Главная » Статьи » География |
географиялык есептер
Бейтаныс жерде жолды дәл тауып жүру үшін компасты дұрыс пайдалана білу керек екенін бәріміз білеміз. Көкжиектің негізгі және аралық тұстары бағытты тек тұспалдап қана білдіре алады. Ал компастың көмегімен жүретін жолды дәлме-дәл анықтауға болады. Ол үшін компаспен азимутты өлшейді. Азимут дегеніміз - белгілі-бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут компастың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0 0 – тан 360 0 – қа дейін өлшенеді. 0 0 - солтүстік 90 0 - шығыс 180 0 - оңтүстік 270 0 - батыс № 1 е с е п Сызба-нұсқаның азимуттарын анықтау керек: № 2 е с е п Біз мектептен үйге қайту үшін 90 0 азимут боынша 300м, 150 0 азимут бойынша 170м, 210 0 азимут бойынша 100м және 60 0 азимут бойынша 400м жүріп өту керекпіз. Үйге қайтар жолды сызба түрінде көрсет. Масштабы: 1см = 100м. 300 : 100 = 3 см 170 : 100 = 1,7 см 100 : 100 = 1 см 400 : 100 = 4 см Жер бетінде өлшенген кез-келген қашықтық қағазға әлденеше есе кішірейтілген түрде түсірілетіні бәрімізге белгілі. Ол үшін біз масштабты пайдаланамыз. Масштаб дегеніміз – жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсірген кезде неше есе кішірейтілгендігін көрсететін сандық бөлшек. Масштабтың алымы әрқашанда 1 – ге тең, бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Мәселен, 1 : 10 000 десек, бұл – жер бетіндегі қашықтық 10 000 есе кішірейтіліп алынды деген сөз. Масштабтың үш түрі болады: Сандық масштаб 1 : 1 000 000 Атаулық масштаб 1 см = 10 км Сызықтық масштаб № 3 е с е п Масштабты анықтаңдар: Масштаб Сандық Атаулық Сызықтық 1: 10000 ? ? ? 1см = 50км ? ? ? Сонымен қатар масштабты пайдалана отырып, картадағы кез – келген қалалардың арасындағы жер бетіндегі қашықтықты өлшеуге болады. № 4 е с е п Масштаб 1 : 200 000, ал картадағы екі қаланың ара қашықтығы 35 см. Екі қала арасындағы жер бетіндегі қашықтықты анықтау керек. Берілгені: Шешуі: l = 35 см L = l * атаулық масштаб 1 : 200 000 1 : 200 000 1 см = 2 км Т/к L - ? L = 35 см * 2 км = 70 к № 5 е с е п Картаны пайдалана отырып, төменде берілген қалалардың арасындағы қашықтықты анықтаңдар: а) Қарағанды – Астана б) Қарағанды – Алматы Берілгені: Шешуі: М 1: 8000000 L = l * атаулық масштаб l1 = 2,5 см l2 = 10,2 см L1 = 2,5 см * 80 км = 200 км L2 = 10,2 см * 80 км = 816 км Т/к L1 - ? L1 - ? L – жер бетіндегі қашықтық l - картадағы қашықтық Қарағанды облысындағы қала және ауыл халқының үлес салмағын анықтау керек. Берілгені: Шешуі: Х = 14820,9 мың адам Х ауыл = Х - Х қала Х қала =8320 мың адам Х ауыл = 14820,9 – 8320 = 6500,9 мың адам Т/к Х ауыл = ? 14820,9 = 100 % 8320 = х Х = 8320 * 100 % = 56,0 % 14820,9 14820,9 = 100 % 6500,9 = х Х = 6500,9 * 100 % = 44,0 % 14820,9 | |
Просмотров: 6962 | |
Всего комментариев: 0 | |