Главная » Статьи » География

Шығыс Еуропа елдері ашық сабақ
Солтүстік Қазақстан облысы.
Есіл ауданы.
«Тауағаш орта мектебі»КММ

Ашық сабақ
География
7- сынып
Тақырыбы: «Шығыс Еуропа елдері»

2015 – 2016 оқу жылы.
7 – сынып
С/т: Шығыс Еуропа елдері.
С/м: Оқушылардың Шығыс Еуропаның халқы және елдері жөнінде білімдерін
молайту, алған білімдерін қажет жағдайда қолдана білуге машықтану.
с/түрі : жаңа сабақ.
с/әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
с/көрнекілігі: оқулық, Еуропаның саяси картасы,кескін карта, кестелер.
с/барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сынып оқушыларының назарын сабаққа аударып, оқу құралдарының
дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Солтүстік Еуропа елдерін атап, картадан көрсетіңдер.
- Исландия, Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания.
- Батыс Еуропа елдерін атап, картадан көрсетіңдер.
- Ирландия, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швейцария,Аустрия.
- Швецияда қандай концеріндер бар?
- «Вольво», «Скания» машина жасау, «Эрикссон» байланыс құралдарын
жасайтын концеріндер бар.
- Финляндияның қандай кәсіпорны әлемге әйгілі?
- «Нокия» кәсіпорны әлемге әйгілі.
III. Жаңа сабақ.
-Балалар біз бүгін сендермен Шығыс Еуропа елдері деген жаңа сабақ өтеміз.
- Шығыс Еуропа аймағы Еуропаның едәуір көлемдірек бөлігін алып жатыр.
Еуропаның тарихи – географиялық аймақтары


Солтүстік Батыс Шығыс Оңтүстік
Еуропа Еуропа Еуропа Еуропа

Исландия Ирландия Ресей.Ф. Португалия
Норвегия Ұлыбритания Эстония Испания
Швеция Германия Латвия Италия
Финляндия Франция Литва Грекия
Дания Швейцария т.б. Польша т.б. Мальта т.б.

Бұл аймақта Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния және Балқан түбегі-
нің солтүстігіндегі елдер – Болгария,Сербия, Босния, және Герцоговиния,
Македония, Албания орналасқан. Бұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болған
елдер Латвия, Литва, Эстония және Белорусь, Украина, Молдова елдері және
Ресей Федерациясының еуропалық бөлігі осы аймаққа кіреді.
Табиғат жағдайына байланысты Шығыс Еуропа елдері бірнеше ауданға бөлінеді.
Солтүстігінде балтық бойы елдері мен Польша, Чехия, Словакия, Венгрия елдері
орналасқан. Бұл ауданның климаты қоңыржай континентті болып келеді.Табиғат
жағдайлары біртекті болып келеді.Венгрия жазықтарындағы пушта деп аталатын
құнарлы қара топырақты өңір бар. Польшаның солтүстік – шығысында әйгілі
веловеж нуы орналасқан.Мұнда зубр мен басқа да орман жануарлары қорғауға
алынған.
Польша, Чехия, Словакияда славян халықтары тұрады.Венгрияда осыдан мың
жылдай бұрын Азиядан қоныс аударған Мадиярлар құрайды.
Шығыс Еуропаның оңтүстігін Балқан түбегіндегі елдер алып жатыр. Румыния
жерінде доға тәріздес иіліп Карпат тауы орналасқан.
Бұл елдердің климаты айрықша алуан түрлі болып келеді.Жерорта теңізі жағалау-
на субтропиктік жерорта теңіздік климат тән. Жазы ыстық, құрғақ, ал ұзаққа
созылмайтын қысы ылғалды, жылы болады.Сербия мен Черногория, Румыния елдерінде үй жиһаздары шығарылады.
Бұл жерлерде соңғы кезде саяси жағдай тұрақтанып келеді.
Шығыс Еуропаның шығыс бөлігіне Ресей Федерациясының еуропалық бөлігі,
Украина, Белорусь, Молдова кіреді.Жер бедерін ұлан байтақ жазықтар құрайды.
Мұнда солтүстіктегі тундрадан оңтүстік – шығыстағы шөлейт, шөл зоналарына
дейін ауысады. Бұл Еуропадағы орманды алқап болып табылады.Бірнеше қорық-
тар бар.Аймақтың жер қойнауы темір, тас көмір мен қоңыр көмір, ас тұзы мен
калий тұзы, мұнай мен газдың ірі кен орындарына бай. Украина мен Ресей
жерінде ауыр өнеркәсіп жақсы дамыған.
Картамен жұмыс.
Кескін картадан Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Еуропа елдерінің шекараларын
белгілеу.

IV. Сабақты бекіту.
1.Еуропа неше тарихи – географиялық аймаққа бөлінеді?
2.Шығыс Еуропа елдерін ата.
3.Венгрия жазықтарындағы құнарлы қара топырақты өңір қалай аталады?
4.Румыния жерінде Карпат тауы қалай орналасқан?

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма беру. 25 –ші параграф
Категория: География | Добавил: Kair (16.01.2016) | Автор: Сабитов Каир E
Просмотров: 2866 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]