Главная » Статьи » Внеклассные мероприятия

"Менің Отаным-Қазақстан"
Күні: 01.09.2015 жыл
Сынып: 2 (А,Ә,Б,В)
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің отаным-Қазақстан»
Тәрбе сағатының мақсаты:
Білімділік: Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Қазақша рәміз, ту, елтаңба, ән ұран, сөздерін үйретіп, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін оятып, отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.
Түрі: қайталау сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, демонстрациялық, пікір-талас
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, қима қағаздар, қанатты сөздер.

Дарина: Армысыздар, құрметтi ұстаздар,оқушылар,ата-аналар. Сізді бүгінгі 1 қыркүйек «білім күнімен» шын жүректен құттықтаймын. (1 слайд)
Сания: Бүгінгі күн шаттыққа толы.Мерекелі күн. Бүгінгі көңіл күйлерін қалай? ( 2 слайд)
Дарина : Қане балалар! - Кімнің досы осында бар? (3 слайд)
( бір рет шапалақ)
- Кім бүгін апайға гүл сыйлады? (екі рет шапалақ)
- Кім өзі жалғыз мектепке келген жоқ?(үш рет шапалақ)
- Кім мектепті сағынды? (көп рет шапалақ)
Сания : тамаша балалар! Ал бүгінгі біздің мерекелі тәрбие сағатымыздың атың білу үшін ойын ойнауымыз керек. Дайынбызба ойынға? (4 слайд)
Дарина : Балалар сендердің отырған орындықтарының астында белгілі бір қағаз бар. Сол қағазда сан дар орналасқан. Қане кім тапты. (5 слайд )
Сания : Кімде 1 деген сан ? (балалар рет ретімен шағады., берілген қағаздағы әріпті атап, оны дыбыс түріне ажыратады.
Мысалы: п-дауыссыз, қатаң . (6 слайд)
Дарина : Балалар сонымен қандай сөз шықты? ҚАЗАҚСТАН (7 слайд)
Сания : Дұрыс айтасындар балалар. Бүгінгі біздің «Менiң Отаным Қазақстан» тақырыбындағы тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (8 слайд)
Дарина :. «Отан оттан да ыстық» дейдi халқымыз. Қалай ойлайсыңдар, неліктен халық осылай деген?
(балалар өз ойларын ортаға салады) (9 слайд)
Сания :-Балалар, әр мемлекеттің өз президенті және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?
Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ( 10слайд)
Дарина : Елбасы жайында қысқаша мәлмет беру.
(Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.Қазақстан Респуьликасының әнұранының сөзін жазғандардың бірі)

Сания : Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Дарина : (11 слайд)
-Мынау – біздің туымыз.
— Көк түс нені білдіреді?
Балалар: Ашық аспанды білдіреді.
— Сары түс нені білдіреді?
Балалар: Күн сәулесін білдіреді.
-ал осы туымыздың авторы кім?
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.)
Сания :
Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
— Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі.
(Кластер құрастыру) (тақтаға жазу)

Дарина :
-мынау суретте не көрсетілген? (12 слайд)
Балалар: елтаңба
-Елтаңбада не орналасқан? және нені білдіреді?
Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.
-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
Балалар: Астана қаласы.
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары кім? (: Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.)

Сания : -балалар, сонымен қатар үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, қандай өлең орындалады. (Әнұран) (13 слайд)

-Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)

Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республикасы туралы кім тақпақ біледі?
( балалар, қазақстан туралы тақпақтарын айтады)

Дарина : Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.

Сания : қазір маған әр сыныптан бір-бір оқушыдан шығады. (14 слайд)
Шарты былай.Бірінші бала мысалы астана десе, екінші бала осы сөздің ең соңғы әріпінен қазақстан республикасына байланысты қала, ауыл,облыстың атын атап шығу керек.

Дарина :Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге, өз ойымызды ортаға салуға үйрендік.Қане сол есімізге түсірген сәттерімізді қорытынылап тастайық. (15 слайд)

Сания:
-ҚР қандай рәміздері бар?
-салтанатты мерекелерінде не орындалады?
- Н.Н туған күні қашан?
-бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай болды?
Тамаша балалар, олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялап, Қазақстан Республикасы жайлы әдемі бейнематериалды Тамашалайық.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: darina (01.09.2015) | Автор: Кадырова Дарина Есенгельдиновна E
Просмотров: 1477 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]