Главная » Статьи » Летний лагерь

ШЖМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
ШЖМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН
АРТТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Қоңқашев М.А., мұғалімнің кәсіби дамуының педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасы
кафедрасының меңгерушісі.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру «Ақмола облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты»




Қазақстанның кең байтақ жері және тұрғындардың орналасы тығыздығының аздығы шағын комплектілі мектептер санының көбеюіне жағдай жасайды. ҚР-ның «Білім туралы» Заңы шағын комплектілі мектептерді оқушылар саны аз, біріктірілген сынып-комплектілер және оқу сабақтарын ұйымдастырудың түрі ерекше жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды. Қазақстан Республикасындағы шағын комплек-тілі мектептерді дамыту Тұжырымдамасы жоба-ларында «ШЖМ – сынып-комплектілер ғана емес, сонымен бірге толық емес сыныптар» екендігі атап көрсетіледі.
Ата-аналардың, мұғалімдердің, қоғамның арманы – «толық емес сыныптар емес пе»: мектепте шағын ғана ұйымшыл шығармашыл педагогтер ұжымы әр оқушыны және оның ата-анасын танитындай жағдай жасалып, оқушылардың креативті қабілеттерін дамыту, оқытуды дараландыру және сараландыру үшін шексіз мүмкіндіктер жасалар еді. Оқушылар санының аздығы бір ауысымда оқуды ұйымдастыруды жүзеге асыруға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының сәйкес құрылымдары мен психологиялық қолдау жүйесі арқылы әрбір оқушы тұлғасын дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Соңғы кездері ата-аналардың білім беру қызметі үшін төлемақысы көп болса да, оқушылар саны аз «жекеменшік» қала мектептеріне балаларын беруі кездей соқтық емес, өйткені бұл мектептерде жоғарыда аталған мүмкіндіктердің бәрі бар, олар оқыту сапасы және оқушылардың білім деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, зерттеушілер ауылдың ШЖМ-нің айырықша белгілерін анықтауға мүмкіндік береді:
- Мектепте және сыныпта оқушылар санының аз болуы;
- Педагогикалық ұжымның шағындығы;
- Оқушылармен бір уақытта екі-үш-төрт оқу паралелль сабақтарын
бір кабинетте өткізу үшін сынып-комплектілердің болуы;
- Мұғалімнің сабақ беруінің көп пәнділігі;
- Мектеп директорының қызметтік міндеттерінің көп түрлілігі;
ШЖМ проблемасының халықаралық мәні бар, оларды қолдауға қатысты бірқатар сұрақтар ЮНЕСКО деңгейінде қарастырылды. Австралия, Канада, Қытай, Ресей, АҚШ, Өзбекстанның ғылыми-педагогикалық ұйымдары ШЖМ проблемаларын зерттеуде. Бұл мектептердің проблемалары мен іс-тәжірибесін зерттеумен Батыс Еуропа елдерінің педагогикалық ғылыми орталықтары айналысып жатыр.
Дамыған елдерде ШЖМ жақсы қаржыландырылады. Мысалы, АҚШ-та қоғамдастықтың іскер тобымен байланыс орнатуды қарастыратын рогестрлік бағдарлама бар, яғни ШЖМ мемлекеттің әлеуметтік-шаруашылық бөлігі ретінде алынады.
Шағын жинақталған мектептерді зерттеушілер, ғалым-әдіскерлер аталған мектептердің бірнеше классификациясын жасады.


Схема№1
Оқушылардың контингентік класификациясы



Тиістілігіне қарай классификациясы

Сандық классификациясы


Берілген классификациялар шағын комплектілі мектептер модельдерінің алуан түрлілігіне дәлел болады. Бұл өз кезегінде осындай білім беру ұйымдарын басқарудың қиындығын атап көрсетеді.
Көрсетілген модельдермен қоса, ШЖМ-ді басқарудың қиындығы мектептің әкімшілік-басқарушылық аппараты оқушылар саны мен сынып санына байланысты анықталатындығында. Көп жағдайларда барлық әкімшілік қызметтер мектеп директорына жүктеледі.
Осылайша, шағын комплектілі мектептің қызметтік міндеттеріне кіреді:
- барлық оқу пәндері бойынша сабақтарды ұйымдастыру;
- сыныптан тыс жұмыстарды басқару;
- әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
- оқу-тәрбие процесін бақылау;
- мұғалімдердің ата-аналар қоғамдастығымен жұмысын ұйымдастыру, т.б.
Қазақстан Республикасындағы шағын комплектілі жалпы білім беретін мектептерді дамыту Концепциясы жобасында атап көрсетілгендей, «...шағын жинақталған мектеп жағдайында педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыс өте қиын, өйткені пәндер бойынша бір ғана маман жұмыс істейді немесе кейде мүлдем болмайды. Сол себепті тәжірибе алмасу үшін мектепішілік пәндік әдістемелік бірлестіктер құру үшін мүмкіндіктер жоқ.
Осыған қарағанда, БҚБА ДИ-да шағын жинақталған мектептердің басшылары мен мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың кешендік бағдарламасын жасаған кезде, мыналарды ескеру қажет:
- курстық даярлықты сабақ уақытында өткізбеу керек, өйткені әрбір педагог, сонымен қатар мектеп директоры 2-3 оқу пәнінен сабақ береді, ал ШЖМ жағдайында оларды ауыстыру мүмкін емес;
- шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің аттестациясына талаптарды қайта қарастыру қажет, өйткені аудандық пән олимпиадасына қатысатын орта буын және жоғарғы сынып оқушылары барлық мектептерде бола бермейді және ШЖМ мұғалімдеріне бірінші және жоғары санатты беру және бекіту кезінде «олимпиада жетістіктері» шешуші бола алмайды;
- шағын жинақталған мектеп директорларының біліктілігін арттыру жеке-даралық түрде болуы керек, өйткені ШЖМ басшыларында директорлар және директорлардың ОТЖ және ТЖ жөніндегі орынбасарларына арналған курстарда курстық дайындықтан өтуге мүмкіндігі жоқ;
- ШЖМ мұғалімдерінің біліктілігін арттыру,
егер ол курстық даярлықты толық комплектілі мектептердің педагогтерімен бірге өтетін болса, тұлғалық-бағдарлы тәсіл негізінде құрылуы қажет.
Осылайша, шағын комплектілі мектептердің қалыптасуында, олардың инновациялық мектептер санатына ауысуында мектеп басшысының кәсіби деңгейі үлкен роль атқарады.
ШЖМ директорларының біліктілігін арттыру міндеттерін жүзеге асыру мақсатында бағыттаушы және ұйымдастырушы болатын жұмыс жүйесін құру қажет:
- ШЖМ директорларына әдістемелік көмек көрсетудің ресурстық орталығы (жақын жердегі инновациялық бағыттағы толық комплектілі мектеп базасында);
- А(Қ)ББ (ШЖМ-ті ұйымдастыруға және қызмет істеуіне жауапты);
- А(Қ)ӘК (ШЖМ үшін әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға жауапты);
- А(Қ)ӘК базасында ШЖМ директорларының ОТМ (озық тәжірибе мектебі);
- Облыстық БҚБА ДИ базасында шағын комплектілі мектептер директорларының біліктілігін арттырудың жеке-дараланған курстары;
- Мұғалімнің кәсіби дамуының педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу кафедрасы және олар жасаған бағдарламалар негізінде жұмыс істейтін әкімшілік және ұйымдастырушылық қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша мектеп директорларына арналған инновациялық ШЖМ базасындағы еңбек тәжірибесінен өту алаңшалары.
ШЖМ басшыларының жұмыс ерекшеліктері және қызметтік міндеттері ерекше кешендік бағдарламалар жасауды талап етеді, олардың құрамында келесі дәріс сабақтар тақырыптары болуы тиіс:
- «Шағын жинақталған мектеп директорларының әкімшілік-шаруашылық қызметінің ерекшеліктері»;
- «ШЖМ басшыларының жобалық-сметалық қызметінің негіздері»;
- «Шағын жинақталған мектептердегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері»;
- «ШЖМ-нің тәрбие жұмысының жүйесі».
Қазіргі заман талаптарын есепке ала отырып, бағдарламаға әрекеттік және құзырлылық тәсілдерді жүзеге асыру мақсатында ШЖМ жұмысына аймақтық компонентті енгізу жолдарын жасау, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, мектептің әдістемелік тақырыбымен жұмыс, мектептің оқу- тәрбие жұмысын жоспарлаудың дағдыларын қалыптастыру бойынша тренингтер, практикумдар, ҰӘО (ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар) түріндегі практикалық сабақтар енгізілуде.
Курстық даярлықтың практикалық бөлімдері тек қана шағын жинақталған мектептер базасында өтуге тиіс, өйткені басшылардың өздері барған білім беру ұйымдарының іс-тәжірибесін өз мектебінің жұмысымен салыстыруға мүмкіндігі болуы керек. Еңбек тәжірибесінен өту алаңшасындағы жұмыс бағдарламасына құжаттарды зерттеу кіреді, бұл стратегиялық және келешектік жоспарлаудың басқарушылық құзырлылықтарын қалыптастыруға, мектептің материалдық-техникалық базасын қалыптастыру бағдарламасын құрастыруға, мектеп аумағын абаттандыруға, т.б. ықпал етеді. Біздің Республикамыздың әрбір баласы, тұратын және оқитын орнына (қала-толық комплектілі мектеп немесе ауыл – шағын жинақталған мектеп) қарамастан, материалдық-техникалық базаның барлық талаптарына сәйкес мектепте толыққанды білім алуға конституциялық құқысы бар, бұған жауапкершілік ШЖМ директорына жүктелген, оқу ғимаратының, жабдықтардың сапасы, мектеп ауласының жасылдандырылуы және дизайны, спорт алаңшаларының жабдықталуы, оқу-тәжірибелік телімнің болуы директордың қаржылық-экономикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық және заңдық дайындығына байланысты болады.
ШЖМ-нің оқу-әдістемелік базасын нығайту өте сирек және жеткілікті дәрежеде емес, үш қайнаркөз есебінен жүзеге асырылатындығы барлығына мәлім:
- Басшылардың энтузиазмы;
- Жеке тұлғалардың бір реттік демеушілік қолдауы;
- Жергілікті басшылардың жоспардан тыс материалдық көмегі.
Шағын жинақталған мектептерге әдістемелік қолдау көрсетудің тағы бір бағыты қазіргі жаңа талаптарға сәйкес мектептің оқу-материалдық базасын қалыптастырудың жаңа жолдарын тапқан инновациялық мектептердің іс-тәжірибесін зерттеу, талдап қорыту және тарату болып табылады. Бұған Ақмола облысы Аршалы ауда-ны Вячеславский ШК ОМ директорының іс-тәжі-рибесі мысал бола алады.
Жоғарыда көрсетілген мақсатты жүзеге асыру мақсатында Вячеславский ОМ-де «Ақбота» Қоғамдық қоры құрылды, оның негізгі мис-сиясы: «Мектептегі инновациялық процестерді дамытуға, жергілікті қауымдастықтағы әлеумет-тік, экологиялық жағдайды жақсартуға бағыт-талған ата-аналар, мұғалімдер, серіктестердің күш-жігерін реттеу». Қордың бағыттарының бірі оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмысын қолдау болды. Соңғы 5 жылда мектепте «Сорос-Қазақстан» қоры, Бүкіләлемдік қайта құру және дамыту банкі, БҰҰ Ғаламдық Экологиялық Қорымен қаржыландырылған жалпы құны 16 000 000 теңге болатын 8 жоба аяқталды. Барлық осы қаржылар мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтты. Қазіргі уақытта «ШиК» газетін шығаратын, бейнефильмдер, әлеуметтік бейнероликтер, буклеттер, коллаж-дар, балалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын тарататын баспасөз орталығы белсенді жұмыс істейді. Бұл ауылдық ШКМ оқушыларын дамытудың бір жолы, оқытудың жағдайы көптеген қала мектептерінен асып түседі және түлектердің ауылда тұрақтануына және ауылдың сақталуына ықпал етеді. «Шағын комплектілі мектептер: проблемалар мен келешек» атты пікірталастық баяндамада «елді мекендердегі, әсіресе ауылдағы бұл мектептердің білім және мәдениет құрушы қызметтері тұрғындардың тұрақтануына ықпал ететін фактор ретінде шағын комплектілі мектептің мәнін арттыра түсетіні» атап көрсетіледі.

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

1.ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007;
2.«Қазақстан Республикасындағы шағын комплектілі жалпы білім беретін мектептерді дамыту»Тұжырымдамасы (жоба), Алматы, 2002;
3.Шағын комплектілі мектептер: проблемалар және келешек, «Білім беру саясаты: қоғаммен диалог», Алматы, 2002;
4.12 жылдық білім беру жағдайында Қазақстан Республикасындағы шағын комплектілі мектептерді дамыту Тұжырымдамасы (жоба), Алматы, 2008.
Категория: Летний лагерь | Добавил: Педагогика (15.04.2015) | Автор: Марат E
Просмотров: 1733 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]