Главная » Статьи » ИЗО и черчение

разработки уроков по ИЗО
Сабақ тақырыбы : Сызбаның масштабтары мен сызық түрлері.
Сабақ мақсаты:
1. Білімдік: Білімдікті сызбаның масштабтары мен сызық түрлеріне үйрету.
2. Тәрбиелік: Сызбаның масштабтары мен сызық түрлерін орындауға тәрбиелеу.
3. Дамыту: Сызбаның масштабтары мен сызық түрлерін орындау білімдерін дамыту.

Көрнекіліктер, қосымша әдебиет, дидактикалық материал: И.С.Вышнепольский «Техникалық сызу», Москва «Жоғары мектеп», 1988жыл, §3-4 9-13 беттер
Сабақтың өткізу әдіс-тәсілдері: Ауызша, практикалық, көрнекілік.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Пәнаралық және пәнішілік байланыс:
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
2) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау;
1. Форматтардың өлшемдері мен белгілерін жазып көрсет?
2. Сызбадағы рамканы қалай орындайды?
3. Рамка сызығын сызба парағының шетінен қандай қашықтықта жүргізу керек?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Масштаб үйлердің, машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды. Өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болу үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Әрине, ең жақсысы – нәрсенің өз өлшемдерін өзгертпей салу.
Тетік бөлшектің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб беп атайды. Дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығынан, оның натурал ұзындығына қатынасы (бөлшек сан). Сызбаларды орындағанда мынадай масштабтардың бірін таңдап алуға руқсат етіледі:
Кішірейту масштабы: 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; ...
Нақты шама: 1:1
Үлкейту масштабы: 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; ...
Масштабты М әрпімен белгілейді. Мысалы; М1:4 – сызбада тетікбөлшек 4 есе кішірейтіліп, ал М2:1 екі есе үлкейтіліп сызылатынын көрсетеді.
Сызбада 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.
1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің мөлшері мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5мм-ден 1,4мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуға тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.
2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Шығару және өлшем сызықтары, проекция осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима мен тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
3. Тұтас жіңішке іркісінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығыңдай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылды.
4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан жүргізіледі.
5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың ара қашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 ... S/2 тең болады. Үзілме сызық сызбада көрінбейтін сызықтарды жүргізу үшін қолданылады.
6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 ... S/2 тең болады. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады. Сызбаның осьтік және центрлі сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызыктың жуандығынан 1,5 – 2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3 – 8мм, ал олардың аралықтары 3 – 4мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.
8. Жіңішке қос нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады, яғни S/3 ... S/2 тең. Бөліктерінің ұзындықтары 5 – 30мм, олардың аралығы 4–6мм болады.
9. Үзілме сызық. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы 1 ... 1,5 S-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен турады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты.бір бөлігінің ұзындығы 8 – 20мм-ге тең.
IV. Жаңа тақырыпты пысықтау:
1. Тетік бөлшектің кескіні берілген, оның кескініндегі ұзындығы 40мм және масштабы М1:5. Тетік бөлшектің нақты ұзындығын анықта. 200мм
2. Тетік бөлшектің ұзындығы 10мм, ал оның сызбадағы ұзындығы 25мм. Масштабты анықта. 2,5:1
3. сызық түрлерін атаңыз және сызып көрсетіңіз?
V. Сабақты бекіту:
Бүгін біз сабақта тетік бөлшектің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб беп атайтынын, дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығынан, оның натурал ұзындығына қатынасы екендігін, сызбада 9 түрлі сызық қолданылуы, олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар, олар тұтас жуан негізгі сызық, тұтас жіңішке сызық, тұтас жіңішке іркісінді сызық, тұтас ирек сызық, үзілме сызық, жіңішке нүктелі үзілме сызық, жуандатылған нүктелі үзілме сызық, жіңішке қос нүктелі үзілме сызықтар туралы білім алдық. .
VI.Бағалау:
1. Үй тапсырмасын бағалау.
2. Сабаққа белсенді қатысқаны үшін баға қою.
VII.Үйге тапсырма беру.
¬ И.С.Вышнепольский «Техникалық сызу», Москва «Жоғары мектеп», 1988жыл
§3 – 4 9 – 13 беттер № 1 кесте. ¬

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер мазмұнына иллюстрация

Сабақтың мақсаты:
a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
ә) дамытушылығы: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту. іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту.Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойында шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.
б) тәрбиелігі: Ертегілердің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіру. Оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін молайту, белсенділіктерін шыңдау.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, ассоциация, ауызша көрнекті және жартылай іздемпаздық
Сабақтың түрі: топпен және жеке сайыс сабақ.
Сабақтың көрнектілігі, техникалық құрал жабдықтары: интерактивті тақта, компьютер, көрнекі бейнелеу құралдары, дыбыстық слайд фильмдер, шырша ойыншықтары, шыршалар, қиылған ертегі кейіпкерлері

Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушылар ынталарын мен қызығушылықтырын қалыптастыру, өз бетінше бейнелеу іскерлігін меңгеру, сурет салуына, танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы әр оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты санасына жеткізу. Өз беттерімен үйлестіруге, еске сақтап сурет салуға, сурет тақырыбына байланысты образдарды тұрғызуға, қимыл қозғалыстарды бейнелеуге, заттардың түр-түсін беруге бейімдеу.

Сабақтың барысы:
Сабақ 4 кезеңнен тұрады:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ертегілер еліне саяхат
3. Бағалау кезеңі
4. Үйге тапсырма беру

1. Ұйымдастыру кезеңі бойынша оқушылардың сабаққа қатысымен түгелдеу, құрал-жабдықтарын қадағалау, топқа бөлу, сабақ барысымен, бағалау тәсілдерімен таныстыру.
Бірінші топты «Таусоғар», екінші топты «Мерген» деп атаймыз және топтар фамилия реттілігі бойынша бөлінеді.
Оқушылар «шырша безендіру» тәсілімен бағаланады. Слайдқа топтағы бала сандарына сәйкес бұтақтары бар екі топтың шырша суреті ілінеді және әр бұтақтың ұшына фамилия реттілігімен әр оқушының нөмірлері қойылады. Оқушылар сабақтың бүкіл кезеңдері бойынша тапсырмалар орындау арқылы шырша ойыншықтарын жинайды. 5-6 шырша ойыншығын жинақтаған оқушыға «5» деген балаға қойылады, 3-4 ойыншық жинаған оқушыға «4» деген баға қойылады, 1-2 ойыншық жинаған балаға «»3» деген баға қойылады.

Слайдтан «Ертегі әлемінде» әні беріледі:
Ғажайып түс көрдім.
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін,
Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді,
Бұлттары билейді...

Мұғалім: Бұл өлеңде ертегі әлеміндегі ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Ертегі әлеміне саяхат» деп аталады.
Демекші бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.
Бар екен де, жоқ екен,
Ерте ерте ертеде
Ешкілері бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрықтары ұзын екен...
Иллюстрация, суреттер көрсету, қандай ертегілер екенін еске түсіру.
«Алтын балық», «Қожанасыр», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен үзінділер оқу.
Интерактивті тақтаның көмегімен ертегілер иллюстрациясын тамашалау.

2. Ертегілер еліне саяхат
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады.
Ертегі үш топқа бөлінеді олар: тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл.
Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу - ең қызықты тақырып.
Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады.
Оқушыларға Қаңбақ шал, Таусоғар, Алтын сақа, Алдар көсе, Алтын балық ертегілерінен үзінділер айтылады.
Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың болашағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял–ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс–әрекеттері баяндалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты.
Ертегілер – қиял ғажайып, оқиғалар жайындағы қызық әңгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.

Саяхат жолнұсқасы:
1- аялдама «шебер суретшілер» елі.
Бұл аялдамада үйге берілген тапсырма бағаланады. Ертегілер мазмұны бойынша иллюстрация жасап келу тапсырылған болатын. Жұмыстың мазмұнына, бой нақышына мән берілуі тиіс. Өте жақсы салынған шығармаға 2 ойыншықтан, жақсы салынған суретке 1 ойыншықтан беріледі.
2- аялдама «тапқырлар» елі.
Слайдта тестік жүйеде берілген ертегілер тақырыбын табады. Сурет астына қызыл және көк дөңгелекпен екі жауап беріледі. Слайдтағы сурет астындағы екі дөңгелекшенің қайсысы дұрыс жауап екендігін табу, дұрыс дөңгелекшенің түсін дәптерге бояу арқылы дөңгелектеп түсіру. Мұғалімнің өзіне таныс орналастыру заңдылықтарын ескере отырып, оқушы жұмыстарын бағалап шығады, ең көп және дұрыс тапқан оқушыларға екі ойыншықтан, аз тапқан оқушыларға бір ойыншықтан үлестіреді.
3- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі.
Сурет дәптермен жұмыс. (Сармандық жұмыс)
Слайдта берілген жыл мезгілдерінің суреттерін бірнеше минут тамашалаймыз, алған әсерлері бойынша сурет дәптерлеріне қиылған ертегі кейіпкерлерін перспективалық заңдылықпен орналастыру және өздеріне ұнаған фонмен толықтыру. Яғни салынған фон мен суреттің байланысын көрсету. Өте жақсы орындалған жұмысқа екі ойыншықтан, орташа орындалған жұмысқа бір ойыншықтан беріледі.
4- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі.
Жазба дәптермен жұмыс. (Теориялық жұмыс)
Оқушылар слайдта берілген ертегі кейіпкерлері арқылы өздері білетін әр түрлі жанрдағы ертегілер тақырыбын жазуы керек. Ең көп тақырып жазған оқушыларға екі, орташа деңгейде жазған оқушыларға бір ойыншықтан беріледі.

Сабақты қорытындылау.
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?
Ертегі дегеніміз не? Олардың жазылу мақсаттары? Қандай түрлері бар?

3) Бағалау кезеңі:
Сарамандық жұмыстың қорытындысында көрме ұйымдастырылады. Әр жұмысқа баға беріледі
а)Жеке оқушыны бағалау. Слайдта берілген шырша бұтақтарын оқушы жинаған ойыншықтарды ілу арқылы безендіру, оқушының өз білімнің нақтылығына көз жеткізуіне, өзін басқа оқушылармен салыстыруына мүмкіндік туғызу.
б) Топтық бағалау. Екі шыршадағы ойыншық санына сәйкес жеңімпаз топты анықтау және слайдпен музыкалық марапаттау беру.
«Таусоғар» тобы
«Мерген» тобы
4) Үйге тапсырма беру. «Шебер құрастырушылар» еліндегі тапсырма

Технология

Тақырыбы: Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
Машинатану элементтері негізіңде конструкциялык материалдарды өңдеу технологиясы
Мақсаты:Техникалық-технологиялық мәліметтер.
Міндеттері:
1. Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік. Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.
2. Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).
3. Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).
Көрнекілік. Ағаштан және темірден жасалған дайын материалдар. Техникалық еңбек бойынша оқу кестелері. Техника қауіпсіздігін сақтау бойынша плакаттар.
Құрал-жабдықтар. Слесарлық құралдар.
Топсеруен. Ағаш және темір өндейтін шеберханалар.

І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Өткенді еске түсіру
ІІІ.Практикалық жұмыс. Бөлшектерді сызбаға қарап құрастыру. Құрастыру сызбасын оқып түсіну. Жұмысты жоспарлау. Құрастыруға керекті материалдарды дайындау. Құрастырылған бөлшектерді қолмен құм қағаз арқылы өңдеу, тегістеу, бұрандалар арқылы бекіту. Бақылау және өлшеу құралдарымен жұмыс істеу.

Призма формалы бөлшектердің сызбасы және долбары туралы түсінік. Оның жан-жақты (алдынан, сыртынан, оңынан, солынан) көріністері.
Бөлшектердің сызбасын оқу ережелері. Ағаш бөліктерін құрастыру тәсілдері (кесу, қима, ұштама, тесік арқылы).
3Арамен кесудің тәсілдері (көлденең, ұзынынан, қиғаштап кесу).

Қозғалыс берілісінің механизмі туралы түсінік. Тісті және белдікті беріліс. Бұрандалы механизм. Қол бұрғы: құрылысы, қолданылуы.
Оймалы біріктіру және олардың қолданымы. Оймалар кесу құралдары. Металдарды қиыстырып өңдеу. Металдардың механикалық қасиеттері. Өлшейтін және бақылау жасайтын құралдар. Электр шарыққа құралдарды қайрау.
Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап әдісі
Үй тапсырмасы
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету

Сабақтың тақырыбы:Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу

Сабақтың мақсаты: «Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу» туралы білім беру
және тәжірибе жүзінде үйрету.

Білімділік: Оқушыларға шеңберлерді тең бөліктерге бөлу түрлерін түсіндіре отырып,құрал-саймандарды тиімді пайдаланып,сызбаны дұрыс салуға үйрету,алған білім дағдыларын пысықтау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз мамандықтарына сәйкес ұлттық ас дәстүрін үйрету. Үлкенді құрметтеуге, сонымен бірге әртүрлі ойын элементтерін пайдалана отырып,пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жылдам қабылдау қасиеттерін дамытып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен, ұжыммен жұмыс жасау, бірін-бірі бағалау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада сызылған сызбалар, презентациялар, әр топтың бағалау парағы, тест сұрақтары
Пәнаралық байланыс: геометрия, арнаулы

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: ( 2-3 минут )
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгелдеу.
3.Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4.Топты екі қатарға бөліп, әр қатардан топ басшыларын сайлау.(бағалау парағын беру)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: ( 10-12 минут )
Топтың өз мамандықтарына сәйкес қазақтың ұлттық дәстүрі «Табақ тарту» рәсімін «Сызу» пәнімен байланыстыра отырып, оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
ІІ1.Миға шабуыл. сұрақ-жауап әдісі

1.Өзара параллель түзулерді қандай құралдармен орындаймыз?
2.Бұрыштықтар нешеге бөлінеді және айырмашылығы?
3.Үлкен ұзын сызғышты не деп атаймыз?
4.Өзара перпендикуляр түзулерді қандай құралдармен орындаймыз?
5.Циркуль қай елдің сөзі?
6.Өзара параллель түзулердің қандай қасиеттері бар?
7.Өзара перпендикуляр түзулердің қандай қасиеттері бар?
8.Өзара перпендикуляр түзулерді салудың неше әдісі бар?

ІІ2.Тақтамен жұмыс. Сызбаны орындау.
1.Өзара параллель түзулерді интерактивті тақта құралдарымен орындау.
2.Өзара перпендикуляр түзулерді интерактивті тақта құралдарымен орындау.
ІІІ. Жаңа сабақ . (20-25 минут)
1.Мақсат қою және мотивациялау
2.Сабақ жоспарымен таныстыру.
Кесіндіні тең бөлікке бөлу. (4 слайд)
Берілген АВ кесіндісін тең 4 бөлікке бөлу үшін осы кесіндінің бір ұшы А нүктесі арқылы,қалауымызша сәуле жүргіземіз.Осы түзудің бойына ұзындығы қалауымызша алынған өзара тең 4 кесіндіні А нүктесінен бастап өлшеп саламыз.Сөйтіп,өзара тең 4 бөлікке бөлінген А С кесіндісін аламыз.Ең соңғы 4 нүктесін В нүктесімен түзу арқылы қосамыз.Бөліну нүктелері 1, 2, 3 арқылы 4В түзуіне параллель түзулер жүргізсек,олар АВ кесіндісін А1, А2, А3 нүктелерінде қияды. Сонда АВ кесіндісі де тең 4 бөлікке бөлінеді.

Бұрышты тең бөлікке бөлу (6 слайд)
Берілген АВС үшбұрышын тең 3 бөлікке бөлу үшін В нүктесі арқылы радиусын қалауымызша алып,шеңбер жүргіземіз.Бұл шеңбер үшбұрышты екі нүктеде қияды.Алдыңғы радиусты өзгертпей табылған 1 және 2 нүктелерден екі шеңбер жүргіземіз. Тиісінше R2 шеңбер R1 шеңберді 4 нүктеде қияды,ал R3 шеңбер 3 нүктеде қияды.Табылған 3 және 4 нүктелерді В нүктесімене қоссақ, АВС үшбұрышымыз тең 3 бөлікке бөлінді.Берілген үшбұрышты тең 2-ге бөлу үшін R2 және R3 шеңберлердің ортақ екі нүктесін қосамыз.
Шеңберлерді тек бөліктерге бөлу
Интерактивті тақтадан шеңберлерді 3, 4, 5, 6, 8, 10, 12 бөліктерге бөліп көрсету

ІV.Жаңа сабақты бекіту. (7-8 минут)
1.Жаттығулар орындау
1.1. Диаметрі 50 мм-ге тең шеңбер жүргізіп, оны тең 3,6,12 бөлікке бөл.
1.2. Диаметрі 60 мм-ге тең шеңберді тең 4, 8, 16 бөлікке бөл.
2 .Тест тапсырмаларымен жұмыс
1. Кесіндіні тең бөліктерге бөлу үшін не жүргіземіз?
А) Сызық
В) Кесінді
С) Сәуле
Д) Шеңбер
Е) Доға
2.Өзара 900 бұрыш жасап қиылысқан шеңбердің екі диаметрі шеңберді нешеге бөледі?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 5
Е) 6
3.Бұрышты тең 3 бөлікке бөлу үшін неше шеңбер жүргізу қажет?
А) 2
В) 3
С) 4
Д)1
Е) 5
4.Шеңбердің диаметрін қандай құралмен жүргіземіз?
А) Циркуль
С) Ұзын сызғыш
В) Бұрыштық(900 600 300)
Д) Транспортир
Е)Бұрыштық(900450450)

5.Кесіндіні тең 2 бөлікке бөлу үшін неше шеңбер жүргізу қажет?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 4
Е) 5
6.Шеңбердің ішкі бұрыштары қанша градус?
А) 900
В) 1200
С) 1800
Д) 3600
Е) 450
7. Алты бөлікке бөлінген шеңбердің әрбір бөлігінің ішкі бұрышы қанша градус?
А) 300
В)360
С) 450
Д)900
Е)600
8.Үш бөлікке бөлінген шеңбердің әрбір бөлігін екіге бөлсек,шеңбер неше бөлікке бөлінеді?
А) 3
В)5
С) 6
Д) 8
Е) 10
9. Кесінді дегеніміз не?
А) Сызықтың бір түрі.
В) Шеңберді тең екіге бөлетін сызық
С) Екі шеті нүктелермен шектелген сызық
Д) Шегі жоқ түзу
Е) Екі шеті нұсқамамен шектелген түзу
10.Он бөлікке бөлінген шеңбердің әрбір бөлігінің ішкі бұрышы қанша градус?
А) 300
В)360
С) 450
Д)900
Е)600
3.Жаңа сөзді түсіндіру.
Орнамент дегеніміз (латынша ornematum-орысша украшение) қазақтың «Ою» ,«Өрнек» деген сөзін білдіреді. Орнаменттің түрлері көп.
Анаграмманы шешу, артық терминді анықтау
Кесінді--------індескі
Шеңбер ------еңбреш
Циркуль------кильруц
бензин-------незбин
қарындаш----нырашдақ
сызғыш-------сшзығы
параллель------ларалепль

V.Оқушыларды білім деңгейіне қарай бағалау.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды бағалау үшін әр топ басшысына бағалау параға берілген.Сол парақ бойынша әр оқушының жалпы бағасын шығарады. Оқушыларды осы тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау парағына қарай қорытындылай отырып,бағалау.
Бағалау парағы
Топ басшысы
Топ оқушыларының аты-жөні
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты бекіту
Топтың ұпай саны
Бағасы
Сұрақтарға жауап
Тақтамен жұмыс
Жаттығулар
Орындау
Тест сұрақтары

VI.Үйге тапсырма.
1. Оқу §9 Ж.Есмұқанов 22-24 беттер
2. Ұзындығы 40 мм кесіндіні тең 6 бөлікке бөл; ұзындығы 30 мм кесіндіні тең 8 бөлікке бөл
3. Диаметрі 48 мм-ге тең шеңберді тең 5 бөлікке бөл.Осы бөліну нүктелері төбелері болатын бес бұрышты жұлдыз сал.
VII.Пайдаланылған әдебиеттер мен программалар:
1. И.С.Вышнепольский «Сызу»
2. Ж.Есмұқанов «Сызу»
3. Кәсіпік мектеп №1, №2,№3 2011ж
4. Power Point
5. Photoshop,
6. Interactive whiteboard

4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бейнелеу өнеріндегі ертегілер кейіпкерлері туралы жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, кезеңдер бойынша суретті тез әрі оңай салуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері салынған суреттері
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, құрал-жабдықтарын тексеру. Барлығының назарын сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ұлы тұлғалармен батырлар бейнелеу өнерінде тақырыбына салынған суреттерін тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау. Оқушылардың өткен материалдарды қалай меңгергенін тексеру. Өткен материалдарды қайталай отырып меңгерілген білімді оқушының есінде мәңгі қалдыру.

IV. Жаңа сабақ
Ақындар өмірді өлең сөзбен, күйшілер музыка ырғағымен баяндайтын болса, бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен коргендей етіп бейнелер арқылы баяндайды. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Адам өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте зор. Бүгін бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлерімен таныса отырып олардың суреттерін саламыз.

Пәні: Бейнелеу
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру, мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау, мүсін сомдау материалдарынының технологиялық тәсілдерімен таныстыру;
ә) дамытушылық: ежелден келе жатқан мүсін өнері жөніндегі білімдерін кеңейту және анықтау;
б) тәрбиелік: оқушылардың мүсін өнеріне деген қызығушылықтарын оятып, іскерлік пен шеберлікке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың типі: Білім мен іскерлікке үйрету
Сабақтың әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, технология
Көрнекілігі: қосымша әдебиеттер,мүсін түрлері, интерактивті тақта, слайдтар.
Қолданылатын құралдар: ермексаз, тақтайша, сым, гипс.
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру барысы.

Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу. Сынып тазалығын қадағалау, құрал-жабдықтарын тексеру, оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Суретті кілем гобелен тақырыбына салынған суреттерін тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1.Гобелен өнері қай ғасырдан бастап дами бастады?
2.«Саяхаттау» атты шығармалардан не түсінгендеріңді айтып беріңдер?
3.Гобелен кілемінің жай кілемдерден айырмашылығы неде?
ІҮ. Жаңа сабақ
Жоспары:
а. Жалпы мүсін туралы түсінік.
ә. Мүсін өнерінің түрлері.
б. Мүсін өнерінің жасалу технологиялары.

а. Мүсін туралы түсінік
Мүсін – кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалан көркем шығарма. Мүсінді «скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі римдіктер ойластырған. «Скульпо» деген латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны білдіреді.
Мүсіннің графика мен кескіндемеден айырмашылығы пішіннің барлық көлемін анық көрсетеді. Ең алғаш адамның, аңның мүсіндерін алғашқы қауымдық қоғамда шеберлер балшықтан илеп, ағаштан жонып, тастан қашап немесе аңның сүйектерінен жасаған. Ол кездегі мүсіндер өзіндік ерекшеліктері бар заттың бейнесіне ұқсас болады. Өйткені ол кездегі адамдардың тәжірибелері, сайман –құралдары, керекті заттары – мәрмәр тас, гипс, балауыз, темір қорытындысы т.б. заттар болған жоқ.

Мүсін өнері – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер. Итальян мүсіншісі Микеланджело Буонаротти мүсін өнерінің шебері болып табылады. Оның «Давид» атты жұмысы бүкіл әлемге танылады.

Сабақтаң тақырыбы: «Натюрморт жанры»
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру.
• Нәрселердің әр түрлі көлемін салыстырмалы түрде елестете отырып, әр жазықтарға бөліп, геометриялық бөліктерге дағдыландыру.
• Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.

Сабақтың дамытушылығы:
• Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау.
• Ойлау қабілеттері мен шеберліктерін дамыту.
• Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың тәрбиелік мәні:
• Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
• Бейнелеу өнерінің эстетикалық мазмұнын оқушылардың бойына сіңіру.
Сабақтың түрі:
• Затқа қарап сурет салу.
Сабақтың әдісі:
• Репродуктивті әріс.
Сабақтың көрнекілігі:
• Слайд «Бейнелеу өнерінің- натюрморт жанры».
• Суретшілердің шығармалары, репродукциялар.
• Үздік сурет салатын оқушылардың шығармалары.
• Сөз жұмбақ.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:
• Интерактивтік тақта, электрондық маркер, бейнелеу өнері сабағына керекті құралдар.
• Натюрморт заттары.
Пәнаралық байланыс:
• Тарих, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу және сабақтың тақырыбын жариялау.
Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы):
• Қандай бейнелеу өнерінің түрлерін білесіңдер?
• Қандай әйгілі суретшілерді білесіңдер?
• Қазақтың суретшілерінің қандай туындыларымен таныссыңдар?
• Бейнелеу өнерінің жанрларын ата.
Жаңа сабаққа кірісте:
Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
• Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу
арқылы суреттейтін өнер түрі.
Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.
• Кескіндеме.
• Графика.
• Мүсін.
• Сәулет өнері.
• Сәндік қолданбалы өнер.
• Дизайн өнері.
Сыныпты үш топқа бөліп аламыз.
І-ші топ – Қылқалам шеберлері.
ІІ-ші топ – Ә. Қастеев шәкірттері.
ІІІ-ші топ – Бояулар әлемінің шеберлері.
- Бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз. Осы үш топқа бейнелеу өнерін қаншалықты білетіндерін тексеріп, сұрақ қоямыз. Сендер жауап беріп ұпай жинайсыңдар.
• Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)
• Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)
• Хроматикалық түстерді атаңдар. (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)
• Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр).
• Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі).
• Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын, күннің әсеріне байланысты түстерлің өзгеруі).
• Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы).
• Түр түс туралы қандай ғылым бар? (колористика).
• Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу).
• Перспективаның түрлерін ата. (жазықтық, ауа, сызықтық, жарық, көлеңке).
• Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік).
Жаңа сабақты түсіндіру:
- Ал, енді, алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай
жанрына жатады?
- Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т.б. жанрлары бар. Бүгін біз натюрмотр жанрына тоқталамыз.
Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.
Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт -қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.
Қарапайым натбрморт екі, үш заттан аспайтын, күделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.
Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.
Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады. Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрнісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық , қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық баба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады.
Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натбрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады.
Сарамандық жұмыс:
• Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.
• Суретті қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастаймыз.
• Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялықденелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.
• Натюрмортты орналастырып болған соң, артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға дайындаймыз.
• Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.
Сабақтың қортындысы:
Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп мынандай сөзжұмбақты шешейік. (үш топқа берілетін тапсырма).
Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1.Түстерді зерттейтін ғылым? (Түстану).
2. Түртапқыш тақтайша. (Палитра).
3. Күн сәулесіндегі барлық түстердің толқынды құралы? (Спектр).
4. Жаратылыстану ғылымына спектрді енгізген ғалым. (И. Ньютон).
5. Су бояуы. (Акварель).
6. Хайуанаттардың суретін салатын суретші. (Анималист).
7. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма. (портрет).
8. Түстердің пайда болуын зерттеген ғалым. (Аристотель).
9. Мата бетіне сурет салу қалай аталады? (Батик).
Үйге тапсырма:
Бейнелеу өнерінің жанрларын қайталау. Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін, натюрмортты аяқтау.
Оқушыларды бағалау:
Әр топтың жинаған ұпайларына байланысты бағалау.

Жұмыс орындарын жинастыру.

Кел мүсіндеп көрейік.

Сабақ тақырыбы: Үй жануарларын мүсіндеу.(қозы)
Сабақтың мақсаты: үй жануарлары туралы түсініктерін жалғастыру.
бм: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
тм: өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.
Керекті құралдар: ермексаз, тақтайша, сүлгі, суреттер, үлгі.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі Жылулық шеңбері

Атам мені «құлыным»- дейді, әжем мені «боташым» - дейді,Әкем мені «шырағым»- дейді, шешем мені «қозым» - дейді. Ал, шынында мен кіммін ? Мен кәдімгі баламын.«Міне балалар! Бізді еркелеткенде ата, әжелеріміз, әке аналарымыз төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады. Кейбір балаларының аты да осы төлдерге сәйкес болады. Еске түсірейікші? (ботагөз, бота, тайлақ, танагөз және т.б ). Ал енді, бір - бірімізді төлдің атымен еркелетіп көрейікші!».
«Төлін тап» ойыны. Бұл ойында әр малдың суретінің астындағы қалтаға өздерінің анықтаған төлдерінің суретін дәл тауып апарып салу керек. Мақал-мәтел «мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір».
Ұсыныс: Үлкендерді шақыртып, ұршықпен жіп иіруге және балалардың өздеріне жіп иіртіп көрсетуге болады.
Жұмбақ Моп-момақан өзі, сүп сүйкімді көзі.(қозы) «қозы» тақырыбы бойынша мүсіндеу Кіп-кішкене момақан, қошақанды ұнатам. Сүйді апам: «қозым» - деп, «қошақаным өзің»- деп.Тәрбиеші өлең жолдарын оқып, қошақанның дене мүшелерін көрсетіп, талдау жасайды.кесек ермексаздан бір бөлігін үзіп алып, денесін домалақтап мүсіндеу;екінші бөлігін үзіп алып, мойынын, басын, аяқтарын жасау.(балаларға сұрақ беру арқылы әңгімеге олардың өздерін де қатыстырып отырады)
«Қошақандар» сергіту сәті.Қошақандардың жайылып жүрген бейнесін келтіру.Жұмыс аяқталған соң, « Өрісте жайылып жүрген қошақандар» атты көрме ұйымдастыру.Осылайша балалар өздері жасаған жұмыстарына баға береді.«үйде, ата-аналары және жақындарымен бірге»Үйде үлкендермен үй жануарлары туралы әңгімелеу.Төрт түлікке байланысты тиым сөздерді үйрену. «Біз не білдік?» адаммен үй жануарлары тығыз байланыста. Үй жануарларына күтім қажет. Соңында тәрбиеші қорытынды жасайды. Балалар өте жақсы еңбектеніңдер! Барлығы да өте жақсы деген баға.
Еңбектерің жана берсін!

Бейнелеу өнері.
Сабақтың тақырыбы: Перспектива заңдылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі – перспектива заңдылығының ережелерімен таныстыру.
Перспектива заңдылықтары арқылы қоршаған ортаны, табиғатты танып білуі;
Дамытушылық: Білімдерін кеңейту,дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық сезімдерін, танымдық күштерін, ой-өрісін, қиялын, оқуға, өнерге қызығушылықтарын дамыту; эстетикалық талғамдары мен қажеттіліктеріне қарай бейнелеу іс- әрекетіне машықтандыру;
Тәрбиелік: Туған ел табиғаты, оның сұлулығы мен көркемдігін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс, топтастыру, талдау, іздендіру
Көрнекілігі: Перспективалық көрініс суреттері, сызбалар, оқушыларға арналған Paint программасымен жеке жаттығу жұмысы, слайдтар т.б.
Пән аралық байланыс: Сызу, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу,оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.Оқушы назарын сабаққа аудару
II Өткен сабаққа шолу жасау,қайталау. Экспресс-тест алу (слайд)
-Композиция дегеніміз не?
-Көкжиек сызығы дегеніміз не?
- Бейнелеу өнерінің жанрларын атап бер? т.б.
ІІІ.Сабақтың мақсатын қою. –Балалар , бүгін біз бейнелеу өнеріндегі негізгі заңдылықтардың бірі –перспектива заңдылығымен танысамыз.
ІV.Жаңа білім беру. Презентациялық слайдтар көмегімен түсіндіру.
Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу туралы ілім.
Перспектива латынның «perspicere» - «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті.
1. Зат бізден неғұрлым алыс тұрса , ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
2. Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Брунемески.
СЫЗЫҚТЫҚ ПЕРСПЕКТИВА
АУА ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Категория: ИЗО и черчение | Добавил: Almaz (27.02.2015) | Автор: Дюсенова Салтанат Каратаевна E
Просмотров: 2387 | Теги: Сызу және бейнелеу өнерінен сабақ ж, Сызу және бейнелеу өнері мұғалімі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]