Главная » Статьи » Школьный психолог |
"Дос болайық бәріміз" мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған \тренинг жаттығулар\
Теректі ауданы Ақсуат ЖОББМ Мектеп психологы: Нуртазиева А.Н Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз» \Тренинг -жаттығулар\ Сабақтың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі оқушылардың көңіл күйін көтеру, балалардың икемділігін анықтап, қызығушылығын артыру. Өту әдісі: тренинг- жаттығулар І. Шаттық шеңбері Балалар дөңгеленіп тұрып, бір-бірімізге күлімдеп, жақсы тілектер айтамыз. ІІ. Жаттығу. Мен кіммін. Оқушылар алдымыздағы қағазды алып, ортасынан бүктеп, бүктелген жағынан ұстап қолымызбен қиып адам бейнесін жайсаймыз. Басына өз есімдеріңізді жазыңыздар, оң қолына жақсы мінезіңіз, сол қолыңызға керісінше жағымсыз мінезіңіз, сол аяғыңызға ұнататын түсіңіз, оң аяғына жақсы көретін адамыңыз, ортасына арманыңызды жазыңыздар. / оқып таныстыру/ III. «Көңіл-күйімізді жаттықтыру» Жүргізуші: Бүгін мен сендерді актер болуға үйртемін мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер. 1. Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі; 2. Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті; 3. Жылап тұрған адамды көрсету; 4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету; 5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу. IV. Жаттығу: «Гүл» Мақсаты: Қатысушылардың қабылдауын дамыту Өткізілу барысы: Әр қатысушылардың әр қайсысы әр жерде отырады. Жүргізуші: « біз бәріміз енді өсіп келе жатырған гүлдерміз, күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді / қолдарын созады / кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады / қолдарын жан – жаққа шайқайды/ Бір мезгілде аспанға бұлт төніп жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады, / қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады/ бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шығуға бастайды. Сол уақытта гүлдер құлпырып, жайнап ашыла бастайды. / қатысушылардың барлығы үлкен гүл шоғына жиналады/ V. "Армандар" Мақсаты: Өзіңіз алға қойған арман, мақсатын көз алдына елестету арқылы өмірге деген құлшынысын арттыру. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Барлығы көзін жұмып, өз тілегіне құлақ түре отырып, келешек өмірін қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын елестетуге тырысады. 1-2 минут уақыт беріледі, ақырын жайлы әуен қойылады. Келешекте өзін қалай елестеткені жайлы айтып беру. VI. «Мен-күнмін» тренингі. Мақсаты: Оқушының өзіне сенімділігін арттыру. Сыныптың ынтымақтасын, бірігуін бақылау, ұлдар мен қыздар арасындағы достық, ұлдардың қыздарды қорғауы, сыйлауын байқау. VI. Қорытынды. Оқушыларға жүрек бейнесіндегі жапсырмалар ұсынылады әр оқушы бүгінгі тренингтен алған әсерін, ойын, тілегін жазу ұсынылады. | |
Просмотров: 6511 | |
Всего комментариев: 0 | |