Главная » Статьи » Самопознание

Бәрін білгім келеді.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Айтиев селосы
Айтиев бастауыш мектебі
Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна
Тақырыбы: Бәрін білгім келеді 1сынып
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: Ұқыптылық,тәртіптілік, сыйластық.
Мақсаты: Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
-оқушы, оқу, білім, туралы түсінік беру;
-білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-жақсы оқушы болуға тәрбиелеу. Ресурстар:/құралдар,мәліметтер/
Барысы:1)Ұйымдастыру бөлімі.1.Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгіндеу.3.Ережелерді қайталау:сабақта біз....тәртіп,талап,тыныштық,татулық,тазалық қатан сақтауымыз керек.
4.Балдарды ұсыну.Сабаққа дайындығын тексеру:оқулық,дәптер,қарындаш,өшіргіш,
ұштағыш.
2)Тыныштық сәті:
-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

үнтаспа

Дәйексөз.
«Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар»
-Оқушы мектептен оқу арқылы білім, тәлім алады. Оқушы үйренуге, ізденуге, көп білуге, өзін, елін, әлемді тануға құштар болған сайын білімді бола түседі. Сондықтан да «Білімді мыңды жығар»-деген сөз бекер айтылмаған.
Әңгімелесу. Әңгіме
Табанды бала
Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді.
Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.
Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді.
Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.
Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.
Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.
Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.
Енді оған оқитын кітап керек болды.
Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді.
Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.
Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.
Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.
Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.
• Бала өз мақсатына қалай жетті?
• Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?
• Қазақ халқының қандай ғұлама ғалымдарын білесіңдер?
Шығармашылық жұмыс:
1)Алпамыс пен Махаббаттың мектепке баратын жолын дұрыс тауып,бояу.
2)Балаларға өз бойларындағы қабілеттерін дамыту және өз өнерлерін көрсету арқылы әсемдікті түсіне білуге үйрету мақсатында «Суреттерді пайдаланып,өз өнерлеріңді ортаға салыңдар»-деген тақырыпта шығармашылық жұмыс ұйымдастыру.
Топпен ән айту Біз осылай өсеміз
Суда жүзіп өсеміз,
Қырды сүзіп өсеміз.
Күнге қызып өсеміз,
Құмда шыжып өсеміз.
Қайырмасы:
Талаптанып өсеміз,
Қанаттанып өсеміз.
Таулар көріп өсеміз,
Баулар егіп өсеміз.
Жеміс теріп өсеміз,
Жеңіскер боп өсеміз. үнтаспа

Тыныштық сәті./баяу музыка ойнатылады;оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап,ризашылықтарын білдіреді/Сабаққа қатысқандарына рахмет!
үнтаспа
Категория: Самопознание | Добавил: Тимок (05.03.2015) | Автор: Танатарова Шолпан Каратаевна E
Просмотров: 1972 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]