Главная » Статьи » Самопознание |
Жанашырлық - жанға қуат
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Дүйсалиева Айкөңілдің 6 «Ғ » сыныбына арналған өзін-өзі тану пәнінен қысқа мерзімдік ашық сабақ жоспары -күн 26.01.2015ж сабақ Сабақтың тақырыбы: Жанашырлық –жанға қуат Ресурстар: 6-сынып оқулығы, интерактивті тақта , маркер, стикерлер, Білім ағашы суреті плакат,А3, А4, ресурстар. Мақсаты: Оқушыларға жанашырлық туралы түсінік беріп, олардың бойындажанашырлық сезімдерін дамыту. Міндеттері: - оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік беру; - оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету; - оқушыларды ниеттес, тілектес, сыйлас болуға тәрбиелеу. Оқыту нәтижесі: • жанашырлық туралы білімдері толығады. • Оқушы жеке өз бетімен жұмыс жасайды, пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. • Сұрақтарды талқылауға қатыса алады, бір – бірін тыңдай біледі; • Жалпы ой – өрісі дамып, сабақтың тәрбиелік мәні ұлғаяды. • Салыстыру, талдау, жинақтап қорыту, дәлелдер келтіру, сыни тұрғыдан ойлауы дамиды. Негізгі идеялар Жаңа сабақты меңгерту. Бірлескен топтық жұмыстың тапсырманы қорғау кезіндегі ынтымақтастығы Тапсырмалар 1. Үйге тапсырма Жанашырлық әңгімесі (Қ.Толыбаев) Пікірлесейік ,ойланайық. 1.Жанашырлық танытудың мәні неде? 2.Жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер? 3.Жанашырлық парыз ба, әлде міндет пе? 4.Айналаңа не үшін жанашырлық танытар едің? 5.Жанашырлық таныту барлық кезде керек пе? 6.Жанашырлықты тек сөзбен ғана көрсету керек пе? 7.Бауырмалдық дегеніміз не? 8.Қамқорлық жасау деген ұғымды қалай түсінесіңдер? 7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық 4- модуль.АКТ. интерактивті тақта 2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау. Диалогтық оқыту 3 –тапсырма топтықтапсырма орындайды. Жанашырлық және Жомарттық сөздерінің ортақ ұқсастықтарымен айырмашылықтарын табу. 7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық 4- модуль.АКТ. интерактивті тақта 5-модуль Талантты және дарынды балаларды оқыту. Назар аудар! Басына іс түскен адамдарға жанашыр бола біл. Жанашырлықты сөзбен ғана емес, іспен де, мінез-құлықпен де таныту қажет - ең бастысы осы. В.А.Сухомлинский. Ниеттес, тілектес, сыйлас адамдардың бір-біріне деген ниеттестігі мен тілектестігін білдіретін көңіл күйі жанашырлық болып табылады. Сонымен қатарадамдарға қиын жағдайда тап болған кезде қамқорлық көрсету, жәрдем беру де жанашырлықтың іс жүзіндегі көрінісі. Дәйексөз Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің. Халық нақылы Шаттық шеңбері Топқа бөлу. І топ. Жанашырлық ІІ топ. Жомарттық 1-модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 3 минут Топ ережесін бекіту 2 минут 1.Мұғалімге бағыну 2.Бір –бірін тыңдау 3.Тыныштықты сақтау 2-тапсырма. «Мағынаны ашу» мәтінмен жұмыс Оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарында берілген оқу мәтінмен жұмыс жасауда мәтін соңында сұрақтар басшылққа алынады. - Арноның өз өміріне риза болмау себебі неде? - Арноның жүрегін жылытып, өмірге басқа көзқарасын өзгерткен қандай жағдай? - Арно неліктен өмірге басқа көзқараспен қарай бастады? - Арно жан рақатын қалай тапты? 4-тапсырма. «Жағдаяттарды талдау «Ойлан, ақылдас, бөліс» І топ Жұмыстан келген анасы ұлына: -Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен?-деді. -Жата беріңіз,-деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан. Мамасы төсегіне барып жатты да ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Ұлы орнынан салдыр-күлдір еткізіп ренжи тұрды да, үн-түнсіз оның өтінішін орындады. (В. Воробьев) ІІ топ Мен қалада оқитынмын.Үйіме ай сайын келіп тұратынмын.Өйткені шешемнің денсаулығы нашар еді. Бір күні үйге келдім.Менің келгеніме анам қуанып төсегінен тұрды,су жылытып үлкен легенге құйды да: -Жуынып ал, балам, -деді. Мен жуынып болған соң үстел жанына келіп отырдым да,қызықты кітапты алып оқи бастадым. Бір кезде аяғымды жуған суды төгуді ұмытып кеткендігім есіме түсті. Келсем леген бос тұр.Суды төгіп келген шешем шаршап, демін әрең алып отыр екен... (В.А.Сухомлинский) 2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау. Сергіту сәті Балалар шеңбер жасап тұрайық, өз бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді ой елегінен өткізіңдер, содан кейін өз аттарыңды атап өзіңнің жақсы қасиеттерің туралы кезек-кезек айтып беріңдер. 4- модуль.АКТ. интерактивті тақта 3минут 5- тапсырма. Қорытындылау. Кел, ойнайық! Топтар берілген сөздерге өз ойлары туралы түсінік береді. 6 минут 7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық 2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау. 4- модуль.АКТ. интерактивті тақта Кейінгі тапсырма Үйге тапсырма: Жанашырлық –жанға қуат. Жанашырлық туралы мақал –мәтелдер жаттап келу. Бағалау Мадақтау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы . Кері байланыс Жүректен жүрекке Балалар жаңа сабақтан алған рухани- адамгершілік құндылықтар туралы әсерлерін кішкентай жүректерге жазып, үлкен жүрекке орналастырады. | |
Просмотров: 1685 | | |
Всего комментариев: 0 | |