Главная » Статьи » Школьный психолог

Тренинг жаттығулары
«Эмоция және сезімдер»
\тренингтер жаттығулар\

Мақсаты: Оқушыларға эмоция мен сезім –адамның айналадағы өмір шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және эмоциямен сезімдерді қалай басқаруға болатындығын үйрету.
Көрнекіліктері: суреттер, ватман бояулар.
1. Қызығушылықты ояту.
Сәлемдесу
Балалар көңіл күйлерің қалай?
Оқушылар ортаға шақырылады. Көшеде жүрген адамдардың қарбалас жүрісін саламыз. Сіз көптен кездеспеген ескі досыңызды немесе сыныптасыңды көрдіңіз, сіз ол кісімен қалай амандасар едіңіз?
Суретте – әр түрлі көңіл күйдегі адамдардың суреттері бейнеленген. Суреттегі көңіл күйлеріне қарап, олардың әрқайсысына ат қой. Қазіргі уақыттағы өзіңіздің көңіл күйіңізді белгілеңіз. Өзіңе ұнаған суретті дөңгелектеп сыз. Және не себепті сол суретті таңдағаныңды түсіндіріп береді.
Суреттегі бет-бейне баланың шынайы базалық құндылықтарын көрсетеді. Мимика арқылы басқа адамдардың эмоцияларын тани алуға бола ма?





2. «Эмоция » жаттығуы.

Мақсаты: Мұғалім бойында артистизм, эмоционалдылық, иілгіштік, оқушылармен қарым-қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.
Топ жарты шеңбер болып отырады. Әрбір қатысушы жұмбақ жасырады. Жұмбақты бет әлпет қимылы, позасы, іс-әрекеті, жесті және кейбір нейтральді фразаларды қолдануы, өзі ойланған эмоцияналдық күйлердің біреуін топқа жасыруға болады, топ мүшелері оны табуы қажет.
1. Өзі қу жүрген жері айқай мен ду. ( түлкі)
2. Ақ жібегім ашылды, ішінен жібек шашылды. ( күн)
3. Қабат қабат қаттама ақылын болса аттама. (кітап)
4. Кішкентай ғана бойы бар, айнвалдырып киген тоны бар. ( қошақан)
5. Белі бүкір , алысқа түкір. (мылтық)
6. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. ( қалам)
3.«Мимикалық ситуация».
Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Сабақ үстінде», тақырыптар берілген.Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.
4.«Эмоциялық термометр» жаттығуы.
Мақсаты : күні бойғы эмоция мен сезімге талдау жасауға, жақсы психоэмоционалдық көңіл-күй туғузуға үйрету.
Нұсқау: Бір күнің эмоциялық портретін жасайық. Бүгінгі күнді таңертеңнен бері еске түсіріңдер. Барлық оқиғаны қарап шығыңдар, жеке үзінділерді көз алдарыңа келтіріңдер. Енді соларды жазыңдар. Басқа адамдардың әсерінен болған оқиғалар мен сезімдердің астын сызып қойыңдар.Жақсы-жаманын атап көрсетіңдер. Осыдан кейін эмоция сәтіндегі жеке ерекшеліктерге талдау жасалады.

5. «Ыстық орындық»
Ортаға сыныптан өз қалауымен бір оқушы шығады ортаға отырады сыныптастыры осы оқушының жағымды және жағымсыз жақтарын айтады.
6. «Көңіл күйіңді бейнеле»
Оқушыларға әр түрлі көңіл күйдегі суреттер тақтаға ілінеді оқушылар бейнелеуі тиіс.
8. «Сыйлық»
Жағымды көңіл күй сыйлау ізеттілікке бағдарлану, қабілеттіліктерін дамыту. Оқушыларды екі қатарға қарама қарсы отырғызамыз, бір бірінің туған күніне вервальды емес сыйлық сыйлауы керек біріншісі оны не сыйлағанын мимикамен корсетсе екінші оны қабылдаушы ретінде көңіл күймен көрсетуі тиіс. Соңынан кімнің не сыйлағаны талданып ең жақсы өнер көрсеткен топ анықталады.

9. «Тілек шамы»
Оқушылар дөңгеленіп тұрады бір-біріне деген ыстық тілектерін жүрек жарды ұсыныстарын жеткізеді.

10.Толғаныс
Эссе.
«Эмоция және сезімдер менің өмірімде»
Қорытынды: «Өмір теңіз онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» Осымен бүгінгі психологиялық сабағымыз аяқталды сау болыңыздар.
Категория: Школьный психолог | Добавил: Айя (10.12.2014) | Автор: Айсауле E
Просмотров: 6138 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]