Главная » Статьи » ИЗО и черчение

«Өнер- жұтамайтын қазына»
Сабақтың тақырыбы: «Өнер- жұтамайтын қазына»

Пейзаж жанры . «Көктем шуағы»
Өнердің түрлері,квиллинг, графика, кескіндеме.
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жыл мезгіліне байланысты сурет салуға үйрету.Қоршаған ортадағы табиғатты тікелей көріп бейнелеуге, оны сезіммен қабылдауға оқушылар дағдысын қалыптастыру.

а) Білімділік:

Пейзаж жанры туралы түсінік беру. Табиғат жыршысы атанған суретшілердің еңбектерімен таныстыру.Салу және жасалу жолын үйрету.

ә) дамытушылық

Оқушылардың байқағыштық, есте сақтау қабілетін дамыту, елестету арқылы ойша сурет салуға дағдыландыру.Ауа райының өзгеруіне байланысты бейнелеуге баулу.

б) Тәрбиелік:
Қоршаған орта – табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ,пәнаралық байланыс.

Сабақтың көрнекілігі:
Слайд,иллюстрациялар, суретшілер шығармалары.

Сабаққа керекті құралдар:
Сурет альбомы, акварель(түрлі- түсті бояу), қалам, өшіргіш.Түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы.

Cабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі -1мин
2.Өткен сабақты пысықтау – 3 мин
3.Жаңа сабақты түсіндіру -10 мин
4.Жаңа сабақты бекіту- 5 мин
5. Тәжірибелік жұмыс – 20 мин
6. Сабақты қорыту – 3 мин
7. Бағалау – 2 мин
7. Үй тасырмасы – 2 мин
Өткен сабақта салған суреттерін тексеріп, бағалау.
Сұрақ – жауап арқылы қорыту.
-Бейнелеу өнерінің түрлерін ата
---Бейнелеу жанрын ата
---Негізгі түс қаншау?
---Түс қаншаға бөлінеді?
--- Түссіз бояуға қандай түс жатады?

Түссіз бояуға --- ақ, қара, сұр жатады.
Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу.
1. ә) Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
Өткен сабақты қорытындылау, сұрақ – жауап арқ
Жаңа сабақ
Пейзаж–француз сөзі,бұл ландшафты,табиғатты бейнелеу.Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда,Жапонияда және басқа шығыс елдерінде,сондай-ақ Еуропада дамығын.Пейзаж қайсы бір жай ғана айнытпай бейнелей салу емес,онда суретшілігің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндігі жатыр.Адам өмірін салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты көрінеді.Пейзаж өнері деәр алуан.Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде,бар нақты көрнісін білдірсе,енді біреулер суретшінің қиялынан туады.Ондай шығамашылардың бәрінен де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беругу тырысады.17-ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрнісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Табиғат-көрнісін бейнелейтін суретшілерді табиғатты бейнелеуші немесе пейзажист деп аталады.Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Көктем шуағы» пейзаж жанры.
-Пейзаж деп табиғатты бейнелеу. Табиғат дегеніміз – айналамызды қоршап тұрған ортаны айтамыз. Олар тау, тас, шөп т.б.
Қазақстан елінің көркем табиғатын асқан шабытпен бейнелеген суретшілер де аз емес. Табиғат жыршысы атанған суретшілер - Ә.Қастеев, Таңсықбаев, орыс суретшісі Левитан, И. Шишкин т.б
Оқушыларды табиғат бейнелеуге үйретудің зор маңызы бар.Әр жыл мезгілінің өзіне тән қасиеті бар.Пейзажды әр оқушы өнердің әр түрімен көрсетеді.Мысалы, квиллинг түріне түрлі-түсті қағаздан көктем туралы композиция құрастыру.
Пейзаж жанры- далалық, қалалық және индустриялды болып үшке бөлінеді.

Табиғат көрінісін бейнелеуде ең алдымен бейнелейтін орынды таңдап алу керек.Табиғат көрінісіндегі кереметтерді үйлесімді ете отырып бояумен көрсету асқан шеберлікті қажет етеді.Халқымыздың ұрпақтан – ұрпаққа мирас болған ежелгі мұраларының пайда болуы мен қолданылунда белгілі бір ғылыми негіз, заңдылық бар. Соның бірі – қолдың көрінісі, төрт саусағы арқылы жыл мезгілін бейнелеуі.( сұқ саусақ, ортан қол, аты жоқ саусақ және шынышақ) Төрт саусақтағы буындар саны – он екі ай.
Жыл мезгілдерін ақын – жазушыларымыз өлең шумақтарымен әсерлеп жеткізеді. Ал, суретшілер қылқалам ұшымен жеткізеді. Көзіміз жыл мезгілін көреміз, аузымызбен сипаттап береміз және есту арқылы да жыл мезгілін ажырата білеміз. Енді көзімізді жеткізу үшін дыбысты естиік және қай мезгіл екенін ажыратамыз.
Басқа жыл мезгіліне қарағанда көктем мезгілі ерекше.Өйткені көктемде бар тіршілік оянады , ағаш бүршік жарып, жер жасыл желекке боялады.
Әр мезгілде басым түстер қолданылады.Бояу түстері бейнелі заттармен сипатталады.
Қызыл түс--- оттың, күннің белгісі,
Жасыл түс – көктемнің, жастықтың белгісі,
Қара түс –жердің, берекенің нышаны,
Көк түс – аспанның, қардың белгісі
Сары түс—парасат пен байлықтың белгісі.
Жыл мезгілі төртеу

Кескіндеме түрі (сулы бояу) Квиллинг түрлері

Графика өнері

Шығармашылық жұмыс:
Суретті компонопкадан бастаймыз. Пейжазды көкжиек сызығынан бастаймыз, ол аспан мен жерді білдіреді.Содан кейін перспективада алыс- жақынды орналастырамыз.Көктем мезгіліне байланысты өздерің композиция құрастырыңдар. Квиллинг түрі, графика, кескіндеме және т.б.
Қағаз бетіне дұрыс үйлестіру.Суретті біз өз ойлағанымыздай қағаз бетіне бейнелейміз..Бірінші қағаз бетіне эскизін орналастырамыз. Содан кейін керек емес сызықтарды өшіреміз, бояу түстерін табамыз. Көкжиек сызығын белгілейміз, содан кейін алыс жақынды белгілейміз. Аспан жерге қарағанда көкшілдеу болуы керек.
Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына жазған өлеңдерін талдау. Табиғатты адам бейнесіне теңеп тұр. Әр оқушының шығармашылық жұмыстарын тексеремін. Біткен жұмыстарын бағалаймын.
Сабақты қорыту:
Оқушылардың жұмыстары талданып, кемшіліктерін айту.Табиғат туралы мақал- мәтелдер айту.
«Бір тал кессең , он тал ек!
«Орман көп болса, олжаң көп!
«Сусыз жер- нусыз жер! «Күздің бір күні- қыстың мың күнін асырайды»
Бағалау:
Оқушыларлдың жұмыстары бағаланады.

Үйге тапсырма:
Есте сақтау арқылы « Күз мезгілін бейнелеу»

Источник: http://«Өнер- жұтамайтын қазына»
Категория: ИЗО и черчение | Добавил: Рая (26.12.2014) | Автор: Қосмұратова рая
Просмотров: 1574 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]