Главная » Статьи » ИЗО и черчение |
«Бейнелеу өнері» пәнін жаңаша оқыту – заман талабы
Абдраимова Асем Бауржановна, аға оқытушы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Бүгінгі күнде өзгеріске ұшырап жатқан әлемде, әсіресе еңбек нарығында жұмыстың автоматтандырылуы және жаңа мамандықтардың пайда болуымен бұған дейінгі мамандықтардың керексіз болып қалуы орын алып, көптеген салаларда жоғары кәсіптік мамандықтардың тапшылығы байқалады. Американдық философ Э.Тоффлер «XXI ғасырда сауатсыз адам – ол, оқу мен жазуды білмейтін адам емес, өз білімін жетілдіруді және қайта оқуды қажетсінбейтін адам» дейді. Сондықтан да заманауи адам үшін бір мамандықты ғана иеленіп өмір сүру бүгінде мүмкін емес. Көптеген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша инновациялық дамуда кәсіби білім дағдылары емес, коммуникацияға, өзара қарым-қатынастарға, бірлескен жұмыстарға қатысты іскерліктің болуы маңызды болуда. Сонымен қатар, мәселелерді шеше білу, жаңаша ойлау, дәстүрден тыс іс-әрекеттер жасай алатын іскерліктер қажет. Бүгінгі күні барша әлемнің еңбек нарығында осы тұрғыдағы іскерліктер сұраныста. Осыған ұқсас мәселелерді оқушылардың халықаралық PISA функционалдық сауаттлығын зерттеу нәтижесі анықтап отыр: ұсынлыған үлгі бойынша емес, білімді стандарттан тыс ойлауға, қиын жағдайлардан шыға білуге қолдану бойынша біздің қазақстандық оқушылар артта қалуда. Жалпы әлемдегі әл-ауқаттылық ол жерде білім беру жүйелерінің жұмыс істеуіне тәуелді. (Мысалға, Оңтүстік Корея мен Ямайка: 20 жыл бұрын қандай болса сол қалпы қалған Ямайкаға қарағанда, Корея елінің білім беруге салымы мемлекеттің ішкі өнімінің өсуіне әсер етті). Бүкіл әлем талантты адамдарға зәру. Біліксіз мамандар шеттеліп қалуда. Өткені, индустрияландырылған қоғам өте жоғары еңбек өнімділігімен, сапалы тұрмыс, жоғарғы технологиялардан тұратын инновациялық экономика секторының басымдылығымен ерекшеленеді. Білім беру деңгейі қаншалықты биік болса, экономикалық көрсеткіштер де соншалықты жоғары болмақ. Мектепте оқудың қосымша әр жылы өмір бойғы табысты 7-8% өсіреді; 8 жасында жылдам оқитын балалар 38 жасына дейін білікті мамандар санатына жатады екен. Болашақ мұғалімдер сауаттылық деңгейі бойынша жоғары көрсеткіштерге жетуі тиіс, өйткені зерттеулердің мәліметі бойынша басқа себептерден де мұғалімнің сауаттылығы баланың нәтижелеріне қатты әсері ететінін көрсетті. Мысалы, Сингапурдағы мұғалімдерді іріктеудің тиімді жүйесі бойынша әр болашақ мұғалімде басапқы базалық біліктіліктің болуы қатаң қадағаланады, яғни: - болашақ мұғалім мектеп түлектерінің ең білімді 30% -да болуы керек; - балалармен жұмысқа, оқытуға деген қызығушылығын дәлелдеуі керек; - жеке ерекшеліктері мен қабілеттері анықталады; - тәжірибелі үш директордан тұратын комиссия оған іс-әрекеттік практикалық тапсырмалар береді. Сөйтіп, барлық іріктеу нәтижелері бойынша мектепте балалармен жұмыс жүргізу үшін 6 үміткердің ішінен 1 ғана адам қабылданады. Бұл орайда, біздің қазақстандық жоғары оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері қалай жүзеге асырылуда, бұл жүйенің әлсіздігі неде? Неліктен мектеп түлектері педагогикалық мамандықтарға барғысы келмейді? деген сұрақтар туындайды. Еліміздегі орта білім беретін мектептердегі бағдарлама теориялық ақпараттарға басым академиялық білімнен тұратын тым ауқымды бола тұра, жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытпағандықтан, заманауи талаптарға сәйкес болмағандықтан тиімді оқуға негізгі тосқауыл болуда. Мектепте оқушыға қойылатын баға бағалануы тиіс жеке пәндер аясында алған білім мен дағдыларының нақты көрінісін қамтамасыз етпейді. Мектептегі пәндер бойынша бағалаудың бірегей стандартталған талаптарын белгілеген нормативті құжаттардың болмауы мектептердің бағалау бойынша жеке локальды құжаттарын әзірлеуге мәжбүр болуда. Нормативтік-құқықтық құжаттарда бірегей стандартталған бағалау механизмдерінің болмауы бағаның әділетсіздігіне әкеледі. Ата-аналар көбіне баласына бағаның не үшін қойғанын білмегендіктен мектеп пен ата-аналар арасындағы келіспеушілік жиі туындап тұрады. 2011 жылдан бастап критерилер негізінде бағалау әдістері Қазақстан Республикасының басты жекеменшікті және Назарбаев зияткерлік мектептерінде енгізілді. «Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау басқа оқушылардың жетістіктерін салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады. «Қазақстанның барлық бастауыш және орта мектептеріне (сонымен қоса жоғары сыныптарға) критерийлер негізіндегі бағалау жүйесін енгізу қажет. Бұл бағаларды жоғарылатуға жол бермейді және ата-аналар үшін оқушылардың үлгерімі жайында есептерді барынша түсінікті етуге ықпал етеді». Статистикалық деректерге сәйкес 2014-2015 оқу жылындағы оқушылардың жалпы санының (2 609 612 адам) нәтижесі бойынша: - орта білім беру жүйесіндегі 47,1% оқушылар (1 228 164 адам) оқуларын «үшпен» аяқтады; - 35,4% оқушылар (924 695 адам) – «төртпен» аяқтады; - 17,5% оқушылар (455 541 адам) – «беспен» аяқтады; - 0,1% оқушылар (1212 адам) – екінші жылға қалдырылды. Оқушылардың 50%-ы орта мектепті «үштік» бағамен аяқтайды. Білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері біздің елімізде бірнеше рет жүргізілді, бірақ ол жаңартулар фрагментті түрде ескі білім беру мазұнын қосымша сағаттармен шамадан тыс жүктеуден тұрды. Білім беру мазмұны бағдарламалары мен жоспарлар, оқулықтар, әдістер мен технологиялар жүйесінен тұратын оқу жоспары ретінде білім беру бағдарламасында көрініс табуы керек. Сол себепті, жаңа пәндер мен курстарды, инновациялық идеяларды фрагментті түрде енгізу ескі білім беру мазмұнының үстінен артық жүктеме ретінде тек оқу үдерісінің қарқындылығы мен үлкен көлемді дайын ақпаратты беруге алып келді. Л.С.Выготский ұсынған ұғым, баланың даму деңгейі (қандай тапсырманы ол өз бетінше орындай алады) және педагогпен өз құрдастарымен жұмыс жасай отырып жете алатын потенциалды даму деңгейі арасындағы айырмашылығын білдіреді. Оқу мен оқыту үдерісінің негізіне келесі үш сұрақ жатады: «оқушылар оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?» бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысады (мұғалім, сыныптас және оқушы) (П.Блэк, Д.Уильям, 2009). Блум бойынша дәстүрлі мектепте оқу үдерісіндегі қол жеткізген жетістіктердің 90% айырмашылығы негізгі үш фактор арқылы түсіндіріледі: 1. Когнитивті бастапқы мінез-құлық – бұл жаңа тапсырманы шешу алдында болатын оқушының білімі мен қабілеттері. Осы бастапқы айырмашылықтарды тексеріп, оларға оқу-педагогикалық үдерісті бейімдеу қорытындысының айырмашылықтарын 50% дейін қысқартуға болады; 2. Эмоционалды бастапқы мінез-құлық болашақ оқу мотивациясына қатты әсер ететін алғашқы сәтсіздіктерден көңілдің қалуын басу үшін бағытталған. Бастапқы сатыдағы тиімді стимуляцияның нәтижесінде қорытынды жетістіктердегі айырмашылықтар 25% дейін төмендейді; 3. Білім беру үдерісі ортамен, уақыт есебімен жүзеге асады, дегенмен ынталандыру және әрбірімен жеке жұмыс істеу де маңызды орын алады. Осыған орай, қорытынды айырмашылықтардың тағы 25% жоқ болуы мүмкін (Б.С.Блум, 1970). Бағалау критерийлері таксономиялық деңгейлерге сай бөлінеді: - Білу және түсіну - Қолдану - Анализ - Синтез - Бағалау Тілдік пәндер бойынша бағалау критерийлері сөйлеу әрекетінің 4 түрін сипаттайды: - Тыңдалым - Айтылым - Оқылым - Жазылым Бағалау критерийлерінің айқындылығы және бағалау тапсырмаларын олармен сәйкестендіру тапсырмаларын құрастыру мен сараптау, нәтижелерді бекіту мен талдау сапасын арттыруға жағдай жасайды Бірыңғай стандарттар белгіленеді, алайда оларға жету – бұл әр мектеп, мұғалім мен оқушы үшін дербес түрде өтетін жол. Мұғалімдер шығармашыл, өз-өзіне сенімді, ынталы, оқудан рахат алатын оқушыларды және олардың әлеуетін арттыру үшін тиімді болып табылатын мінез-құлқының сипаты мен қабылдауға деген қабілетін дамытатын педагогикалық әдіс-тәсілдерді мойындауы маңызды. Бірақта біздің де бейнелеу өнері сабақтары да осындай болар еді, егерде мұғалім оқушыларға дайын үлгіні беріп, оны бейнелеудің немесе жасаудың кезеңдерін көрсетіп оны «балалардың шығармашылығы» демесе. Бар кінә- оқулықтарда ұсынылып тұрған әдіс- тәсілдерді орынды қолдана алмайтын, балалардың зерттеушілік, ізденушілік мүмкіндіктеріне сенбейтін мұғалімде болып тұр ғой. Үлгіге қарап жасалған затты «өнер туындысы» деп айта алмаймыз, өйткені ол баланың не ойлауын, не шығармашылығын еш дамыта алмайды. Үлгіге қарап жасаған затты бағалау оңай болғанымен ол жерде оны жасаған адамда даму, ілгерілеу жоқ. Ал көркемдік тұрғыда дамудан күтілетін нәтиже – оқушының базалық қабілеттерін дамыту: яғни, сезімін, іс-әрекет жасау қабілеттерін, ойлау дағдылары мен сыни көзқарасын, коммуникативтік, рефлексивтік түсінігін қалыптастыру болып табылады. Бұл іс-әрекеттер тікелей шебер мұғалімнің ұйымдастыруымен құралдар мен көркемдік іс- әрекеттерді бала өзінің тәжірибесінде, қабілеттерін қолдана отырып, сабақтың тақырыбы бойынша тапсырманың шешімін өзі іздеп табуды үйреніп, соның арқасында тәжірибесі мәдениеттілікпен ұштаса, адамдағы адамгершіліктің қалыптасуы жүзеге асады. «Бейнелеу өнері» пәнінің мұғалімі оқушылардың дербес дамуы жолында оларға қолдау көрсетуде оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіре отырып, икемді әрі сезімтал болулары керек. Себебі оқушының өз ойын білдіруі оқу барысындағы маңызды әрекеттердің бірі болып табылады, шығармашылыққа үйрету аясында оқудың жеке траекториясы бойынша жүру мүмкіндігін ұсына отырып, оның негізінде идеялар туындауы, дағдылар дамуы мүмкін. Оқу барысында оқушылар өздерінің мықты жақтары мен әрі қарай дамытатын салаларын танып-білуі үшін оларға барлық материалдарды, тәсілдерді зерделеуге мүмкіндік беріледі. Мұндай кезде бағыт пен еркіндік беру арқылы мұғалімдер оқу үдерісіне қалай қолдау көрсетуді әрі оны қай кезде тоқтатуды білетін болады. «Бейнелеу өнері» пәні бойынша білім беру бағдарламасының идеяларын басшылыққа ала отырып, оқушылар өнердің кең ауқымын бағалауда өз дағдыларын жетілдіріп, адамдардың құндылықтарын, қарым-қатынастары мен арман-қиялдарын бейнелеу өнері арқылы бейнелеуге болатыны туралы түсініктерін кеңейтеді. Олар өздерінің көркемдік дағдыларын дамытып, шығармашылық шешімдерге жетелейтін өнер туындыларын жасауға қажетті мүмкіндіктерін арттырып, өздерінің көркем туындыларын дүниеге әкелуді жоспарлай білу қабілетін жетілдіретін болады. Қолданылған әдебиеттер: 1.Black. P et al. (2003). Assessment for learning, Putting it into practice[Оқу үшін бағалау.Тәжірибеге енгізу]. Open University Press, Maidenhead 2.Black et al. (2011), ‘Can teachers’ summative assessments produce dependable results and also enhance classroom learning?'[Мұғалімдердің жиынтық бағалауы сенімді нәтиже беріп, оқыту тәжірибесін кеңейте ала ма] Assessment in Education: Principles, Policy & Practice, 18(4), 451-469. 3. «Технология» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5-9 сыныптар) Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы,Астана 2013. 4.Әбдіғалиева Ш. «Мектептегі технология». Кенжеахметұлы С. М. Махамадиева 5.Интернет ресурстары: www.iteach.kz www.intel.kz http://ustaz.kz/tekhnologiya | |
Просмотров: 1030 | Комментарии: 1 | | |
Всего комментариев: 1 | |
| |