кемпірқосақ) Күн астында көк шұбар, Бір зат бар дүниеде құшағы кең, Одан асау жоқ шығар. Ұшқан құс, жүгірген аң, бәріне тең. Жарытпайды ол қоныстап, Адамзат, жан-жануар арасында, Тұра алмайсың оны ұстап. (Өзен) Мәңгілік өсіп-өніп, өмір сүрген. (Жер) VІІІ кезең: «Бірлесе көтерген жүк жеңіл.» Бұл бөлімде сөзжұмбақ шешу беріледі, топ басшылары конвертті өздері таңдап алады, топ болып бірлесіп шешеді. ІХ кезең: «Мен қайдамын?» Мұнда бір топ екіншісіне кез келген бір объекті айтады, қарсы топ картадан көрсетеді. Х кезең: «Батыр болсаң қол баста.» Бұл бөлімде топ басшылары күш сынасады, кеспе қағазда бес топтың басшысына арналған жұмбақ сұрақтар жазылған, топпен ойласпай өзі жауап беруі керек. 1. Балалар тау басына саяхатқа шықты, олардың көтерілген жерлері 3 км биіктік еді. Кенет, кейбір балалардың бастары айналып, жүректері көтеріліп, мұрындарынан қан кете бастады, бұл әдеттегідей құбылыс еді. Бұл қандай құбылыс? (атмосфералық қысым) 2.Миллиондаған жылдарда пайда болады, өзі қатты болса да, өсімдіктердің әсерінен де, судың әсерінен де бұзылып, жоқ болып кетеді. Ол жерде қалың ормандар да, мұздар мен қарлар да, жануарлар да болады. Олардың өте ескілері де, жастары да болады. Қойнаулары пайдалы қазбаларға да бай болады. Бұл не? (таулар) 3. Көлемі 20 см, салмағы кейде 1,5 кг-ға дейін барады, көптеген елдер бұл құбылыстан миллиондаған доллар көлемінде шығын шегеді. Бұл құбылыс жаңбыр кезінде болады, нөсерлі жаңбырмен қатар жүреді. Сыртқы пішіндері негізінен домалақ болады. Бұл не? (бұршақ) 4. Оны суы бар ыдыспен салыстыруға болады, тек оның пішіні үлкенірек, түбінде тұздар және органикалық заттар жинақталады. Ол ащы және тұщы болады, деңгейі өзгеріп тұрады. Жер сілкінген кездегі жарықтарда және де басқадай құбылыстар кезінде пайда болады. Бұл не? (көл) 5. Жазда ғана болады. Өзі мөлдір моншаққа ұқсайды, жұмсақ, үлкейткіш құрал арқылы жақсы көрінеді. Сен жүрсең жабысып қалмайды, өзі кішкентай болса да, атмосфералық құбылысқа жатады. Бұл құбылыс қалай аталады? (шық) ІІІ. Қорытынды бөлім: Мұғалімнің қорытынды сөзі. Әділқазылар алқасына сөз беру. Топтарды марапаттау. Источник: http://«Географиялық білім бәйгесі» | |
Просмотров: 5827 | |
Всего комментариев: 0 | |